Toggle Dropdown
Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдармөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 435 қаулысы
Toggle Dropdown
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 15-1-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Toggle Dropdown
1) «Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 864 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 39, 442-құжат);
Toggle Dropdown
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 237 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 13, 92-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 435 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің (бұдан әрі – концессия субъектісі) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.
Toggle Dropdown
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) тарифтің шығын бөлігі – тарифті бекіту кезінде ескерілетін концессия субъектісінің қызметтер (жұмыстар) көрсетуіне байланысты шығындар жиынтығы. Осы шығындар реттеліп көрсетілетін қызметтің (тауардың, жұмыстың) өзіндік құнынан және кезең шығыстарынан (жалпы және әкімшілік шығыстар, сату жөніндегі шығыстар, сыйақылар төлеу жөніндегі шығыстар) тұрады;
Toggle Dropdown
2) құзыретті орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган;
Toggle Dropdown
3) концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) – концессия субъектісі табиғи монополия саласында ұсынатын және белгілі бір тауарды тұтынушыға беру түріндегі көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті орган мемлекеттік реттеуге тиіс қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
Toggle Dropdown
4) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Toggle Dropdown
5) инвестицияланған капитал – концессия объектісін құру немесе реконструкциялау үшін концессия субъектісінің меншікті қаражаты мен қарыз капиталының сомасы;
Toggle Dropdown
6) меншікті қаражат – концессия объектісін құруға және реконструкциялауға пайдаланылатын концессия субъектісінің ақша қаражаты (акционерлік (жарғылық) капитал, бөлінбеген пайдасы(таза кірісі) немесе амортизациялық аударымдары);
Toggle Dropdown
7) қарыз капиталы – концессия объектісін құру немесе реконструкциялау үшін қарыз (кредиттер алу, облигациялар шығару және сату, ақшалай міндеттемелердің басқа да түрлері бойынша қаражат алу) есебінен пайда болған капитал.
Toggle Dropdown
Қағидаларда пайдаланылатын өзге де түсініктер мен терминдер Қазақстан Республикасының концессия туралы, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы және бюджет заңнамасынасәйкес қолданылады.
Toggle Dropdown
2. Концессия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру тәртібі
Toggle Dropdown
3. Концессия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (жұмыстарына, тауарларына) тарифтер реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды өндіруге) ұсынуға қажетті шығындар құнынан төмен болмауға, инвестицияланған капиталды қайтаруды қамтамасыз етуге және концессия субъектісінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайда алу мүмкіндігінескеруге тиіс.
Toggle Dropdown
Бұл ретте концессия шартының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (жұмыстарына, тауарларына) тарифтер инвестицияланған қаражаттың қайтарылуы ескерілместен қалыптасады.
Toggle Dropdown
4. Концессия шарты бойынша концессия субъектілері көрсететін реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) бірлігіне тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) мынадай кезеңдер бойынша қалыптасады:
Toggle Dropdown
1) жылдық ақшалай түсім есебі, ол:
Toggle Dropdown
осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігіне енгізілетін шығындардың жылдық сомасын айқындауды;
Toggle Dropdown
осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарына сәйкес инвестицияланған капиталдың бастапқы және қалдық сомасының мөлшерін айқындау мен алдағы кезеңге инвестицияланған капиталды қайтарудың жылдық сомасының есебін;
Toggle Dropdown
осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес инвестицияланған меншікті қаражаттарға арналған пайданың жылдық сомасының есебін қамтиды;
Toggle Dropdown
2) осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес концессия шарты бойынша ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жылдық көлемі мен түрлерін алдағы кезеңге айқындау;
Toggle Dropdown
3) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) құндық негізін көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлері бойынша жылдық түсімді негіздеп бөлу жолымен айқындау.
Toggle Dropdown
5. Тарифтерді қалыптастыру табиғи монополиялар субьектілері кірістерінің, шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерінің бөлек есебін жүргізу жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес уәкілетті орган бекіткен кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебінің негізінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
6. Концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифті қалыптастыру кезінде концессия объектісінің мүліктік кешеніне кіретін әлеуметтік саланың объектілерін қаржыландыруға байланысты тиісті негіздеуші материалдармен расталған шығыстар ескеріледі.
Toggle Dropdown
7. Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды,алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастыру Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген, Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
8. Инвестицияланған капиталдың жалпы мөлшері инвестицияланған капиталдың меншікті және қарыз сомасы ретінде айқындалады.
Toggle Dropdown
Инвестицияланған капиталдың бастапқы сомасының болжамды шекті мөлшері және оны тартудың алдын ала шарттары (қарыз капиталының құрылымы, сыйлықақы мөлшерлемесі және меншікті қаражаттың пайда мөлшерлемесі, мақсатты пайдаланылуы, игеру кестесі, қайтару шарттары) концессия субъектісінің растаушы құжаттарының негізінде (концессия субьектісінің қаржылық есептілігі, концессиялық жобаны қаржыландыру туралы меморандумдар, банк шоттарынан үзінді көшірмелер және т.б.) айқындалады.
Toggle Dropdown
Инвестицияланған капиталды тартқаннан кейін концессия шартына жасалған қарыз шарттарына сәйкес инвестицияланған капиталды (қарыз капиталының құрылымы, сыйлықақы мөлшерлемесі жәнеменшікті қаражаттың пайда мөлшерлемесі, мақсатты пайдаланылуы, игеру кестесі, қайтару шарттары) тарту сомасы мен шарттары көзделетін қосымша келісім жасау арқылы тиісті өзгерістеренгізіледі.
Toggle Dropdown
9. Инвестицияланған капиталды мақсатсыз пайдалануға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
Тариф құрамындағы инвестицияланған капиталды (меншікті және қарыз) қайтару концессия шартында және концессия субьектісінің инвестициялық бағдарламасында көзделген және тиісті құжаттармен расталған нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылған капиталға ғана жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Концессия объектісін пайдалану кезеңінде концессия субьектісінің меншікті қаражатын қайта инвестициялау сомасы мен мерзімдері концессия шартында және концессия субьектісінің инвестициялық бағдарламасында айқындалады және мақсатты пайдаланғаны тиісті құжаттармен расталуға тиіс.
Toggle Dropdown
Тарифте ескерілетін қарыз капиталын қайтарудың жылдық сомасы қарыз шарттарында белгіленген қарыз капиталын қайтару (өтеу) кестесінің негізінде айқындалады. Қарыз капиталын қайтарусомасын есептеу кезінде инвестициялық бағдарламаға және концессия шартының талаптарына сәйкес қайта инвестициялау (негізгі құралдарды жаңарту және жөндеу) үшін алдағы кезеңде концессия субьектісі пайдаланбаған амортизациялық қордың бос ақша қаражаты ескеріледі.
Toggle Dropdown
Тарифте ескерілетін концессия субьектісінің инвестицияланған меншікті қаражатын қайтару концессия объектісін пайдалана бастаған сәттен бастап концессия шарты қолданысының барлық мерзімі бойы жыл сайын тең төлемдермен жүргізіледі. Концессия субьектісінің меншікті қаражатын қайта инвестициялау кезінде меншікті қаражатты қайтару меншікті қаражаттың қайта инвестицияланған сомасы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Уәкілетті орган жыл сайын реттеу кезеңі ішінде пайдалануға енгізілген объектілер туралы нақты деректерді, бекітілген пайдалануға енгізу жоспарын түзетуді және қайтарылмаған инвестицияланған капиталдың қалдығын ескере отырып, реттеудің кезекті есептік жылына белгіленетін инвестицияланған капиталды қайтару шамасына түзету жүргізеді.
Toggle Dropdown
10. Тарифте ескерілетін концессия субъектісінің инвестицияланған және (немесе) қайта инвестицияланған меншікті қаражатына арналған пайданың жылдық сомасы пайда мөлшерлемесінің концессиялық жобаға салынған концессия субъектісінің меншікті қаражатының қалдық сомасына көбейтіндісі ретінде есептеледі.
Toggle Dropdown
Инвестицияланған меншікті капиталға пайда мөлшерлемесі қарыз қаражатына арналған сыйақы құнынан немесе концессия шартына қол қою сәтіне белгіленген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері ақша қаражатын (депозиттер) тарту мөлшерлемесінен кем емес шама болып табылады.
Toggle Dropdown
Концессия субъектісінің инвестицияланған және (немесе) қайта инвестицияланған меншікті қаражаты толық қайтарылғаннан кейін тарифте (бағада, алым мөлшерлемесінде) ескерілетін пайданың жылдық сомасын есептеу табиғи монополия субъектілері үшін қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайданың (таза кірістің) мөлшерлемесін есептеу жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
11. Концессиялық заңнамада көзделген концессия субъектілеріне мемлекеттік бюджеттен шығындарды өтеуге және кіріс алуға бөлінетін көздер тарифтің шығын және кіріс бөліктерінде ескерілмеген шығыстарды жабуға және кірістерді қамтамасыз етуге бағытталған төлемдерді қоспағанда, тарифті азайтуда ескеріледі.
Toggle Dropdown
Шығындарды өтеу және кірістер алу көздерінің төлемақы мөлшері мен тәртібі концессия шартында көзделеді және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
12. Тарифтің шығын бөлігінде ескерілмеген шығыстарға бағытталған субсидияларды қоспағанда, концессия субьектілеріне мемлекеттік бюджет қаражатынан бөлінетін субсидиялар тарифтің шығын бөлігін азайтуда ескеріледі.
Toggle Dropdown
13. Концессия субъектісі ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемін айқындау көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша нақты және болжамды деректердің негізінде заттай өлшемде жүзеге асырылады.