Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ұшуға пайдалану және ұшуға жарамдылықта ұстау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 қаулысы
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған:
Toggle Dropdown
1) «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
2) «Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
3) «Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
4) «Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
5) «Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
6) «Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
7) «Ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
8) «Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
9) «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
10) «Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
11) «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
12) «Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
13) «Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
14) «Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 25 сәуірдегі
№ 400 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
5
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы неwww.e.gov.kz«электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Toggle Dropdown
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
Toggle Dropdown
азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (куәліктің телнұсқасы).
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз және/немесе электрондық түрде.
Toggle Dropdown
Куәлікті көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы өзі келгенде, берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып береді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы порталда азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті электрондық құжат нысанында «жеке кабинеттен» алады.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Азаматтық әуе кемесін тіркеу үшін алым төлемі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен және мөлшерлерде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Азаматтық әуе кемесін тіркеу үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Toggle Dropdown
1) азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 7 айлық есептік көрсеткіш;
Toggle Dropdown
2) азаматтық әуе кемелерін қайта тіркеу үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 7 айлық есептік көрсеткіш;
Toggle Dropdown
3) азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 3,5 айлық есептік көрсеткіш.
Toggle Dropdown
Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу жіберілген жағдайда, төлемді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Toggle Dropdown
Қабылдау және нәтижелерді беру алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;