• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
ҚР ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ ТҰРҒЫН ҒИМАРАТТАРДЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУГЕ АРНАЛҒАН ЖОБАЛАУ-СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАНЫҢ ҚҰРАМЫ, ОНЫ ӘЗІРЛЕУ, КЕЛІСУ ЖӘНЕ БЕКІТУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 2000 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

ҚР ҚН 1.04-01-2002 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер ҚР ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ ТҰРҒЫН ҒИМАРАТТАРДЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУГЕ АРНАЛҒАН ЖОБАЛАУ-СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАНЫҢ ҚҰРАМЫ, ОНЫ ӘЗІРЛЕУ, КЕЛІСУ ЖӘНЕ БЕКІТУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ Инструкция о составе, порядке разработки, согласования и утверждения проектно-сметной документации на капитальный ремонт жилых зданий ҚР ҚН 1.04-01-2002

Алғы сөз
1 “Қазкоммунжоба” институты» ЖШС         Ә3ІРЛЕГЕН
2 «KAZGOR» жобалау академиясы» ЖШС      АУДАРҒАН
3 Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің  
(ҚР ЭжСМ) Құрылыс істері жөніндегі комитетінің Техникалық нормалау  
және жаңа технологиялар басқармасы         ҰСЫНҒАН
4 ҚР ИСМ Құрылыс және ТКШ істері комитетінің  
2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 477 бұйрығымен          ҚАБЫЛДАНҒАН ЖӘНЕ
2007 жылдың 1 маусымынан бастап             ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГIЗIЛГЕН
5 «Тұрғын ғимараттардың күрделі жөндеуіне арналған  
жобалау-сметалық құжаттамасының құралы, әзірлеу,  
келісу және бекіту тәртібі туралы ңұсқау» ВҚН 55-87(р)            ОРНЫНА ЕНГIЗIЛГЕН
6 Осы құрылыс нормалары ҚР аумағында ҚР ЭжСМ Құрылыс істері комитетінің 02.05.2002 жылғы № 93 бұйрығымен 01.06.2002 жылдан бастап енгізілген орыс тіліндегі «Тұрғын ғимараттардың күрделі жөндеуіне арналған жобалау-сметалық құжаттаманың құрамы, әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі туралы нұсқау» ҚР ҚН 1.04-01-2002-нің теңтүпнұсқалық мәтіні және мемлекеттік тілдегі аудармасы болып табылады
7 Стандарттардың мемлекетаралық жіктеуішінің құрылымы бойынша ҚР ҚН 1.04-01-2002 91.010.10-тарауына енгізілген, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер құрылымы бойынша 1.04 - кешенге кіреді
Мемлекеттік нормативтің бұл басылымы ресми басылым болып табылмайды және қолданыстағы нормативтік құжаттарды рәсімдеу және шығару тәжірибесін пайдаланып, ҚжТКШІ агенттігінің 05.03.2012 ж. № 79 бұйрығымен бекітілген өзгертулер енгізіліп дайындалған.   
Бұл басылым Қазақстан Республикасының жобалау-құрылыс кешенінің субъектілеріне арналған.   
Енгізілген күні  - 2002.06.01
1 Қолдану саласы
1.1 Осы нұсқау Қазақстан Республикасы аумағындағы тұрғын ғимараттардың күрделі жөндеуіне арналған жобалық-сметалық құжаттаманың құрамын, әзірлеу, келісу және бекіту тәртібін белгілейді және тапсырыс берушілермен, мемлекеттік басқару және қадағалау органдарымен, кәсіпорындармен, жобалау ұйымдарымен, басқа заңды және жеке тұлғалармен (соның ішінде шет елдік) - сәулет және құрылыс қызметінің субъектілерімен қолдануға арналған.  
2 Жалпы ережелер
2.1 Тұрғын ғимараттардың күрделі жөндеуіне арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу заңды және жеке тұлғалармен, сәулеттік-қала құрылыстық қызметінің тиісті түріне белгіленген тәртіппен мемлекеттік лицензияны алған заңды және жеке тұлғалармен жүзеге асырылады.
2.2 Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының заңды және басқа нормативтік актілерін, осы нұсқауды, қолданыстағы нормативтік талаптарды (шарттарды, шектеулерді), сондай-ақ құрылыс және күрделі жөндеу саласындағы инвестициялық қызметті реттеуші басқа құжаттарды басшылыққа алуы қажет.
Жобалық-сметалық құжаттама күрделі жөндеу үшін оның бекітілген уақытынан бастап үш жыл бойына қолданылады. Осы мерзім өткен соң оған қолданысқа сәйкес нормалар және ережелерге, жаңа техникалық шарттарға сәйкес соңынан жаңадан әзірленген жобалық-сметалық құжаттамалар үшін белгіленген тәртіпте қараумен және қайта бекітумен қажетті өзгерістер енгізіледі.  
2.3 Ғимаратты күрделі жөндеу оның табиғи тозуы есебімен, сәулеттік және ғимараттың тарихи құндылықтар ескеріліп және болашақтағы мақсатқа лайықты сақталуын анықтаумен жүргізіледі. Тұрғын ғимараттардың табиғи тозуын «Ғимараттар және имараттардың табиғи тозуын бағалау ережесі» ҚР ҚБҚ 1.04-07-2002-ге сәйкес анықтау керек.  
