• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
ҚР ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУІ АЯҚТАЛҒАН ТҰРҒЫН, ҚОҒАМДЫҚ ҒИМАРАТТАРДЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ОБЪЕКТІЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАУ
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 2000 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

ҚР ҚН 1.04-03-2002 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер ҚР ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУІ АЯҚТАЛҒАН ТҰРҒЫН, ҚОҒАМДЫҚ ҒИМАРАТТАРДЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ОБЪЕКТІЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАУ ПРИЕМКА В ЭКСПЛУАТАЦИЮ ЗАКОНЧЕННЫХ КАПИТАЛЬНЫМ РЕМОНТОМ ЖИЛЫХ, ОБЩЕСТВЕННЫХ ЗДАНИЙ И ОБЪЕКТОВ КОММУНАЛЬНОГО НАЗНАЧЕНИЯ Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті ҚР ҚН 1.04-03-2002 АЛҒЫ СӨЗ

1 ЖАСАҒАН «Қазкоммунжоба» институты» ЖШС  
2 АУДАРҒАН  «KAZGOR» Жобалау академиясы ЖШС
3 ҰСЫНҒАН Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің (ҚР ИСМ) Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) істері комитетінің Техникалық нормалау және құрылыс индустриясын дамыту басқармасы
4 ҚАБЫЛДАНҒАН ЖӘНЕ  ҚР ИСМ Құрылыс және ТКШ істері комитетінің  
ҚОЛДАНЫСҚА 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 бұйрығымен  
ЕНГIЗIЛГЕН МЕРЗIМI 2007 жылдың 1 маусымынан бастап.
5 ОРНЫНА ВҚН 42-85 (р)
6 Осы құрылыс нормалары ҚР аумағында ҚР ИСМ Құрылыс істері комитетінің 11.04.03 ж. № 129 бұйрығымен 01.07.2003 жылдан бастап енгізілген орыс тіліндегі «Күрделі жөндеуі аяқталған тұрғын, қоғамдық ғимараттарды және коммуналдық қызметтегі объектілерді пайдалануға қабылдау» ҚР ҚН 1.04-03-2002-нің теңтүпнұсқалық мәтіні және мемлекеттік тілдегі аудармасы болып табылады.
7 Стандарттардың мемлекетаралық жіктеуішінің ҚР ҚН 1.04-03-2002 құрылымы бойынша 91.180-тарауына енгізілген, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер құрылымы бойынша 1.04 - кешенге кіреді
Енгізілген күні – 2003.07.01 
 Осы нормалар күрделі жөндеуі аяқталған тұрғын, қоғамдық ғимараттарды және коммуналдық қызметтегі объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде сақталады.  
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Осы нормалар меншік түріне тәуелсіз жеке және заңды тұлғаларға арналған күрделі жөндеуі аяқталған тұрғын, қоғамдық ғимараттарды және коммуналдық қызметтегі объектілерді пайдалануға қабылдау тәртібін белгілейді.  
Қабылдау және жұмыс комиссияларының құрамы, өкілеттіліктері және міндеттері Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі заңдармен белгіленген.
1.2 Күрделі жөндеуі аяқталған тұрғын, қоғамдық ғимараттар және коммуналдық қызметтегі объектілер (әрі қарай объектілер) бекітілген жобаға сәйкес жұмыс комиссиясының оң қорытындысы болған кезде қабылдау комиссиясымен пайдаланылуға қабылданады.
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі заңдармен қарастырылған жеке жағдайларда, күрделі жөндеуі аяқталған объектілерді пайдаланылуға қабылдау меншік иесімен өздігімен жүргізіледі.  
1.3 Жұмыс комиссиясымен белгіленген құрылымдар мен жүйелерді сынау бойынша құрылымдарды және (немесе) олардың түйіндерін ашу және әрі қарай бітеу жұмыстары, бас мердігермен қажет жағдайларда қосалқы мердігерлік ұйымдарды қатыстырып жүргізілуі тиіс.
1.4 Бас мердігер жұмыс комиссияларына келесі құжаттамаларды ұсынады:
1) сәйкес лицензиялары бар, олармен атқарылған жұмыстардың түрлері көрсетілген жөндеу-құрылыс (жинақтау) жұмыстарын орындауда қатысқан ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың тізімдемесін;
2) сәйкес лицензиялары бар жобалау ұйымдарымен немесе жеке тұлғалармен жасалған объектінің қабылдануына ұсынылатын күрделі жөндеудің құжаттама топтамасын;
3) жөндеу-құрылыс (жинақтау) жұмыстарын жасаған кезде қолданылатын материалдардың, құрылымдардың және бөлшектердің сапасын растайтын техникалық паспорттарды, сертификаттарды немесе басқа құжаттарды;
4) жасырын жұмыстардың куәландыру актілерін және жеке жауапты құрылымдарын (күшейтілген көтеруші құрылымдардың және т.б.) қабылдаудың аралық актілерін;
5) жинақталған жабдықтардың жеке сынақтарының актілерін, суық және ыстық сумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, желдетудің, жылумен жабдықтаудың, лифтілердің, эскалаторлардың, дренаж құрылғыларының ішкі және сыртқы тораптарының сынау акітлерін;
6) ішкі және сыртқы электр қондырғыларының және электр тораптарының сынақ аткілерін;
7) телефондаудың, радиоландырудың, теледидардың, сигналдаудың, автоматтаудың құрылғыларын сынау актілерін;
8) жарылыс- және өртқауіпсіздігін, найзағайдан қорғауды қамтамасыз ететін құрылғыларды сынау актілерін;  
9) сейсмикалық аудандарда орналасқан кірпіш ғимараттарына арналған жаңадан салынған көтеруші қабырғалардың ұстасу беріктігін сынау актілерін;
10) жобалау ұйымдарының жұмыс өндірісі және авторлық қадағалау журналдары, жөндеу кезінде мемлекеттік сәулеттік-құрылыс және басқа да қадағалау органдарымен зерттеу және тексеру материалдарын;
11) күрделі жөндеу жұмыстарына дейін құрылған ғимараттың техникалық зерттеу актісін (ақаулы ведомосттарды).  
