Toggle Dropdown
1
Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 434 қаулысы
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) «Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы» шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
2) «Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы» шеңберінде кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
3) «Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы» шеңберінде гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
4) «Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы» шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
5) «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
6) «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
7) «Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы» шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
8) «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
9) «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 434 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
«Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы» шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы» шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап күнтiзбелiк 15 (он бес) күнiшiнде;
Toggle Dropdown
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
Toggle Dropdown
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минуттан аспайды.
Toggle Dropdown
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі болып табылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығындасағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» деген бірінші бағыты бойынша:
Toggle Dropdown
заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі не дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
Toggle Dropdown
ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
Toggle Dropdown
егер қызмет түрі лицензияланатын болса, лицензия (көрсетілетін қызметті алушының мөрімен/қолымен куәландырылған көшірме);
Toggle Dropdown
жарғы, құрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда, құрылтай шарты талап етілмейді). Акционерлік қоғам акциялар эмиссиясының проспектісін және акционерлер тізілімінен үзінді көшірмені (көрсетілетін қызметті алушының мөрімен/қолымен куәландырылған көшірме) қосымша ұсынады;
Toggle Dropdown
өтініш берілетін күнге дейін берілгеніне күнтізбелік 30 (отыз) күн өтпеген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы салық органынан анықтама;
Toggle Dropdown
салық декларациясының көшірмесін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының соңғы қаржы жылындағы қаржы есептері және/немесе интернет-ресурстарға орналастырылған, дебиторлықжәне кредиторлық берешегі (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және өнімдердің/тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің атауы) таратып жазылған қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпарат (көрсетілген қызметті алушының мөрімен/қолымен куәландырылған көшірмесі);
Toggle Dropdown
Банктің/Даму Банкінің Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда көрсетілетін қызметті алушыға кредит беру немесе кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты;
Toggle Dropdown
2) Бағдарламаның «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» деген үшінші бағыты бойынша:
Toggle Dropdown
заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі не дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
Toggle Dropdown
ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
Toggle Dropdown
егер қызмет түрі лицензияланатын болса лицензия (көрсетілетін қызметті алушының мөрімен/қолымен куәландырылған көшірмесі);
Toggle Dropdown
жарғы, құрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда, құрылтай құжаты қажет емес). Акционерлік қоғам акциялар эмиссиясының проспектісін және акционерлер тізілімінен үзінді көшірмені (көрсетілетін қызметті алушының мөрімен/қолымен куәландырылған көшірмесі) ұсынады;
Toggle Dropdown
өтініш берілген күнге дейін берілгеніне күнтізбелік 30 (отыз) күн өтпеген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы салық органынан анықтама;
Toggle Dropdown
салық декларациясының көшірмесін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының соңғы қаржы жылындағы қаржы есептері және/немесе интернет-ресурстарға орналастырылған дебиторлықжәне кредиторлық берешегі (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің атауы) таратып жазылған қаржы жағдайы туралы талдау жасауғамүмкіндік беретін ақпарат (көрсетілетін қызметті алушының мөрімен/қолымен куәландырылған көшірмесі);
Toggle Dropdown
экспорт режимінде тауарлар/өнімдерді шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері бар кедендік жүк декларациялары;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы кеден шекарасының өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауарға ілеспе құжаттар;
Toggle Dropdown
соңғы есепті кезеңдегі валюталық түсімнің тиісті деңгейінің болуын растайтын құжаттар.