Bestprofi Logo

Қаулы № 421 от 2014-04-29г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2016 г.

Документ на казахском языке

Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 421 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2016 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.08.2015 жылғы № 9-3/726 Бұйрығын қараңыз

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5 бабының 10-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 421 қаулысымен бекітілген

Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидалары

1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салынымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) субъектісі жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру (инвестициялық субсидиялар) тәртібін айқындайды.

2. Инвестициялық салынымдар кезінде АӨК субъектілері жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялаудың негізгі мақсаты капитал сыйымдылығын төмендету және салынған инвестициялардың өтемділігін арттыру жолымен АӨК-тің басымды бағыттарында (секторларында) инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.

3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) АӨК-тің басымды бағыттары (секторлары) – осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген едәуір даму әлеуеті бар АӨК бағыттары;

2) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;

3) жұмыс органы – облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармасы;

4) инвестор – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес АӨК-тің басымды бағыттарында (секторларында) инвестициялық салынымдарды жүзеге асыратын АӨК субъектісі;

5) инвестициялық жоба – жаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешені;

6) инвестициялық субсидиялар – инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде инвесторлар жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру;

7) инвестициялық салыным – инвестициялық жоба шеңберінде жаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге, оның ішінде техника мен жабдықтар сатып алуға бағытталған шығындар;

8) инвестициялық субсидиялау шарты – жұмыс органы, инвестор және оператор арасында жасалатын, инвестициялық субсидиялардың қаражатын аударудың, мониторинг барысының тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін және өзге де шарттарды көздейтін жазбаша келісім;

9) жобаның паспорты – осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген инвестициялық субсидиялауға жататын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түріндегі инвестициялық салынымдардың тізбесі және барынша рұқсат етілгенқұны;

10) комиссия – инвесторлардың өтініштерін қарау және инвестициялық субсидияларды ұсыну/ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін тұрақты әрекет ететін алқалы орган;

11) қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер, банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар, лизингтік компаниялар, кредиттік серіктестіктер;

12) оператор – «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы;

13) эскроу шоты – осы Қағидалардың 33, 34-тармақтарына сәйкес инвестициялық субсидиялау шартының талаптарын қамтамасыз ету үшін инвестициялық субсидиялардың сомалары аударылатын инвестордың қаржы институтындағы шоты.

3. Инвестициялық субсидиялаудың жалпы шарттары

4. Инвестициялық субсидиялар инвесторларға осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген басым бағыттар (секторлар) тізбесі бойынша, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген объектілер, сатып алынған техника мен жабдықтар бойынша төленеді.

Бұл ретте, тиісті күнтізбелік жылдың 1 шілдесіне дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бірінші топтың бағыттары (секторлары) бойынша инвестициялық субсидиялар ұсынуға арналған инвесторлардың өтініштері қаралады. Бірінші топ ішінде бірінші кезекте басымдылық тәртібімен осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген кезектілік бойынша инвесторлардың өтініштері қаралады.

Тиісті күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кейін екінші топтың бағыттары бойынша инвесторлардың өтініштері қаралады. Бұл ретте, инвесторлардың өтініштері басымдылық тобына қарамастан,осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген кезектілік тәртібінде қаралады.

5. Тізбесі және барынша рұқсат етілген құны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жобалардың паспорттарында көрсетілген тауарлар, жұмыстар және көрсетілген қызметтерге салынған инвестициялық салынымдардың бір бөлігі өтеуге жатады.

Әрбір инвестициялық жоба бойынша инвестициялық субсидия көлемі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жобалардың паспорттарында көрсетілген нақты жүргізілген инвестициялық салыным сомаларының үлесі түрінде айқындалады.

Егер инвестор мәлімдеген инвестициялық салыным құны жобаның паспортында көрсетілген инвестициялық салынымның барынша рұқсат етілген құнынан асып кеткен жағдайда, инвестициялық субсидияның есебі жобаның паспортында көрсетілген барынша рұқсат етілген құн бойынша жүргізіледі.

