"Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 002 "Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу" бюджеттік бағдарламасының 2014 жылға бөлінетін қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 89 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 10 сәуірде № 9304 тіркелді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 454, 462, және 468-тармақтарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесінің 26-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН :
1. «Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 002 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының 2014 жылға бөлінетін қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9208 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 002 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының 2014 жылға бөлінетін қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 4, 5, 6, 7-жолдармен толықтырылсын:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
2. Инвестициялық саясат департаменті (Тұмабаев Қ.М.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.