2.4 Тұрғын ғимараттардың күрделі жөндеуі жобалау қала құрылыстық жоба ескеріліп жүзеге асырылады.
2.5 Тұрғын ғимараттардың күрделі жөндеуін жобалау кезінде заңды және жеке тұлғалар осы жұмыстың түрінің орындалуына лицензиясы бар ұйымдармен өткізілген құрылымдық сенімділігін және орнықтылығын бағалау негізінде бар ғимараттың құрылымдық және жабдықтарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді.
2.6 Тұрғын ғимараттардың күрделі жөндеуіне арналған жобалық-сметалық құжаттамасы, қағида бойынша, бір сатыда - жұмыс жобасымен жасалады. Екі сатылық жобалау: жоба және жұмыс құжаттамасы объектінің қала құрылыстық мәні, толық қайта жайғасымдау және т. б. - осы факторларынің бірі бар болғанда жол беріледі.
Жобалау сатылылығы күрделі жөндеуге арналған жобалау (жобалық-сметалық) құжаттамасы әзірлемесінің тапсырмасымен белгіленеді.
2.7 Бас жобалаушы авторлық қадағалауды жүзеге асырады және күрделі жөндеуі аяқталған объектіні қабылдауға қатысады.  
2.8 Бекітілген жобаға өзгерістер енгізу бас жобалушымен тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша іске асырылады.
2.9 Объектілердің күрделі жөндеуін жобалау тапсырыс беруші мен бас жобалаушының арасындағы жобалау-ізденістер жұмыстарын орындауға арналған мердігерлік (келісім-шарт) келісімі негізінде жүзеге асырылады. Келісімнің ажырамас бөлігі жобалауға тапсырма болып табылады. Тапсырыс беруші бекітілген тапсырмамен бірге жобалау ұйымына бастапқы материалдарды осы нұсқаудың 3-тарауына сәйкес береді.
2.10 Тапсырыс беруші, тапсырыс беруші өкілеттігін басқа заңды және жеке тұлғаларға келісімнің негізінде бере алады.
2.11 Егер келісімде тапсырыс берушіге берілген жобалық құжаттаманың құрамы туралы арнайы талаптар ескертілмесе, оның құрамына құрылыстық құрылымдар есептері кірмейді. Бұл материалдар бас жобалаушыда сақталады және сараптау және сәулет, қала құрылысы және құрылыстық қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына олардың талаптарына байланысты ұсынылады.
2.12 Өнертабыстарды және патенттерді күрделі жөндеуді жобалау кезінде пайдалану және жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу процесінде құрылған өнертабыстарды қорғау қолданыстағы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
2.13 Күрделі жөндеуге мемлекеттік қаражаттарды тартумен жүргізілетін тұрғын ғимараттар үшін сметалық құжаттама әзірленеді. Қалған жағдайларда оны әзірлеу тапсырыс берушінің шешімімен орындалады.
2.14 Осы нұсқаудың 2.1 т. көрсетілген жобалық құжаттаманы әзірлеушілер күрделі жөндеуді жобалаудан басқа,, тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша мыналарды жүзеге асырылады:
- ғимараттарға техникалық тексеру жүргізу, олардың табиғи және ескіріп тозуын анықтау;
- жөндеудің техникалық-экономикалық нұсқаларын салыстыру;
- күрделі жөндеудің келешектегі жоспарларын әзірлеу;
- ғимараттардың жөндеуін ұйымдастыру жөніндегі негізгі ережелерін әзірлеу.  
2.15 Қосалқы имарат (жылулық пункттері, қазандар және т. б.) салуға арналған жер учаскесін беруі және оны кесіп беру туралы сұраныс тапсырыс берушімен қолданыстағы жер заңымен қаралған тәртіпте жүргізіледі.
2.16 Осы нормаларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сілтемелер берілген.  
Осы нұсқауға сілтеме берілген қолданыстағы нормативтік құжаттар қатарынан алып тасталынған кезінде, алынып тасталғандардың орнына енгізілген мемлекеттік нормативтерді басшылық ету керек.
3 Жобалауға тапсырма, құрылыстық паспорт, жобалауға арналған бастапқы деректер
3.1 Тапсырыс берушілер бас жобалаушының қатысуымен әрбір ғимаратқа жеке немесе олардың кешенін жобалауға 1-қосымшасында келтірілген пішін бойынша жобалауға тапсырманы жасайды.
3.2 Жөндеу кешендермен (кезектермен) жүзеге асырылған жағдайларда, тапсырмада басқа кешендердің кезектерінің және түйісетін ғимараттардың жөндеу мерзімінде ғимараттың басқа бөліктерін пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ескертілуі тиіс.
3.3 Тапсырыс беруші жобалау ұйымдарына жобалауға тапсырмамен бірге мына құжаттарды және материалдарды береді:*
- күрделі жөндеуді орындауға рұқсат құжатын;
- сәулеттік-жайғасымдау тапсырмасын (СЖТ);