• Мое избранное
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V Заңы

Редакция 17.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Осы Заң Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары және олардың мақсаты
1. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі – ішкі істер органдары) адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған құқық қорғау органы болып табылады.
2. Ішкі істер органдары өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметіне араласуға тыйым салынады.
2-бап. Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізі 
1. Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылатын қағидалардан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Ішкі істер органдары қызметінің қағидаттары
Ішкі істер органдарының қызметі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет қағидаттарына және құқық қорғау қызметінің арнаулы қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ, ҚҰЗЫРЕТІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
4-бап. Ішкі істер органдарының міндеттері 
1. Қазақстан халқына қызмет етуге тиісті ішкі істер органдары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мынадай міндеттерді жүзеге асырады:
1) құқық бұзушылықтар профилактикасы;
2) қоғамдық тәртіпті сақтау;
3) қылмыстылықпен күрес;
4) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын, сондай-ақ әкімшілік жазалауларды орындау;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 18.04.2017 жылғы № 58-VI Заңына сәйкес (30.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2017 жылы № 76 (28455) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ 5-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-тармақша алынып тасталды ҚР 29.06.2021 жылғы № 58-VII Заңы​​на сәйкес (01.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен ішкі істер органдарына өзге де міндеттер жүктеледі.
5-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттер шегінде:
1) құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;
2) қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;
3) жол жүрісіне және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3-тармақша өзгертілді ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) күзет қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзетуді жүзеге асырады;
7) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылайды;
7-тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР 13.05.2020 жылғы № 325-VІ Заңына сәйкес
8) азаматтық және халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
8-тармақша өзгертілді ҚР 30.12.2021 жылғы № 95-VII Заңымен (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-бап 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 16.04.2018 жылғы № 147-VІ ҚРЗ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2018 жылы № 73 (28702) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8-1-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2021 жылғы № 95-VII Заңымен (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-бап 8-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 16.04.2018 жылғы № 147-VІ ҚРЗ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2018 жылы № 73 (28702) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8-2-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2021 жылғы № 95-VII Заңымен (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-бап 8-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 16.04.2018 жылғы № 147-VІ ҚРЗ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2018 жылы № 73 (28702) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8-3-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2021 жылғы № 95-VII Заңымен (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді;
5-бап 8-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.05.2020 жылғы № 327- VІ Заңына сәйкес (өзгерту 25.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-5) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5-бап 8-5-тармақшамен толықтырылды ҚР 16.05.2024 жылғы № 82-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындауды, сондай-ақ Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;
10) лицензия және рұқсат беру қызметін жүзеге асырады;
11) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
12) қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуды және тексеруді жүзеге асырады;
13) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асырады;
13-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңымен (23.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
14) зерттеулерді жүзеге асырады;
15) іздестіруді жүзеге асырады;
16) есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;
17) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды жүзеге асырады;
18) қылмыстық-атқару қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, адамдарды ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұстауды жүзеге асырады;
19) мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
20) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
20-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-бап 20-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
20-1-тармақша алынып тасталды ҚР 29.06.2021 жылғы № 58-VII Заңы​​на сәйкес (01.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.