6. Инвестициялық субсидиялар инвестордың жаңа, бұрын пайдаланылмаған техника мен жабдықтарды сатып алуға арналған инвестициялық салынымдары бойынша төленеді.

7. Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау тиісті қаржы жылына арналған облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер ретінде республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.

Егер инвесторлар мәлімдеген субсидиялар көлемі бөлінген субсидиялар көлемінен артып кеткен жағдайда, өтінімдер осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген бағыттардың (секторлардың) басымдылықтарының кемуі тәртібінде қанағаттандырылады.

8. Инвестициялық субсидиялар осы тармақта, сондай-ақ осы Қағидалардың 33-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, инвестициялық жобаның шеңберінде жаңа өндірістік қуаттарды пайдалануға бергеннен немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейткеннен, техника мен жабдықтарды сатып алғаннан кейін толық көлемде төленеді.

Инвестициялық субсидияларды жаңа өндірістік қуаттар құрған кезде жобалау-сметалық құжаттамаға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейткен кезде бизнес-жоспарға сәйкес инвестициялық жобаның кезегін (кезеңін) пайдалануға бергеннен кейін төлеуге жол беріледі.

Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес басымды бағыттар (секторлар) тізбесінің 11-17-тармақтарында көзделген қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту бағыттары бойынша жаңа өндірістік қуаттар құруға арналған инвестициялық субсидиялар екі траншпен:

1) бірінші транш объектіні пайдалануға бергеннен кейін инвестициялық субсидиялардың жалпы сомасының 50 %-ы мөлшерінде;

2) екінші транш бизнес-жоспарда көзделген мерзімде, өндірістік қуаттар жүктемесі кемінде 50 %-ға жеткеннен кейін инвестициялық субсидиялардың жалпы сомасының 50 %-ы мөлшерінде төленеді.

4. Инвестициялық субсидиялау мәселелері бойынша комиссия құру тәртібі

9. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы Қағидалардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он бес жұмыс күні ішінде өз шешімімен облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасарларының төрағалығымен инвестициялық субсидиялау мәселелері жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – комиссия) құрады.

Комиссия тұрақты негізде қызмет етеді және төрағадан, оның орынбасарынан, жергілікті атқарушы органдардың және өзге мүдделі облыстық/қалалық басқармалардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың (келісім бойынша) өкілдері болып табылатын мүшелерден және хатшыдан тұрады.

Бұл ретте, комиссияның сандық құрамы тақ болуы және жеті адамнан кем болмауы тиіс, комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.

Егер комиссия отырысына мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, комиссияның отырысы заңды болып есептеледі.

Ауыл шаруашылығы басқармасы комиссияның жұмыс органы болып табылады.

5. Инвестициялық субсидиялауға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасасу тәртібі

10. Жұмыс органы мен оператор арасындағы өзара іс-қимылды реттеу үшін жыл сайын тиісті жылдың 25 қаңтарына дейін (2014 жылы – осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде) оператордың көрсетілген қызметтеріне төлемақы сомаларын көрсете отырып, оператордың көрсетілген қызметтер ұсыну тәртібін, шарттарын, сондай-ақ тараптардың жауапкершілігін және өзге де шарттарды көздейтін инвестициялық субсидиялау бойынша оператордың қызметтерін көрсету жөніндегі шарт (бұдан әрі – қызметтер көрсету жөніндегі шарт) жасалады.

11. Оператордың көрсетілетін қызметтері қызметтер көрсету жөніндегі жасалған шартқа сәйкес тиісті қаржы жылына арналған инвестициялық салынымдар кезінде АӨК субъектісі жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялауға көзделген қаражат шеңберінде төленеді.

12. Оператор қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде облыс/қала аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және облыстық/қалалық әкімдіктің интернет-ресурсына мемлекеттік және орыс тілдерінде инвестициялық субсидиялау үшін оператордың инвесторлардан өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру орналастырады.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание