«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіқаулы етеді:
Отправить по почте
Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 420 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 8 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 317 Қаулысына сәйкес
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіқаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 ақпандағы № 129 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 16, 275-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1363 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №72, 951-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 31-тармағы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 420 қаулысымен бекітілген
Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен(бұдан әрі - АӨК) субъектілерінің кредит/лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың негізгі мақсаты АӨК субъектілеріне қаржылыққызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.
2. Терминдер мен анықтамалар
3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі - әкімші) - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
2) комиссия - әкімшінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардың, қаржы институттары мен мүдделі, салалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысатын әкімші басшысының орынбасары басқаратын консультациялық-кеңесші орган;
3) кредит - айналым қаражатын толықтыру, негізгі құралдарды сатып алу және құрылыс үшін қаржы институты қарыз алушыға ақылылық, жеделділік, қамтамасыз етушілік және қайтарымдылық шартымен ұсынатын ақша сомасы;
4) кредиттік шарт - қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалатын шарт, оның шарттарына сәйкес қаржы институты кредит/лизинг ұсынады;
5) қаржы институттары - екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар кредиттік ұйымдар, сондай-ақ АӨК саласындағы лизингтік компаниялар менкредиттік серіктестіктер;
6) қарыз алушы - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен және/немесе өңдеумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарын қоса алғанда, меншік нысанына қарамастан жеке, заңды тұлға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу бойынша қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
7) қызмет көрсетуші банк - кредиттік шарттар бойынша субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған қаржы институтының арнайы ағымдағы шотын жүргізу бойынша функцияларды жүзеге асыруға қаржы институты уәкілеттік берген (заңды тұлғалардың банктік шоттарын жүргізуге және ашуға құқығы жоқ лизингтік компаниялар мен ауылдық кредиттік серіктестіктер үшін) екінші деңгейдегі банк;
8) лизинг - қаржы институтының кәсіпкерлік мақсаттар үшін кейіннен сатып алу құқығымен ауыл шаруашылығы техникасын, технологиялық жабдықты уақытша иеленуге және пайдалануға беруі;
9) оператор - кредиттік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша оператордың қызметін көрсету жөніндегі шарт негізінде АӨК саласындағы мамандандырылған ұйым ретінде тартылатын «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы;
10) субсидиялау - кредиттік шарттар бойынша пайыздық сыйақы мөлшерлемесін ішінара арзандату үшін пайдаланылатын қарыз алушыны мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;
11) субсидиялау шарты - әкімші, қаржы институты және оператор арасында жасалатын, қаражат аударудың тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін, қарыз алушылардың тізбесін көздейтін жазбаша келісім, оған сәйкес әкімші қарыз алушының кредиттік шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялайды;
12) сыйақы мөлшерлемесі - кредиттік шартта белгіленген сыйақы мөлшері;
13) технологиялық жабдық - тікелей және қосалқы мақсаттағы жабдықтардан тұратын, олардың қатысуынсыз толық технологиялық цикл қамтамасыз етілмейтін, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу жөніндегі жабдықтарды қамтиды.
3. Кредиттер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың жалпы шарттары
4. Айналым қаражатын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және салуға, сондай-ақ технологиялық жабдықты, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алуға арналған АӨК саласындағыкредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидиялауға жатады.
Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бұрын жасалған субсидиялау шарттарын ескере отырып, тиісті қаржы жылының 227 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер және лизинг бойыншасыйақы ставкасын өтеу» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.
5. Кредиттік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап не субсидиялау комиссиясының қайта қарауынсыз кредит берген немесе лизинг нысанасын берген сәттен бастап кредиттік шарттардың бүкіл қолдану мерзімінде жүзеге асырылады.
Бюджеттік бағдарламалар аясында 2013 жылы сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылған кредиттік шарттар бойынша:
1) 214 «Өсімдік шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының 104 «Ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздықсыйақы ставкаларын арзандату» кіші бюджеттік бағдарламасы шеңберінде шарттың қолданылуының қалған мерзіміне 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап басталады;
2) 213 «Қайта өңдеу өндірісін дамыту» бюджеттік бағдарламасының 100 «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкаларын өтеу» кіші бюджеттік бағдарламасы шеңберінде шарттың қолданылуының қалған мерзіміне 2013 жылдың субсидияларын бөлгеннен кейінгі келесі төлем күнінен басталады.
Қаржы институты шетелдік валютамен немесе шетелдік валютаға байланыстырылған теңгемен берген кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды әкімші субсидиялар сомасын қаржы институттарына аудару күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен жүзеге асырады. Оң бағамдық айырмашылық пайда болған жағдайда, оны болашақсубсидиялар есебіне есептейді, ал егер кері бағамдық айырмашылық пайда болған жағдайда, оны қарыз алушы төлейді. Бұл ретте сыйақы бойынша индекстеу субсидиялауға жатпайды.
4. Субсидияны ұсынудың шарттары
6. Кредиттік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес АӨК саласындағы қызметтердің басым түрлері бойынша ұсынылады.
Бұл ретте, бюджетте көзделген қаражаттың кемінде 50 (елу) %-ы осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын қарыз алушылардың кредиттік шарттарын субсидиялауға бағытталады. Тиісті қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бөлінбеген көрсетілген қаражат болған жағдайда, комиссия оларды осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес АӨК саласындағы қызметтің басқа түрлеріне қайта бөледі.
Қызметтің басым түрлеріне қосылмаған АӨК саласындағы қызметтің қалған түрлері осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген қызмет түрлері бойынша қажеттіліктер комиссияның бір отырысы шеңберінде толық қанағаттандырылғаннан кейін қаралатын болады.
7. Субсидиялау кредиттік шарттар бойынша теңгемен жылдық 14 %-дан артық емес және шетелдік валютамен жылдық 10 (он) %-дан артық емес бекітілген номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жүзеге асырылады, оның бір бөлігін мемлекет субсидиялайды, ал қалған бөлігін қарыз алушы төлейді.
8. Кредиттік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны теңгемен жылдық 7 (жеті) %-ға және шетелдік валютамен жылдық 5 (бес) %-ға төмендету жолымен жүзеге асырылады.
9. Сыйақы мөлшерлемесін теңгемен жылдық 10 (он) %-ға және шетелдік валютамен жылдық 7 (жеті) %-ға төмендету жолымен оны субсидиялау мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағыауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтардың мынадай түрлерін сатып алуға арналған кредиттік шарттар бойынша жүзеге асырылады:
1) шөп және жемшөп дақылдарын себетін сепкіштер;
2) жемшөп жинайтын комбайндар, жемшөп жинайтын машиналар;
3) тырмалар, аударғыштар, ысырғыштар, десте қалауыштар, десте жасауыштар;
4) өздігінен жүретін және тіркемелі дестелегіштер;
5) маялағыштар, жұмыс органдары ауыстырмалы құрама әмбебап аспалар;
6) жемшөп араластырғыштар, жемшөп үлестіргіштер, ұсатқыштар, араластырғыштар және ұсақтағыштар;
7) тиеуіштер және теңдер мен оралған шөптерді тасымалдауға арналған арбалар, оралған шөпті кескіш пен оралған шөпті жіппен орауыш;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |