Toggle Dropdown
Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 423 қаулысы
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
2) «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 423 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру техникалық және кәсіптік білім беру оқу орнының базасында немесе Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацияминистрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы (бұдан әрі – ХҚО) жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-ға қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-ға қажетті құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 15 минуттан аспайды;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында айқындалған құжаттарды тапсырған сәттен бастап бір айдан кешіктірмей;
Toggle Dropdown
3) осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсыру үшін кезекте күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 минуттан аспайды;
Toggle Dropdown
4) көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 минуттан аспайды.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесінесәйкес дүйсенбі – сенбі аралығында сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін;
Toggle Dropdown
2) ХҚО – күн сайын: демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбі – сенбі аралығында түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін.
Toggle Dropdown
Қабылдау және беру жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы брондауға болады.
Toggle Dropdown
1
9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті берушіге:
Toggle Dropdown
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік оқу орны басшысының атына өтініш, онда білім туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептер (тегінің, атының, әкесі атының(бар болса) өзгеруі, жарамсыздығы немесе құжатты толтыру кезіндегі қателер) баяндалады;
Toggle Dropdown
2) тіркеу нөмірі мен құжаттың берілген күнін көрсете отырып, құжаттың жоғалғаны туралы мерзімді баспа басылымындағы хабарландырудың көшірмесі;
Toggle Dropdown
3) жеке куәліктің көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
Toggle Dropdown
4) тегінің, атының, әкесі атының (бар болса) өзгергенін растайтын құжат;
Toggle Dropdown
5) жарамсыз болып қалған білім туралы құжаттың төлнұсқасы немесе алдыңғы жылдары оны толтыру кезінде жіберілген қателер (бар болса).
Toggle Dropdown
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік оқу орны басшысының атына өтініш, онда білім туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептер (тегінің, атының, әкесі атының(бар болса) өзгеруі, жарамсыздығы немесе құжатты толтыру кезіндегі қателер) баяндалады;
Toggle Dropdown
2) тіркеу нөмірі мен құжаттың берілген күнін көрсете отырып, құжаттың жоғалғаны туралы мерзімді баспа басылымындағы хабарландырудың көшірмесі;
Toggle Dropdown
3) жеке куәліктің көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
Toggle Dropdown
4) тегінің, атының, әкесі атының (бар болса) өзгергенін растайтын құжат;
Toggle Dropdown
5) жарамсыз болып қалған білім туралы құжаттың төлнұсқасы немесе алдыңғы жылдары оны толтыру кезінде жіберілген қателер (бар болса).
Toggle Dropdown
Осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ХҚО-ға тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:
Toggle Dropdown
1) сұратуды қабылдау нөмірі мен күнін;
Toggle Dropdown
2) сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;
Toggle Dropdown
3) қоса берілген құжаттар саны мен атауын;
Toggle Dropdown
4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) мен орнын;
Toggle Dropdown
5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттың мәліметтерін ХҚО қызметкері мемлекеттік органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО ұсынған нысан бойынша ақпараттық жүйелерде қамтылатын заңмен қорғалатын құпиямен құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым жазбаша түрде:
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Toggle Dropdown
Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымдықарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызмет алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттiк қызметтiкөрсету орындарының мекенжайлары:
Toggle Dropdown
1) Министрліктің интернет-ресурсында:www.edu.gov.kz;
Toggle Dropdown
2) ХҚО-ның интернет-ресурсында:www.con.gov.kz;
Toggle Dropdown
3)www.e.gov.kz«электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылған.
Toggle Dropdown
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілген қызметті портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктіңwww.edu.gov.kzинтернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414
Toggle Dropdown
1
«Техникалық және кәсіптік білім
туралы құжаттардың телнұсқаларын
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
Toggle Dropdown
___________________________________
___________________________________
директоры __________________________
/оқу орны басшысының Т.А.Ә.(әкесінің аты - бар
болса/
____________________________________
____________________________________
/Т.А.Ә. толық /әкесінің аты - бар болса /
____________________________________
___________________ мамандығы бойынша
(мамандық атауы)
____________________________________
____________________________________
/оқу орнының атауы, бітірген жылы/
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
/себебін көрсету керек/
Toggle Dropdown
___________________ байланысты маған дипломның телнұсқасын беруіңізді
Toggle Dropdown
Негіздеме _____________________________________________________
Toggle Dropdown
/қажет құжаттарды көрсету керек/
Toggle Dropdown
20 __ ж. «__» __________________ __________________
Toggle Dropdown
1
«Техникалық және кәсіптік білім
туралы құжаттардың телнұсқаларын
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
Toggle Dropdown
(көрсетілетін қызметті алушының
Т.А.Ә. (бар болса)
________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының
мекенжайы)
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
Toggle Dropdown
жоқ құжаттардың атауы:
Toggle Dropdown
1) _______________________________;
Toggle Dropdown
2) _______________________________;
Toggle Dropdown
ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
Toggle Dropdown
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Toggle Dropdown
Т.А.Ә. (бар болса) (жауапты адам) (қолы)
Toggle Dropdown
Орын. Т.А.Ә. (бар болса)
Toggle Dropdown
Тел. ___________________
Toggle Dropdown
Алдым: Т.А.Ә. (бар болса)/ көрсетілетін қызметті алушының қолы
Toggle Dropdown
20 __ ж. «___» _________
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 423 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті жатақханасы бар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру техникалық және кәсіптік білім беру оқу орнының базасында жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Toggle Dropdown
1) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсыру үшін кезекте күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 минуттан аспайды;
Toggle Dropdown
3) көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 минуттан аспайды.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жатақхана беру туралы жолдама.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленгенжұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі – сенбі аралығында сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін;
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызмет берушіге жүгінген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
Toggle Dropdown
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес жатақханадан орын беру туралы өтініш;
Toggle Dropdown
2) отбасысы болса, отбасылық құрамы туралы анықтама;
Toggle Dropdown
3) ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі;
Toggle Dropdown
4) отбасыда 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін);
Toggle Dropdown
5) мүгедектігін растау туралы анықтама;
Toggle Dropdown
6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік жеңілдік көмек алу үшін құқықты растау туралы анықтама немесе жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жоқтығы туралы анықтама;
Toggle Dropdown
7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Toggle Dropdown
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеңілдіктер алуға құқықты растайтын өзге де құжаттар.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым жазбаша түрде:
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Toggle Dropdown
Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызмет алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар
Toggle Dropdown
1
12. Мемлекеттiк қызметтiкөрсету орындарының мекенжайлары Министрліктіңwww.edu.gov.kzинтернет-ресурсында орналастырылған.
Toggle Dropdown
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттікқызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтерден, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктіңwww.edu.gov.kzинтернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414
Toggle Dropdown
1
«Техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарында білім алушыларға
жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдаманың үлгісі
Toggle Dropdown
________________________________________________________
(техникалық және кәсіптік білім оқу ұйымының атауы және мекенжайы)
Toggle Dropdown
Азамат (-ша) __________________________________________________
Toggle Dropdown
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Toggle Dropdown
№___ жатақханаға орналасуға жіберемін.
Toggle Dropdown
Жатақхана мекенжайы ___________________________________
Toggle Dropdown
20 ___ ж. «____» _________cағатта ___ келуді ұсынамын.
Toggle Dropdown
Директор __________
Toggle Dropdown
20 ___ ж. «____» _________
Toggle Dropdown
1
«Техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарында білім алушыларға
жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Toggle Dropdown
________________________________
директоры _______________________
(оқу орны басшысының Т.А.Ә.
(әкесінің аты - бар болса)
____________________________ курсы
_____________________________ тобы
________________________ мамандығы
студенті _________________________
_________________________________
/Т.А.Ә. (әкесінің аты - бар болса) толық/
Toggle Dropdown
Маған жатақханадан бір орын бөлуіңізді сұраймын.
Toggle Dropdown
Келген жері ___________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
20 __ ж. «__» __________________ __________________