• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БАСШЫЛЫҚ ҚҰЖАТТАР ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 2000 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

ҚР ҚБҚ 1.04-15-2004 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БАСШЫЛЫҚ ҚҰЖАТТАР ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ПРАВИЛА ТЕХНИЧЕСКОГО НАДЗОРА ЗА СОСТОЯНИЕМ ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ Енгізілген күні 2004.07.01

КIРIСПЕ
1 ЖАСАЛҒАН: Қарағанды мемлекеттiк техникалық университетi (ҚарМТУ) жанындағы Қазақстандық көпсалалы Қайта құру және даму институтымен (ҚазКҚДИ) «Қазкоммунжоба» институты» ЖШС-iмен, (орындаушылар: Ж. С. Нұғужинов, – жұмыс жетекшісі, А. Г. Тұрмағамбетов, М. Р. Нұрғужин, С. К. Абильдин,  Т. М. Бахтиозина, П. А. Кропачев, А. И. Максимов).  
2 АУДАРЫЛҒАН: «Геотехстройинновация» ЖШС-імен.
3 ӘЗIРЛЕНГЕН: «KAZGOR» Жобалау академиясымен мемлекеттік тілге аударылуына байланысты қайта басуға.
4 ҰСЫНЫЛҒАН: Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің (ҚР ИСМ) Құрылыс істері жөніндегі Комитетінің Құрылыстағы техникалық нормалау және жаңа технологиялар басқармасымен.
5 ҚАБЫЛДАНҒАН ЖӘНЕ 
ҚОЛДАНЫСҚА ҚР ИСМ Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2004 жылдың 26 мамырындағы № 251  
ЕНГIЗIЛГЕН МЕРЗIМI: бұйрығымен 2004 жылдың 1 қыркүйегінен бастап.
6 Осы ҚР ҚБҚ Қазақстан Республикасы аумағында ҚР ИСМ Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 05.02.2003 ж. № 42 бұйрығымен 01.07.2004 жылдан бастап қолданысқа енгiзiлген «Ғимараттар мен имараттардың жағдайын техникалық қадағалау ережелері» ҚР ҚБҚ 1.04-15-2004-тің теңтүпнұсқалық мәтiні және мемлекеттік тілдегі аудармасы болып табылады.
7 ЕНГІЗІЛГЕН: Алғаш рет.
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Осы Ережелер ғимараттар мен имараттардың жағдайын техникалық қадағалау ережесі ғимараттар мен имараттардың жағдайына, олардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында, техникалық қадағалауды ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
Ережелер Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын тұрғын үй қорын, азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен имараттарды, өндірістік ғимараттар мен имараттарды пайдалану жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес талаптармен әзірленді.
Ережелер бар ғимараттар мен имараттардың жағдайын техникалық қадағалау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың, (соның ішінде шетелдік), сонымен бірге тапсырыс берушінің қызметін атқарушы ұйымның қолдануына арналған.
1.2 Ережелер бар ғимараттар мен имараттардың жағдайына барлық құрылыс құрылымдарымен, санитарлық-техникалық құрылғыларымен бірге техникалық қадағалауды, сонымен қатар су құбырын енгізу мен канализациялық шығарылымдарды, ғимаратқа тікелей жақын аумақты жобалауды, сондай-ақ зауыт ішіндегі кіріс темір жолдардың және автомобиль жолдарының, түрлі эстакадалардың, платформалардың, ашық қоймаларды және басқа да имараттардың жағдайын техникалық қадағалауды қарастырады.
1.3 Қазақстан Республикасы теміржолдарының жалпы торабына кіретін жалпы пайдаланылатын теміржолдарды және кіріс жолдарды, жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарын және оларға арналған имараттарды, көпірлерді, электрлік беріліс желілерін және байланыс ғимаратын, теңіз және өзен порты және кеме жүзетін имараттарды, қалалық су құбырлық-канализациялық имараттардың жылумен қамтамасыз ету және газбен қамтамасыз ету тораптары мен имараттарын пайдалану кезінде олардың жағдайына қарау үшін техникалық қадағалаудың салалық ережелерін басшылыққа алу керек.
1.4 Терминдер мен олардың анықтамалары 1-қосымшада келтірілген.
2 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ
  МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1 Ғимараттар мен имараттар пайдалану процесінде инженерлік-техникалық қызметкерлердің - техникалық қадағалау қызметінің тұрақты бақылауында болуға тиіс.
2.2 Техникалық қадағалау қызметінің негізгі мақсаты еңбек пен мекендеп тұрудың қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету үшін ғимарат пен имаратты техникалық пайдалану талаптарының орындалуына бақылау болып табылады.
2.3 Техникалық қадағалау қызметтерінің негізгі міндеттері:
- ғимарат пен имараттың тиісті техникалық жағдайын ағымдық және күрделі жөндеулер жүргізу арқылы сақтауды қамтамасыз ету;
- ғимарат пен имараттың пайдалану сапасын сақтауға бағытталған шараларды жүзеге асыруды орындауды ұйымдастыру мен бақылау.
2.4 Кәсіпорын немесе ұйымның құрылымына қарай техникалық қадағалау қызметінің міндеттерін атқарады: ғимарат пен имаратты пайдалану және жөндеу бөлімі немесе күрделі құрылыс бөлімі, құрылыс бөлімі, құрылыс тобы, сондай-ақ тиісті пайдалану қызметтері; бас энергетик бөлімі, көлік бөлімі және басқалар.  
