• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Құрылыс объектілерін, құрылыс индустриясы кӘсіпорындарын жӘне құрылыс материалдарын радиациялық бақылау туралы ереже
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 2000 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

ҚР ҚН 2.04-11-2001 ҚҰРЫЛЫСТЫҢ НОРМАЛАРЫ Құрылыс объектілерін, құрылыс индустриясы кӘсіпорындарын жӘне құрылыс материалдарын радиациялық бақылау туралы ЕРЕЖЕ ПОЛОЖЕНИЕ О РАДИАЦИОННОМ КОНТРОЛЕ НА ОБЪЕКТАХ СТРОИТЕЛЬСТВА, ПРЕДПРИЯТИЯХ СТРОЙИНДУСТРИИ И СТРОИМАТЕРИАЛОВ

Енгізілген күні - 01.03.2002 ж.
КIРIСПЕ
1. ЖАСАҒАН: “Азаматтықтұрғынжоба” жобалау-өндірістік бюросы.
2. КЕЛІСІЛГЕН: ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігімен, Қазқұрылыскомитетімен, ҚР Атомдық энергия жөніндегі комитетімен, ҚР Табиғи  ресурстар және қоршаған табиғи ортаны қорғау министрлігімен, ҚР Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің  республикалық СЭС-імен, Мемсараптамамен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен.
3. ӘЗIРЛЕГЕН:  “KAZGOR” Жобалау академиясы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің қайта өңделіп, жасалуына және мемлекеттік тілге аударылуына байланысты әзірледі.
4. ҰСЫНҒАН: Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің (ҚР ЭжСМ) Құрылыс істері жөніндегі комитетінің Техникалық нормалау және жаңа технологиялар басқармасы.  
5. ҚАБЫЛДАНҒАН ЖӘНЕ ҚР ЭжСМ Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2002 жылғы 28 ақпандағы
IСКЕ ЕНГIЗIЛГЕН МЕРЗIМI: № 44 бұйрығымен 2002 жылдың 1 наурызынан бастап енгізілді.
6. Осы ҚР ҚН Қазақстан Республикасының аумағында ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі  комитетінің 05.09.2000 ж. № 180 бұйрығымен 01.01.2001 жылдан бастап іске енгізілген орыс тіліндегі «Құрылыс объектілерін, құрылыс  индустриясы кәсіпорындарын және құрылыс материалдарын радиациялық бақылау туралы ереже» ҚР ҚН В.1.1-11-99-дың теңтүпнұсқалық мәтіні және мемлекеттік тілдегі аудармасы болып табылады.  
7. ОРНЫНА: ҚР ҚН В.1.1-11-99.
 1. КІРІСПЕ
1.1. Осы  құрылыс нормалары құрылыстағы радиациялық параметрлердің рұқсатты деңгейлерін және радиологиялық зерттеулер мен бақылаудың қауіпсіз және апатсыз орындалу тәртібін тағайындайды. Радиациялық параметрлер ретінде құрылыс материалдарындағы табиғи радионуклидтердің үлестік тиімді белсенділігі (Аэфф ), бөлмелердегі сыртқы гамма-сәулеленудің таныстырмалық мөлшерінің қуаты - ЭДҚ, бөлме ауасындағы радонның жылдық орташа баламалы тепе-теңдіктік көлемдік белсенділігі - БТКБ алынады.
1.2. Осы нормативтерді сақтау Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттар мен имараттарды жобалауға, құрылысын салуға, қайта қалпына келтіруге және пайдалануға қатысатын, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын шығаратын, құрылыс салуды бақылайтын және өнім шығаруды іске асыратын барлық ұйымдар мен мекемелер үшін міндетті. Осы мақсаттар үшін құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын шығаратын, құрылыс объектілерінде бақылауды іске асыратын ұйымдар мен мекемелер радиациялық бақылаудың ведомстволық зертханаларын құрады.
1.3. Ведомстволық және ведомстволықтан тыс бақылау нәтижелерінің бірегейлігі мен салыстырмалығын қамтамасыз ету мақсатымен радиациялық бақылаудың ведомстволық зертханалары лицензиялаудан өтуі керек, тағайындалған тәртіппен тау-кен техникалық қадағалаудың қортындысын алады және радиациялық байқау-тексеру жүргізуге сәйкес түрде ҚР ТЖ жөніндегі мемқадағалау агенттігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі, техникалық және тау-кен қадағалауы департаментінен және ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Атомдық энергия жөніндегі комитетінен лицензия алады, сондай-ақ ҚР Мемстандартынан оны аккредиттеу туралы куәлік алады.
1.4. ҚР ҚН осы 2.04-11-2001-де баяндалған нормаларды бұзу тәртіптік немесе әкімшіліктік жауапкершілікке әкеп соқтырады, ал ең өрескел бұзушылық үшін - Қазақстан Республикасының ҚК бойыша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
2. ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНДАҒЫ ТАБИҒИ РАДИОНУКЛИДТЕРДІҢ
  ҮЛЕСТІК ТИІМДІ БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ (Аэфф ) РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН
  ДЕҢГЕЙЛЕРІ
2.1. Құрылыс материалдарының радиоактивтігінің рұқсат етілетін және бақыланатын деңгейі ретінде үлестік тиімді белсенділік (АЭФФ ) алынады, ол мына формула бойынша есептелінеді:
Аэфф  = ARa +1,3АTh +0,09 АK ;
мұнда, АRa  мен АTh  уран және торий топтамаларының басқа мүшелерімен тепе-теңдікте тұратын радийдің-226, торийдің-232 - сәйкесті үлестік белсенділіктері, 40 - АК  - калийдің үлестік белсенділігі. Көрсетілген үш радионуклидтің әрқайсысының үлестік тиімді белсенділігінің шамасы беккерельдің килограммға (Бк/кг) бірлігімен анықталады.
2.2. Құрылыс материалдарындағы табиғи радионуклидтердің (радий-226, торий-232, калий-40) үлестік тиімді белсенділіктері келесідей рұқсат етілетін сандық мәндермен беріледі.
2.2.1. Құрылыстың барлық түрлері үшін, соның ішінде ірі панельді және қаңқалы ғимараттарда, шектеусіз (I-класс) пайдаланылатын құрылыс материалдарындағы табиғи радионуклидтердің үлестік тиімді белсенділігі 370 Бк/кг-нан аспауы тиіс.  
2.2.2. Табиғи радионуклидтердің үлестік тиімді белсенділігі 370 Бк/кг-нан асатын, бірақ 740 Бк/кг-нан (II-класс) кіші немесе оған тең  құрылыс материалдары, елді мекендер мен болашақта құрылыс салынатын аймақтарының шегінде жол құрылысын және өнеркәсіптік құрылысты салғанда пайдаланылуы мүмкін.
2.2.3. Табиғи радионуклидтердің үлестік тиімді белсенділігі 740 Бк/кг-нан асатын, бірақ 1500 Бк/кг-нан кем немесе оған тең (III-класс) құрылыс материалдары елді мекендерден тыс жерлерде жол құрылысында - жолдар, бөгеттер негізі үшін пайдаланылуы мүмкін. Елді мекендер шектерінде – адамдардың ұзақ уақыт ішінде тұруына болмайтын, қалыңдығы 0,5 м-ден асатын топырақ қабатымен жабылған жер асты имараттарын салу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Егер үлестік тиімді белсенділік шамасы 1500 Бк/кг-нан артса, бірақ 4000 Бк/кг-нан кіші болса, осындай материалдарды пайдаланудың мүмкін болатын саласы туралы мәселе әрбір жағдайда жекелеген түрде Қазақстан Республикасы санэпидқадағалауының республикалық органдарымен келісіліп шешіледі.
 Үлестік тиімді белсенділігі 4000 Бк/кг-нан асатын материалдар құрылыста пайдаланылмауға тиіс
3. ЕЛДІ МЕКЕНДЕР АУМАҒЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ӘР ТҮРЛІ ҚОҒАМДЫҚ
  МАҚСАТТАҒЫ ҒИМАРАТТАРДЫ САЛУҒА АЛАҢШАЛАР ТАҢДАЛАТЫН
  АУМАҚТАРДАҒЫ ТАБИҒИ РАДИАЦИЯЛЫҚ АЯНЫҢ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН
  ДЕҢГЕЙЛЕРІ
3.1. Жердің табиғи радиациялық аясының рұқсат етілетін және бақыланатын деңгейі ретінде сыртқы гамма-сәулеленудің тиімді мөлшер қуаты  (ТМҚ) тағайындалады.
3.2. Тұрғын үйлік-тұрмыстық құрылыс салуға бөлінетін аумақтар бөлімшелерінде, ТМҚ 0,2 мкЗв/сағ-тан (22 мкР/сағ) аспауы тиіс.
4. БӨЛМЕЛЕРДЕГІ СЫРТҚЫ ГАММА-СӘУЛЕЛЕНУДІҢ ТАНЫСТЫРМАЛЫҚ МӨЛШЕР ҚУАТЫНЫҢ (ТМҚ) РҰҚСАТ ЕТІЛЕТІН ДЕҢГЕЙЛЕРІ
4.1. Адамдар тұрақты болатын жобаланатын, салынатын және қайта құрылымдалатын ғимараттар мен имараттардың бөлмелерінің ішіндегі ТМҚ аумақтың аясы үстінде 0,2 мк3в/сағ. (22 мкр/сағ) артпауы тиіс.
4.2. Егер адамдардың тұрақты болатын, пайдаланылатын ғимараттар мен имараттардың бөлмелерінің ішінде ТМҚ аялық мәндерден 22 мкР/сағ-тан асатын болса, оларда міндетті түрде радиацияға қарсы шараларды жүргізу керек.
