• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 09.01.2016 г

Отправить по почте

«Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 353 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 9 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2015 жылғы № 1086 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
1. «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысына   (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 50, 678-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары  (бұдан әрі - Қағидалар) осы қаулыға қосымшаға  сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы Қағидалардың алғашқы ресми жарияланған  күнінен бастап қолданысқа енгізілетін және 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 12-тармағын ,  15-тармағының екінші бөлігін ,  174-тармағын   және  177-тармағының екінші бөлігін  қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 14 сәуірдегі
№ 353 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 15 мамырдағы
№ 623 қаулысымен бекітілген
Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары 
Осы Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібін айқындайды.
Қағидалар мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асырудың ерекше және арнайы тәртіптеріне, сондай-ақ Заңда көзделген қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
1. Жалпы ережелер 
1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі - оператор) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын, акцияларының (қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) - электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік ақпараттық жүйе;
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелу (бұдан әрі - тіркелу) - мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектісінің веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуі;
4) веб-порталға қатысушы - (бұдан әрі - қатысушы) - тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, веб-порталда тіркеуден өткен әлеуетті өнім беруші;
5) веб-порталды пайдаланушы (бұдан әрі - пайдаланушы) - қатысушының лауазымды адамы не қатысушының өкілі;
6) веб-порталға қатысу - мемлекеттік сатып алу саласында электрондық қызметтер алу үшін қатысушының атынан пайдаланушының мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалануы;
7) жеке кабинет - пайдаланушының веб-порталдағы автоматтандырылған жұмыс орны;
8) электрондық құжат - өзіндегі ақпарат электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
9) шартты жеңілдік - Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес электрондық конкурстық құжаттамада айтылған өлшемдердің негізінде конкурстық комиссия ұсынатын әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысын шартты азайтудың пайыздық мәні;
10) құжаттың электрондық көшірмесі - өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететiн құжат;
11) веб-порталдағы уәкілетті өкіл - веб-порталға қатысушының пайдаланушысы, оған веб-порталға қатысушының бірінші басшысының тиісті шешімімен веб-порталдағы барлық іс-қимылдарды орындауға, оның ішінде құжаттардың электрондық көшірмелерін растауға құқықтар берілген;
12) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
13) электрондық шарт - электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған және веб-порталда жасалатын электрондық цифрлық нысандағы мемлекеттік сатып алу туралы шарт;  
14) веб-порталды пайдалану - мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алуда қатысу, сондай-ақ веб-порталда орналастырылған ақпаратты алу мақсатында Қатысушылар мен Пайдаланушылар веб-порталда орындайтын іс-қимыл.
2. Конкурс, баға ұсыныстарын сұрату, аукцион және бір көзден алу тәсілдерімен электрондық мемлекеттік сатып алу осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
3. Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану, сондай-ақ техникалық кідірістер туындаған жағдайдағы оның жұмысы уәкілетті орган белгілеген тәртіптеп жүзеге асырылады.
2. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібі Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының немесе онымен бір тұлғаны білдіретін   тапсырыс берушінің ұйымдастыруы және жүргізуі 
4. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының немесе онымен бір тұлғаны білдіретін тапсырыс берушінің ұйымдастыруы және жүргізуі мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:
1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші етіп ұйымдастырушыны және алдағы уақытта болатын мемлекеттік сатып алуда соңғысының мүдделерін білдіретін тапсырыс берушінің лауазымды адамын айқындау;
2) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің веб-портал арқылы веб-порталдың қатысушысы болып табылатын ұйымдастырушыға шақыру жіберуі;
3) тапсырыс берушінің конкурстық құжаттаманы бекітуі;
4) конкурстық құжаттаманы веб-порталда қалыптастыру және бекіту;
5) қажет болғанда ұйымдастырушы сараптау комиссия тобының құрамын құруы не сарапшыны айқындауы және тапсырыс берушінің бекітуі;
6) тапсырыс берушінің веб-порталда конкурстық комиссияны бекітуі және конкурстық комиссияның хатшысын айқындауы;
7) ұйымдастырушының веб-порталда конкурстық комиссияның құрамын қалыптастыруы және конкурстық комиссияның хатшысын айқындауы;
8) электрондық конкурс (бұдан әрі - конкурс) жүргізілетіні туралы веб-порталда хабарландыру жариялау;
9) веб-порталға қатысушы - әлеуетті өнім берушілердің веб-порталда оны алу фактісін автоматты түрде тіркей отырып, конкурстық құжаттаманы алуы;
10) осы Қағидалардың 49 және 50-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін веб-портал арқылы түсіндіру;
11) веб-порталда электрондық құжат нысанында берілетін конкурсқа қатысуға өтінімдерді автоматты түрде тіркеу;
12) өтінімдерді ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда жариялау;
13) біліктілік талаптарына, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді конкурстық комиссияның веб-портал арқылы қарауы;
14) конкурстық комиссияның веб-портал арқылы біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сай келмейтін әлеуетті өнім берушілер тізбесін олардың сай келмеу себептерін және жетіспейтін құжаттар туралы ақпаратты не әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сай келтіруге арналған мәліметтерді көрсете отырып айқындауы. Осы айқындаудың нәтижелерін жариялау веб-порталда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат берудің тиісті хаттамасында жүзеге асырылады;
15) әлеуетті өнім берушілердің электрондық құжат нысанында берген, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
16) конкурстық комиссияның веб-портал арқылы конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін және шартты жеңілдіктер мөлшерін айқындауы. Осы айқындаудың нәтижелерін жариялау веб-порталда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада жүзеге асырылады;
17) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілердің берген өтінімдерінде тауарлар, көрсетілетін қызметтердің ең үздік техникалық ерекшелігін (үздік техникалық ерекшеліктер) сарапшы не сараптау комиссиясының (оларды тартқан жағдайда) пікірін ескере отырып айқындауы. Бұл айқындаудың нәтижелерін жариялау конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы тисті хаттамада жүзеге асырылады;
18) конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын электрондық құжаттар нысанында веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
19) веб-порталда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде ашу, бағалау, салыстыру және жеңімпазды айқындау;