Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 қаулысы
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) «Дара кәсіпкерді, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
2) «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
3) «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
4) «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
5) «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
6) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
7) «Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
8) «Дара кәсіпкерлерге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
9) «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
10) «Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
11) «Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
12) «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сатуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
13) «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
14) «Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірмелер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
15) «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
16) «Салық резиденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
17) «Алкоголь өніміне (шарап материалы мен сыраны қоспағанда) есепке алу-бақылау таңбаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
18) «Темекі өнімдеріне акциздік таңбалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
19) «Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
20) «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
21) «Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
22) «Салық есептілігін қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
23) «Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
24) «Салық есептілігін кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
25) «Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
26) «Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
27) «Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
28) «Салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
29) «Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
30) «Кеден одағы шеңберінде тауарлардың экспорты (импорты) кезінде салық нысандарын қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
31) «Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
32) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 наурыздағы
№ 200 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
«Дара кәсіпкерді, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Дара кәсіпкерді, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы салық басқармалары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші тарапынан ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары арқылы;
Toggle Dropdown
2) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Toggle Dropdown
1) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу куәлігін (бұдан әрі – ДК куәлігі) бере отырып, дара кәсіпкер (бұдан әрі – ДК) ретінде көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу есебіне қою – көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде;