• Мое избранное
Рұқсаттар және хабарламалар туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Рұқсаттар және хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Заңы

Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне», «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі», «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін», «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің», «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен», «Мемлекеттік электрондық рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі», «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде», «ақпараттық жүйесінің», «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйе», «ақпараттық жүйесін», «ақпараттық жүйесінде», «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық жүйелердің», «ақпараттық жүйелерде», «ақпараттық жүйелерден», «ақпараттық жүйелерді», «ақпараттық жүйелерге», «электрондық үкіметтің», «электрондық үкімет», «ақпараттандыру саласындағы», «Ақпараттандыру саласындағы», «Ақпараттандыру және», «ақпараттық қауіпсіздікті», «Ақпараттық қауіпсіздікті» деген сөздер тиісінше «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне», «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімі», «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімін», «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінің», «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінен», «Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімі», «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінде», «цифрлық жүйесінің», «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйе», «цифрлық жүйесін», «цифрлық жүйесінде», «цифрлық жүйелер», «цифрлық жүйелердің», «цифрлық жүйелерде», «цифрлық жүйелерден», «цифрлық жүйелерді», «цифрлық жүйелерге», «цифрлық үкіметтің», «цифрлық үкімет», «цифрландыру саласындағы», «Цифрландыру саласындағы», «Цифрландыру және», «киберқауіпсіздікті», «Киберқауіпсіздікті» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (26.12.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң өзгеріс енгізу көзделген ҚР 30.06.2022 жылғы № 130-VII Заңына сәйкес
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 30.12.2024 жылғы № 148-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 09.01.2026 жылғы № 254-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2028 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 19.06.2026 жылғы № 320-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 24.08.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 24.06.2026 жылғы № 322-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.09.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 24.06.2026 жылғы № 324-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 25.08.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 13.08.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Осы Заң жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және осы Заңда көзделген басқа да тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруына рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге және іске асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (28.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңына сәйкес (17.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (28.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.12.2023 жылғы № 50-VIII Заңына сәйкес (16.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1-тармақша алынып тасталды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (26.12.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2) берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігі тұрғысынан жүргізілетін рұқсаттық бақылау – мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі рұқсат беру органдарының лицензиялар немесе екінші санаттағы рұқсаттар берілгеннен кейін лицензиаттар мен екінші санаттағы рұқсаттар иелерінің, сондай-ақ хабарлама жіберген өтініш берушілердің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарын сақтауын, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне енгізуді қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;
1-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) біліктілік талаптары – өтініш берушінің және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде де, оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де қойылатын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштер жиынтығы;
3) екінші санаттағы рұқсатты беруге уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретіне рұқсат беру рәсімін жүзеге асыру жөніндегі функциялар жатқызылған мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға;
4) екінші санаттағы рұқсатты иеленуші – екінші санаттағы жарамды рұқсаты бар жеке немесе заңды тұлға;
5) лицензияланатын қызмет түрі – айналысу үшін осы Заңға сәйкес лицензия алу талап етілетін қызмет түрі (белгілі бір әрекет (операция, сақтандыру сыныптары);
6) лицензия – лицензиар жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалына қауіптіліктің жоғары деңгейімен байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) лицензиар – осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
8) лицензиат – лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі – бір лицензия аясында тиісті лицензияланатын қызмет түрін нақтылау;
10) лицензиялау – лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың телнұсқасын беруге және қайта ресімдеуге, рұқсаттық бақылауды жүзеге асыруға, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың қолданысын тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға байланысты іс-шаралар кешені;
11) лицензияның иеліктен шығарылатындығы – басқа жеке немесе заңды тұлғаның біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру рәсімдерін жүргізбей, оған лицензияны қайта ресімдеу мүмкіндігі;
12) жарамды рұқсат – берілген, ұзартылған немесе қайта ресімделген, қолданысы осы Заңға сәйкес тоқтатыла тұрмаған немесе тоқтатылмаған рұқсат;
13) өтініш беруші – лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімінен өту үшін тиісті рұқсат беру органына жүгінген немесе хабарлама жіберген жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі, лицензиат, екінші санаттағы рұқсатты иеленуші;
13-1) өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимі – рұқсат беру органының жауапты адамының қатысуынсыз өтінішті қарау және рұқсатты беру жүргізілетін режим;