Е с к е р т у  «5) – 9)» позицияларында аталған актілер, ұсынылады, егер осы позицияларда көрсетілген жүйелердің (құрылғылардың, қондырғылардың, тораптардың және т.б.) жөндеуі жобалау-смета құжаттамасымен қарастырылған болса, «11» позициясында көрсетілген акт тапсырыс берушімен ұсынылуы мүмкін.  
Жұмыс комиссиясының, күрделі жөндеумен аяқталған объектілердің қабылдау комиссиясының ұсынылуына дайындығы жөніндегі қорытындысы 1,2,3 - қосымшаларына сәйкес ресімделеді.
1.5 Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) қабылдау комиссиясына төменде көрсетілгендерді ұсынады:
- жұмыс комиссияларының актілері;
- жұмыс комиссиясымен табылған ақаулар мен толық істелмеген жерлерді жөндеу жөніндегі анықтаманы;
- белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау-смета құжаттамасын;
- сәйкес лицензиялары бар, жөндеу объектісінің қабылданатын жобалауына қатысатын жобалау ұйымдарының немесе жеке тұлғалардың тізімдемесін;
- суық және ыстық сумен жабдықтаудың, канализацияның, байланыстың, жылу-, газ- және электрмен жабдықтаудың сыртқы тораптары және имараттары объектінің қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз ететіндігі және олармен қызмет көрсетуге жөндеуден кейін қабылданғандығы жөнінде пайдаланылу ұйымдарының қорытындыларын (егер сәйкес коммуникациялардың жөндеуі жобалау-смета құжаттамасымен қарастырылса қорытындылар ұсынылуы тиіс).
Қабылдау комиссиясының күрделі жөндеуі аяқталған объектілерін пайдаланылуға қабылдау 4-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
1.6 Күрделі жөндеуі аяқталған тұрғын, қоғамдық ғимараттарды және коммуналдық мақсаттағы (олардың бөліктерінің, кезектерін) объектілерді пайдаланылуға қабылдау олардың толық дайындығында жүргізілуі тиіс.
1.7 Жөндеу-құрылыс жұмыстарының сапасы 7-қосымшада айтылған әдістемеге сәйкес бағаланады.
1.8 Коммуналдық мақсаттағы объектілердің тізімдемесі 8-қосымшада келтірілген.
2 КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ КЕЗІНДЕ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖЕКЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚАБЫЛДАҒАНДА ҚОЙЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
2.1 Жер жұмыстары
2.1.1 Жер жұмыстарын қабылдау олар толығымен аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. Жер жұмыстарын орындаған кезде ҚНжЕ 3.02.01-87 «Жер имараттары, негіздер және іргетастардың» талаптары орындалуы тиіс. Қазудың тереңдігі, ойықтардың өлшемдері, негіздегі топырақтың күйі және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкес келуі олардың орындалу процессінде жасырын жұмыстардың актілерімен рәсімделуі тиіс.
2.1.2 Ені бойынша қазаншұңқырларда және орларда жобалық өлшемдерден ауытқуы, сондай-ақ қазанщұңқыр мен ор түбі бетінің еңістері 5%-тен аспауы тиіс.  
2.1.3 Жоспар жұмыстарын қабылдаған кезде, таңбалардың жобаның жоспарланған ауданына сәйкестігіне, су әкету құрылғылары жағына еңістердің бар болуына, топырақтың тығыздық дәрежесіне тексерілуі жүргізілу тиіс. Жоспарланған аумақтың еңіс шамасының жобалықтан ауытқуы, бұл ауытқулар судың тапсырылған ағынын бұзбаған және 0,001-ден аспаған жағдайларда рұқсат етіледі.
2.1.4 Құлама күрделілігінің және су әкету арықтары өлшемдерінің жобалықтан түбі бойынша ауытқулары тек қана үлкен жағына, бірақ 0,05-тен аспайтын шамаға рұқсат етіледі,. Су әкету арықтары еңістерінің жобалықтан ауытқулары 0,0005-тен аспауы тиіс.
2.2 Негіздік топырақтарының жасанды бекітілуі
2.2.1 Топырақтарды силикаттау бойынша жұмыстар өндірісі процессінде бастапқы химиялық материалдардың, ерітінділердің, гельтүзеткіш қоспалардың сапасына, сондай-ақ жұмыстардың сапасына тұрақты бақылау жүргізіледі.
2.2.2 Топырақтарды силикаттау бойынша жұмыстарды қабылдаған кезде келесі құжаттар ұсынылуы тиіс: