• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2018 г
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 2000 тг/год

Отправить по почте

ҚР ҚН 1.01-01-2011 ҚР сәулет, қалақұрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесі СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК НОРМАТИВТЕР Негізгі ережелер

2 Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігінің Ғылыми-техникалық саясат және нормалау департаменті ЕНГІЗГЕН
3 Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық  
Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс саласындағы ҚОЛДАНУ ҮШІН
Мемлекеттік нормативтердің құрылымы бойынша ҚР ҚН 1.01 кешеніне кіреді  ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН
Мемлекеттік нормативтің бұл басылымы ресми басылым болып табылмайды және қолданыстағы нормативтік құжаттарды рәсімдеу және шығару тәжірибесін пайдаланып дайындалған. Мәтін әзірлеуші редакциясымен ресми түрде басылған мемлекеттік нормативке сәйкес. Құжаттың мазмұны мен қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің ережелеріне сәйкессіздігіне баспа жауапты емес.
2010-2014 жылдары Қазақстан Республикасының құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін  реформалау концепциясына сәйкес Қазақстан Республикасында құрылыстың тұрақты биік мәдениетін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау - реформаның стратегиялық мақсаты болып табылады.  
Техникалық реттеу аумағында құрылыс заңнамалары мен нормативтік-техникалық құжаттарды экономикасы дамыған елдерде қолданылатын шетелдік құжаттарға ұқсастыру – реформаға негізгі талап болып табылады.  
Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін заңды реттеу негіздеріне, заңнама мен өтпелі кезеңде Қазақстанда әрекеттегі басқару құрылымына, сондай-ақ халықаралық нормативті құқықтық актілерге, нормативтік-техникалық құжаттарға және өзге де міндетті және кепілдемелік талаптарға, шарттар мен шектеулерге сәйкес жетілдірілуі қажет.
Мемлекеттік нормативтердің негізгі бағыты – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру кезінде мекендейтін және тіршілік ететін қолайлы да экологиялық қауіпсіз ортаны құруда азаматтар мен қоғамның заңмен қорғалатын сұраныстарын қамтамасыз ету, жобалық және құрылыс өнімдерін тұтынушылардың құқығын қорғау, құрылыстың сенімділігі мен қауіпсіздігін, салынған объектіні пайдалануға берген кезде тұрақты функционерлеуін қамтамасыз ету.  
Осы құрылыс нормасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың құрылыстағы нeгізгi мақсаттарын, қағидаттары мен жалпы құрылымын, нормативтік құжаттар мен олардың мазмұнына, құрылымына, мазмұндалуына және тіркелуіне, өңдеу, қабылдау мен қолдану мақсатына қойылатын талаптарды аньқтайды, сонымен қатар бекітілген иерархиясы және құрылыстағы жалпы техникалық реттеу мен техникалық реттеу органдарының өкілдігін тейтін есебі бар мемлекеттік нормативтердің классификациясын құрайды.
Осы нормативтің ережелері Қазақстан Республикасының аймағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі барлық субъектілерге, оның ішінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік нормативтік құжаттарды өңдеу мен қолдануды жүзеге асыратын басқару, сәйкестілікті бағалау, бақылау және қадағалау органдарына, меншіктің ұйымдастыру-құқықтық нысаны мен бағыныштылығына қарамастан міндетті негізде қолданылуға жатады.
Мемлекеттік нормативтерді қолдануға қатысты талаптар осы мемлекеттік нормативтің 9 бөлімінде бекітілген.
Осы мемлекеттік нормативті қолдану үшін келесі сілтемелік нормативті құжаттар қажет:
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16-шілдедегі № 242 Заңы.
«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылдың 24 наурызындағы № 213-І Қазақстан Республикасының Заңы.
«Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті // ҚР Үкіметінің 2010 жылы 17 қарашадағы № 1202 Қаулысымен бекітілген.
ҚР ҚБҚ 1.01-01-2011 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі.
ҚР ҚБҚ 1.01-02-2001 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді тіркеу тәртібі, оларды шығару және тарату тәртібі.
ҚР СТ 1.0-2006 Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Heгiзri ережелер.
ҚР СТ 1.1-2005 Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Терминдер мен анықтамалар.
ҚР СТ 1.2-2008 Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Мемлекеттік стандарттарды және ұйым стандарттарын әзірлеу тәртібі.
ҚР СТ 1.5-2008 Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Стандарттардың құрылуына, жазылуына, рәсімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар.
ҚР СТ 1.9-2007 (ISO/IEC Guide 21-1:2005, MOD, ISO/IEC Guide 21-2:2005, MOD) Қазақстан Республикасында халықаралық, өңірлік және шетелдік мемлекеттердің ұлттық стандарттарын, стандарттау жөніндегі басқа нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі.
ҚР СТ 1.23-2001 - Қазақстан Республикасында мемлекетаралық стандарттарды әзірлеудің, сәйкестендірудің, қабылдаудың, қолданудың, жаңартудың және қолданыстан алып тастаудың тәртібі.
МемСТ 1.5-2001 - Стандарттаудың мемлекетаралық жүйесі. Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі мемлекетаралық стандарттар, ережелер және ұсынымдар. Құрылуға, баяндауға, ресімдеуге, мазмұнына және белгілеуге қойылатын жалпы талаптар.
ИСО/МЭК Басшылық 2:2004 Стандарттау мен қызметтің аралас түрлерінің саласындағы жалпы терминдер және анықтамалар.
МҚН 10-01-2011 Құрылыстағы мемлекетаралық нормативтік құжаттардың жүйесі. Heгізгі ережелер. (ҚР аумағында бекітілуі тиіс).
ЕСКЕРТПЕ Осы құрылыс нормаларын пайдалану кезінде сілтемелік құжаттардың ағымдағы жылғы ахуалы бойынша жыл сайын құрастырылатын және ағымдағы жылда жарияланған көрсеткіштерге ақпараттық «Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттар тізбесінің », «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының көрсеткішінің» және «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттарының көрсеткішінің» сәйкестігін тексеру мақсатқа сай болады. Егер сітемелік құжат ауыстырылған (өзгертілген) болса, осы нормативті пайдалану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу қажет. Егер сілтемелік құжат ауыстырылмай, алынып тасталған болса, онда оған сілтеме жасалған ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады.
Осы құрылыс нормасында А қосымшасында, ҚР 1.1. СТ мен басқа да халықаралық және мемлекетаралық нормативті құжаттарда берілген тиісті анықтамалары бар терминдер қолданылады.