• Мое избранное
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 23.08.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 23 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 13 наурызда № 9210 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 23 тамыздан бастап ҚР Энергетика министрінің м.а. 29.05.2015 жылғы № 380 Бұйрығына сәйкес
Редакция 30.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса берілген:
1) «Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи газды бастырмалатуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық) лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;
7) «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 145 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7954 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 28 қарашада № 778-784 (27855) жарияланды);
«Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнайгаз өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануға арналған лицензияларды беру, қайта ресімдеу, лицензиялар дубликаттарын беру» электрондық мемлекеттік қызметтің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 182 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8222 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 6 наурыздағы № 81 (28020) жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (Момышев Т.А.) мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мұнай және газ вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрі Ұ. Қарабалин
Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрінің
2014 жылғы 10 ақпандағы
№ 23 бұйрығына
1-қосымша
«Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану,  технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған  техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды  технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи  газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер 
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген «Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкiметтiң» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаты.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті  берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)  іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы 
4. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электронды тәсілмен жолданған өтініш пен қоса тіркелген құжаттардың (бұдан әрі – өтініш) бар болуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкерінің (бұдан әрі – орындаушы) көрсетілетін қызметті алушылардан портал арқылы түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті тіркеу;
Өтініш қағаз тасығышта түскен жағдайда орындаушымен портал арқылы барлық жолдарын толтырумен және қағаз тасығышта ұсынылған қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін жалғаумен тіркеу жүргізіледі;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының жауапты орындаушыны таңдау;
3) орындаушымен өтініште ұсынылған құжаттардың дұрыстығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізіміне сәйкестігін қарау;
4) ұсынылған құжаттар толық және дұрыс болған жағдайда: орындаушымен келісім беретін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетіне (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) өтінішті рұқсат жобасын қоса тіркеп (бұдан әрі – сұрату) дайындау;
5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының келісім беретін мемлекеттік органдарға жөнелтілетін сұратуға қол қою;
6) мемлекеттік органдардан оң жауап алынғанда тиісті шешім әзірленеді;
7) көрсетілетін қызметті беруші басшысының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесіне қол қою.
6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген сұрату;
2) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығы;
3) мемлекеттік органдарға сұратуды жолдау;
4) мемлекеттік органдардың жауаптарын талдау;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжаты.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға түсетін сұрату:
электрондық тәсілмен берген жағдайда нәтижесі электрондық құжат нысанында әзірленеді;
қағаз тәсілмен берген жағдайда нәтижесі электрондық құжат нысанында әзірленеді, басылып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен қол қойылады және мөрмен расталады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті  берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара  іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы 
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі: