Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгер i стер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысы
Редакция 07.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекiтiлсін.
2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.08.2017 жылғы № 529 Қаулысымен (28.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.03.2017 жылғы № 140 Қаулысымен (17.02.2017 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.06.2015 жылғы № 457 Қаулысымен (05.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.06.2015 жылы № 120 (28598) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 09.03.2022 жылғы № 114 Қаулысымен (16.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.03.2022 жылғы № 160 Қаулысымен (09.03.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. «Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 48, 437-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері мынадай лауазымдық құрамда тағайындалсын:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі.».
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 70-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықта:
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Комиссияның құрамы және қажет болған жағдайда ол туралы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
Бекітілген лауазымдық құрам негізінде комиссияның дербес құрамы хаттамалық шешіммен айқындалады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Комиссиялардың/жұмыс топтарының лауазымдық құрамына комиссияға/жұмыс тобына жүктелген міндеттерді шешу заңнамаға сәйкес құзыретіне кіретін министрліктердің, ведомстволар мен ұйымдардың өкілдері енгізіледі.
Жекелеген жағдайларда комиссиялардың/жұмыс топтарының құрамына өздерімен келісім бойынша ғылыми, үкiметтік емес және басқа да ұйымдардың өкiлдерi, ғалымдар, мамандар және өзге де адамдар енгiзiлуi мүмкiн.
Комиссиялардың/жұмыс топтарының мүшелері олардың қызметіне ауыстыру құқығынсыз қатысады.»;
«Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.»;
17-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Комиссияның/жұмыс тобының отырыстары өткізілгеннен кейін комиссияның/жұмыс тобының хатшысы хаттама ресімдейді.»;
18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Егер Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешiмiнде өзгеше белгiленбесе, жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді оны құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган жүзеге асырады, ол жұмыс тобы отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындап, жұмыс тобының отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса жұмыс тобының мүшелеріне жібереді.
19. Комиссияның/жұмыс тобының шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оған комиссия/жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссияның/жұмыс тобының отырысында осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға/жетекшi дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия/жұмыс тобы мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, олай болған жағдайда, ол жазбаша түрде баяндалуы және осы Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның/жұмыс тобының есеп-хатына қоса тіркелуі тиіс.
Комиссияның/жұмыс тобының отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссияның/жұмыс тобының хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссияның/жұмыс тобының мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссиялардың/жұмыс топтарының мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.»;
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
«19-1. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссиялардың/жұмыс топтарының материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы/жұмыс тобын құруға бастама жасаған мемлекеттік орган жүзеге асырады.»;
осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілген Нұсқаулыққа қосымшамен толықтырылсын.
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.09.2017 жылғы № 560 Қаулысымен (08.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)
9. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 08.06.2017 жылғы № 353 Қаулысымен (18.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)
10. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 08.09.2017 жылғы № 552 Қаулысымен (31.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)