5. БӨЛМЕЛЕР АУАСЫНДАҒЫ РАДОННЫҢ ОРТАША ЖЫЛДЫҚ БАЛАМАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК КӨЛЕМДІК БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ (БТКБ) РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДЕҢГЕЙЛЕРІ
5.1. Адамдардың ұзақ мерзімде тұрақты болатын тұрғын  және қоғамдық ғимараттарды жобалағанда, бөлме ауасындағы радон мен торонның еншілес өнімдерінің орташа жылдық баламалық тепе-теңдіктік көлемдік белсенділігі БТКБR n +4,6 БТКБТ n  100 Бк/м3 -тан аспайтындай болуын қарастырған жөн. Өнеркәсіптік объектілер үшін тыныс алу аймағы ауасындағы радонның және торонның БТКБ-і мынадан  аспауы тиіс:  
БТКБR n  - 310 Бк/м3 
БТКБТ n  - 68 Бк/м3 
5.2. Егер іске пайдаланылатын ғимараттар мен имараттардың ұзақ мерзім тұрақты адамдар болатын бөлмелері ауасында родонның РЭКБ-сі 200 Бк/м3  құраса немесе одан асатын болса, оларда радон әсеріне қарсы стандартты шаралар кешенін өткізу ұсынылады.
5.3. Барлық мүмкін шаралармен радонның БТКБ-ін 400 Бк/м3 -тан төмендету  мүмкін болмаған жағдайда бөлменің мақсатын өзгерту қажет.
6. РАДИАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ЖҮРГІЗІЛУ ТӘРТІБІ
6.1. Құрылыстық шикізат пен материалдарды бақылау.
6.1.1. Құрылыстық шикізат немесе материалдарды (қиыршықтас, құм, ЖЭС күлі мен қождары, өнеркәсіптің қалдықтары мен жанама өнімдері) дайындайтын және жіберетін әрбір кәсіпорын, олардың радиациялық қауіптілігіне бағалауын жүргізуі тиіс (немесе құрылыс материалдарының радиациялық қауіптілігінің тобы көрсетілген жыл сайын жаңаланып тұратын сәйкестік сертификаты болуы тиіс).
6.1.2. Құрылыс материалдарының үлестік тиімді белсенділігі мен радиациялық қауіптілік тобы гамма-спектрметрлік аппаратура көмегімен өндірістік зертханада анықталады. Жүргізілген өлшеулер нәтижелері бойынша өндірістік зертхана анықтама береді (тіркеме қағазда белгі соғады), онда сәйкестік сертификатында көрсетілген құрылыс материалдарының радиациялық қауіптілігінің тобы расталады.
6.1.3. Құрылыстық шикізат немесе материалын ведомстводан тыс (мемлекеттік санитарлық) бақылауды, аймақтың барлық құрылыстық шикізат пен материалдарын жеткізіп тұрушы кәсіпорындардағы аумақтық санитарлы-эпидемиологиялық станцияның радиологиялық бөлімі (тобы, зертханасы) іріктеулі түрде орындайды.
6.2. Құрылыс объектілерін бақылау.
6.2.1. Гамма-сәулеленудің ТМҚ-ын бақылау
6.2.1.1. Гамма-сәулеленудің таныстырмалық мөлшер қуаты, жабық есіктер мен әйнектелген терезелерде әрлеу жұмыстары аяқталғанға дейін іске пайдалануға берілетін ғимараттың әрбір бөлмесінде өлшенеді.
6.2.1.2. Өлшеулер, радиациялық бақылаудың ведомстволық зертханаларының қызметкерлерімен сезімталдық табалдырығы 10 мкР/сағаттан жоғары емес және тіркеу тиімділігінің сәулелену энергиясына тәуелділігінің максималь деңгейі 30 кэВ-тан 3 МэВ-ке дейінгі энергия аралығында 30%-тен аспайтын ұсынылған аспаптарды пайдаланумен орындалады.  
Сыртқы гамма-сәулеленудің мөлшер қуатын өлшеу үшін газ разрядты санауыштардағы (ДРГ-01Т, ДРГ-107Ц және басқалары) радиометрлер пайдаланылады. Табиғи радиациялық аяның деңгейін бағдарлық бағалау үшін, газ разрядты санауыштардағы мөлшерлердің салыстырмалы көрсетулері бойынша тағайындалатын, 0,6 -0,8 қайта санау коэффициенті бар СРП 68-01, СРП-88Н типті радиометрлер пайдаланылады. Құралдар міндетті түрде мемлекеттік тексеруден немесе метрологиялық аттестациядан өткізіледі.
6.2.1.3. Бөлмеде рұқсат етілетін деңгейден асатын гамма-сәулеленудің мөлшер қуаты анықталғанда, бөлмені пайдалану туралы шешім, радиациялық бақылаудың ведомстволық зертханасы аумақтық СЭҚ-мен бірге қосымша зерттеулер жүргізгеннен кейін қабылданады.
6.2.1.4. Пайдалануға берілетін ғимараттардағы гамма-сәулелену мөлшер қуатын ведомстволықтан тыс бақылау аумақтық СЭҚ-мен іріктеулі түрде орындалады.
6.2.2. Радонның БТКБ-гін бақылау.