1-бап 13-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңына сәйкес (өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) реттеуші мемлекеттік органдар – рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі енгізілген немесе енгізу жоспарланып жатқан нақты салада кәсіпкерлік қызметті реттеуге жауапты мемлекеттік органдар;
15) рұқсат – рұқсат беру органдары лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын, жеке немесе заңды тұлғаның, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру құқығын растау;
15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
16-тармақша алынып тасталды ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңына сәйкес (23.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17) рұқсат беру органдары – лицензиарлар және екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдар;
18) рұқсат беру тәртібі – қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру басталғанға дейін тұлғаның осы Заңда көзделген жарамды рұқсатқа ие болу міндетін белгілеу;
19) рұқсат беру рәсімі – екінші санаттағы рұқсатты беруге және оған қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға, сондай-ақ рұқсаттық бақылауды жүзеге асыруға байланысты іс-шаралар кешені;
20) рұқсат беру талаптары – өтініш берушінің және екінші санаттағы рұқсатты иеленушінің рұқсат беру тәртібі енгізілген жекелеген қызмет түрін немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыру қабілетін сипаттайтын, екінші санаттағы рұқсатты беру кезінде де, оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де қойылатын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығы;
20-1) рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейінгі, сондай-ақ жіберілген хабарлама бойынша рұқсаттық бақылау (бұдан әрі – рұқсаттық бақылау) – рұқсат беру органдарының рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейінгі, сондай-ақ жіберілген хабарлама бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін анықтауға бағытталған қызметі;
1-бап 20-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімі – берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, күші жойылған, ұзартылған, қайта басталған және қолданысы тоқтатылған рұқсаттар және олардың телнұсқалары туралы, сондай-ақ алынған хабарламалар туралы мәліметтер қамтылған рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінің құрауышы;
22) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган – рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
23) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің реттеушілік әсерін талдау (бұдан әрі – реттеушілік әсерді талдау) – кейіннен мемлекеттік реттеу, сондай-ақ кәсіптік немесе кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеуі мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін, енгізілетін рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің пайдасы мен шығындарын салыстырудың талдамалық рәсімі;
23-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.11.2015 жылғы № 391-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2015 жылы № 219 (28697) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
24) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін қатаңдату – өтініш берушілерге, лицензиаттарға немесе екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілерге қосымша талаптар, міндеттер белгілеу немесе жүктемені өзгеше ұлғайту;
25) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі – лицензиялауды, сәйкестендіру нөмірін бере отырып, рұқсат алу бөлігінде рұқсат беру рәсімдерін цифрлық түрде жүзеге асыруға, өтініш берушінің хабарлама жіберуіне және осы процестерді қамтамасыз етуге арналған «цифрлық үкіметтің» құрауышы болып табылатын цифрлық жүйе;
25-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (26.12.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
26) рұқсаттың электрондық нысаны – рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесін пайдалана отырып ресімделетін және алынатын, қағаз жеткізгіштегі рұқсатпен мәні бірдей электрондық құжат нысанындағы рұқсат;
27) тарихи деректер – хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын рұқсат беру органдары мен мемлекеттік органдарда рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде берілген немесе жіберілген рұқсаттар мен хабарламалар туралы ақпарат;
27-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 27-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
27-1-тармақша алынып тасталды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (28.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
28) хабарлама – рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган , Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекiткен нысан бойынша өтiнiш берушi жасаған, қызметтiң немесе әрекеттiң жүзеге асырылуының басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы ақпарат беретiн құжат;
28-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (16.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 20.11.2014 жылдан бастап)
28-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (19.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
29) хабарлама жасау тәртібі – қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру басталғанға дейін жеке немесе заңды тұлғаның бұл туралы осы Заңда белгіленген тәртіппен хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабардар ету міндетін белгілеу;
29-1) цифрландыру саласындағы уәкілетті орган – цифрландыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
1-бап 29-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
30) ілеспе рұқсат – өтініш берушіге басқа рұқсатты беру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті шарт болып табылатын екінші санаттағы рұқсат;
31) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
31-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңы​на сәйкес (01.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасындағы бір мезгілде мынадай белгілерге сәйкес келетін барлық рұқсаттар мен хабарламаларға қолданылады:
1) жеке немесе заңды тұлға қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруды бастау үшін – рұқсатты алған, ал хабарламаны жіберген болуға тиіс;
2) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес рұқсат (ілеспе рұқсаттан басқа) алу және хабарлама жіберу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тұлғалар тобы үшін міндетті болып табылады, ал оларды алмай қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады;