Toggle Dropdown
Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ аталған кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 209 қаулысы
Редакция 31.05.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабы 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектері ;
2) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүргізетін қазақстандық кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі C.Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 209 қаулысымен
бекітілген
Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектері
1. Осы Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүзеге асыратын қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат алу тәртібін (бұдан әрі – рұқсат), оның қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін айқындайды.
2. Осы Қағидалар мақсаты Қазақстан Республикасының аумағына балық өнімдері мен өзге де өнімдерді (объектілерді) сату немесе өндіру үшін кәсіпшілік өнімдерді (объектілерді) шетелдік кемелерге ауыстырып тиемей жеткізу болып табылатын, кәсіпшілік қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ оларға қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге (бұдан әрі – қазақстандық кемелер) қолданылады.
2. Рұқсаттар беру тәртібі
3. Заңды тұлға немесе дара кәсіпкер (бұдан әрі – бастамашы) рұқсат алу үшін электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне (бұдан әрі – Шекара қызметі) мынадай құжаттарды:
1) қазақстандық кеме капитаны (иесі) жасаған кеменің рөлімен қоса осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш);
2) қазақстандық кемеге меншік құқығы туралы куәліктің көшірмесін немесе қазақстандық кемені жалға алу шартының көшірмесін (теңіз кемелері үшін);
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәліктің көшірмесін (теңіз кемелері үшін);
4) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың көшірмесін;
5) шетелдік жұмыс күшін және азаматтығы жоқ адамдарды тартуға рұқсаттардың көшірмелерін;
6) кеме куәлігінің көшірмесін (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кемелер тізілімінде тіркелген кемелер үшін) ұсынады.
4. Шекара қызметінің портал арқылы өтінішті қарау мерзімі мен Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттамаларды беруі бастамашы өтініш енгізген сәтінен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды.
1) Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың толық көлемде болмауы не онда дәйексіз немесе толық емес ақпараттың болуы;
2) егер рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген кәсіпшілік ауданы (аудандары) Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңіз), ішкі суларының шегінде орналасқан болса, қазақстандық кеменің кәсіпшілік қызметті жүргізуі кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өту қажеттілігінің болмауы рұқсат беруден бас тартуға негіздеме болып табылады.
6. Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген негіздер болған жағдайда, Шекара қызметі екі жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша дәлелді бас тартады.
Бастамашының өтінішті қайта ұсынуы ескертулер жойылғаннан кейін жүзеге асырылады.
7. Рұқсат жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың қолданылу мерзіміне беріледі, бірақ Қағидалардың 3-тармағының 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
Рұқсат онда көрсетілген кәсіпшілік ауданы (аудандары) шегінде қолданылады.
8. Берілген рұқсат қолданылатын бүкіл мерзім бойы ол кәсіпшілікті жүргізу уақытында қазақстандық кеменің капитанында (иесінде) болады.
9. Қазақстан Республикасының азаматтарынан ғана жасақталған қазақстандық кеменің экипаж мүшелерін ауыстыру қажет болған жағдайда,
бастамашы бұдан бұрын портал арқылы Шекара қызметіне Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алған қазақстандық кеменің экипаж мүшелерін ауыстыру туралы өтініш (бұдан әрі – ауыстыру туралы өтініш) береді.
10. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан жасақталған қазақстандық кеменің экипаж мүшелерін ауыстыру қажет болған жағдайда бастамашы портал арқылы Шекара қызметіне Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыстыру себебін көрсетіп, ауыстыру туралы өтініш береді.
Ауыстыру туралы өтінішке мынадай құжаттар:
2) шетелдік жұмыс күшін және азаматтығы жоқ адамдарды тартуға рұқсаттардың көшірмелері;
3) келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен халықаралық келісімдер жасасқан мемлекеттерден келген азаматтарды қоспағанда, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін визаның көшірмесі қоса беріледі.
11. Шекара қызметінің өтінішті қарау мерзімі мен қабылданған шешім туралы бастамашыны портал арқылы хабардар ету бастамашы ауыстыру туралы өтінішті енгізген сәтінен бастап үш жұмыс күнінен аспайды.
12. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат мерзімін ұзартқан немесе қайтадан алған жағдайда, бастамашы портал арқылы Шекара қызметіне Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, оған жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың көшірмесін қоса береді.
Шекара қызметінің өтінішті қарау мерзімі мен қабылданған шешім туралы бастамашыны портал арқылы хабардар ету бастамашы өтінішті енгізген сәтінен бастап үш жұмыс күнінен аспайды.
Оң шешім қабылданған жағдайда Шекара қызметі тікелей бұрын берілген рұқсатқа қолданылу мерзімін ұзарту туралы өзгеріс енгізеді.
Рұқсатты ұзартудан бас тартқан жағдайда Шекара қызметі Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша дәлелді бас тартады.
13. Рұқсатты жоғалтып алған жағдайда, бастамашы портал арқылы Шекара қызметіне рұқсатты жоғалтып алу мән-жайларын көрсете отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңа рұқсат беру туралы өтінішпен жүгінеді.
Жаңа рұқсат беру Қағидалардың 3-5-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
14. Рұқсаттың қолданылуы мынадай:
1) қазақстандық кеменің орналасқан жері туралы ақпаратты бақылаудың техникалық құралында ақау болған;
2) қазақстандық кеме капитаны (иесі) есепте көрсеткен деректердің қазақстандық кеменің порттан шығар алдында тексеру нәтижесінде алынған деректерге сәйкес келмеуі анықталған жағдайларда тоқтатыла тұрады.
15. Рұқсаттың қолданылуы оны тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылғаннан кейін қайта жаңартылады.
16. Қағидалардың 14-тармағында көзделген жағдайларды анықтаған Шекара қызметінің лауазымды адамы рұқсатты тоқтата тұру себептерін көрсетіп, рұқсаттың тоқтатыла тұруы (қайта жаңартылуы) туралы белгі қояды.
Бұл ретте Шекара қызметі Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттың тоқтатыла тұруы (қайта жаңартылуы) туралы бастамашыға хабарлама жолдайды.