Реттелетін нарықтар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 13 ақпандағы № 31-НҚ және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 42/НҚ бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 7 сәуірде № 9300 тіркелді
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ :
1. Қоса беріліп отырған реттелетін нарық саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою жұмысы департаменті (А.Т. Жапсарбай):
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;
3) осы бірлескен бұйрық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін, оның Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) күнтізбелік он күннен кешіктірмей көшірмені қағаз және электрондық жеткізгіште «Әділет» Ақпараттық – құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы Р.Н. Ахметовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрі Табиғи монополияларды
реттеу агенттігінің төрағасы
_______________ Б. Жәмішев ______________ М. Оспанов
2014 жылғы 17 ақпан 2014 жылғы 13 ақпан
Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі
____________ Е. Досаев
2014 жылғы 4 наурыз
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
министрінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 42-НҚ
және Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі төрағасының
2014 жылғы 13 ақпандағы № 31-НҚ
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Реттелетін нарықтар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған орган ________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні, құқықтық статистика органында тіркелгені туралы мәлімет)
Тексеруді өткізу мерзімі ____________________________________________
Тексеру кезеңі ______________________________________________________
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
БСН (ЖСН) ___________________________________________________________
Орналасқан мекен жайы _______________________________________________
Тексерілетін субъект нарық субъектісі болып табылады және оған осы тексеру парағының 1-10 және ___ жолдарында көзделген талаптар қолданылады.
Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға:
____________________________________________ ________________________
(лауазымы) (қолы, А.Ә.Т.)
Тексерілетін субъектінің өкілі:
____________________________________________ ________________________
(лауазымы) (қолы, А.Ә.Т.)