Ғимараттар мен имараттардың құрылыс құрылымдарының жағдайына, күтімі мен жөндеуіне техникалық қадағалау жасайтын қызметтің құрылымы мен саны олар қызмет көрсететін объектілердің ауданына байланысты 2-қосымшаға сәйкес анықталады.
3 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ БӨЛІМШЕСІ МЕН ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ, ЖАУАПКЕРШІЛІГІ, ҚЫЗМЕТІ
3.1 Техникалық қадағалау қызметі өз қызметін осы ережелерге және техникалық қадағалау бойынша басқа нормативтік-техникалық құжаттамаға (салалықты қоса алғанда) сәйкес, сондай-ақ ұйым бойынша оларды дамытуға шығарылған бұйрықтар мен өкімдерге сәйкес жүзеге асырады.
3.2 Пайдалануға енгізілген өндірістік ғимараттар мен имараттардың жөндеулі қалпына техникалық қадағалауды кәсіпорынның техникалық бөлімінің жанынан құрылған техникалық қадағалау қызметі жүзеге асырады, ол салынып жатқанын  күрделі құрылыс басқармасында (бөлімінде).
3.3 Бар тұрғын, азаматтық ғимараттардің жағдайына техникалық қадағалауды пайдалану ұйым (жекеменшік пәтер иелері кооперативі, ұйымның шаруашылық бөлімі жүзеге асырады).
3.4 Қауіпті өндіріс ғимараттарына, имараттарына техникалық қадағалауды уәкілетті орган (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігімен) жүзеге асырады.
3.5 Ғимараттар мен имараттардың жағдайына техникалық қадағалау мен бақылауға қатысушылардың: тапсырыс берушілердің, пайдаланушы ұйымның және уәкілетті органның арасындағы өзара әрекет (іс-қимыл) тәртібі, сондай-ақ тораптардың бір-бірімен қарым-қатынасындағы құқықтары мен міндеттері қолданыстағы заңдармен, нормативтік құжаттар талаптарымен, келісімшарттық қатынастармен анықталады.
3.6 Техникалық қадағалау қызметі құқықты:
- объектілердің техникалық жағдайын бақылауды жүзеге асыруға және оны тексеру мен бағалауға қатысуға;
- ғимарат және имараттың күрделі жөндеуін жүргізу үшін жобалау сметалық құжаттаманы және басқа техникалық құжаттаманы бақылауды жүзеге асыруға және қарауға қатысуға;
- күрделі жөндеу жүргізілген соң ғимарат пен имаратты пайдалануға қабылдауға қатысуға;
- бақылауды жүзеге асыруға және жасырын жұмыстарға, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамада ескерілмеген жұмыстарға акті ресімдеуге қатысуға;
- цех, учаскелер бастықтарына және қарамағында ғимарат, имараттар немесе жекелеген бөлмелер бар басқа жауапты тұлғаларға құрылыс құрылымдарын, ғимараттар мен имараттардың инженерлік тораптарын пайдалану мен күтіп ұстау бойынша нұсқаулар беруге;
- техникалық қадағалау қызметі қызметкерлерінің нұсқамасы міндетті болып табылады және ғимараттарды күту мен пайдалануға жауапты тұлғалар мен техникалық кеңес жүргізбестен (бас) немесе техникалық әкімшілік директоры бұза алмайды;
- директордың және пайдалануға жауапты өзге тұлғалардың назарына комиссияның қорытындысы бойынша апатты жағдайдағы ғимараттар мен имараттарды пайдалануды тоқтату қажеттілігі туралы ақпаратты жазбаша түрде жеткізуге;
- жоғарыда көрсетілген объектілердің техникалық жағдайы мәселелерін қарау кезінде кәсіпорынды немесе ұйымды таныстыруға  
- ұйым басшылығына техникалық жағдайына қарай объектілер бойынша күрделі жөндеу қаражатын бөлу жөнінде ұсыныстар беруге.
- осы ережелерге сәйкес цехтар, бөлімдер, учаскелер үшін нұсқаулар әзірлеуге, ғимараттар мен имараттардың құрылыс құрылымдарын, жабдықтарын, пайдалану ережелері бойынша, бұдан басқа, көрсетілген нұсқаулармен ғимараттар мен имараттарды тексеру жүйесі регламенттелуге, сондай-ақ жекелеген құрылымдар мен инженерлік жабдықтарды күту ережелері анықталуы тиіс.
3.7 Техникалық қадағалау қызметінің мамандары уақытында анықталмаған мынадай кемшіліктер үшін жауап береді:
- ғимараттар мен имараттардың құрылыс құрылымдарының техникалық жағдайы;
- ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеуі сапасыз жүргізілуі;
- орындалған жұмыстардың жасырын жұмыстарға жасалған актілерінде қате көрсетілуі;
Техникалық қадағалау қызметінің мамандары жіберілген қателіктер және олардың салдары үшін Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті көтерді.
4 ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
4.1 Құрылыс құрылымдарының, ауыр жүк көтеретін крандардың металл құрылымдарының, ғимараттар мен имараттардың инженерлік жабдықтарының жағдайына техникалық  қадағалауына жатады: