Toggle Dropdown
"Бағалы металдармен, олардан жасалған өнімдерді қоспағанда, және құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді арнайы есепке қою туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 529 қаулысы
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған «Бағалы металдармен, олардан жасалған өнімдерді қоспағанда, және құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді арнайы есепке қою туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 21 мамырдағы
№ 529 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
«Бағалы металдармен, олардан жасалған өнімдерді қоспағанда, және құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді арнайы есепке қою туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Бағалы металдармен, олардан жасалған өнімдерді қоспағанда, және құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді арнайы есепке қою туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
Toggle Dropdown
2) «электрондық үкіметтің»www.еgov.kzвеб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Toggle Dropdown
1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 5 (бес) күн;
Toggle Dropdown
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
Toggle Dropdown
3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – бағалы металдармен, олардан жасалған өнімдерді қоспағанда, және құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларымен операциялардыжүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді арнайы есепке қою туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама).
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Toggle Dropdown
Анықтаманы қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.
Toggle Dropdown
Портал арқылы жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанда «жеке кабинетке» жіберіледі.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі;
Toggle Dropdown
2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
Toggle Dropdown
ұйымның атауы немесе дара кәсіпкердің деректері, заңды мекенжайы көрсетілетін анықтаманы алуға арналған еркін нысандағы өтінімхат;
Toggle Dropdown
2) порталға:
Toggle Dropdown
ұйымның атауы немесе дара кәсіпкердің деректері, заңды мекенжайы көрсетілетін анықтаманы алуға арналған еркін нысандағы өтінімхат.
Toggle Dropdown
Порталда электрондық сұратуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады, құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде беріледі.
Toggle Dropdown
Жеке басты куәландыратын, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-менкуәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не почта арқылы) – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесіндегі құжаттардың топтамасын қабылдау уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;
Toggle Dropdown
2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұратудың қабылдағаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Toggle Dropdown
3. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы бойынша беріледі, телефоны: 8 (7172) 24 04 75, 29 08 48.
Toggle Dropdown
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу орны мен мерзімін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымдықарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Toggle Dropdown
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымдықарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартып отыратын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.
Toggle Dropdown
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Toggle Dropdown
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінугеқұқығы бар.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушініңwww.comprom.kzинтернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналасқан.
Toggle Dropdown
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелеріжөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 28 42, 29 90 86. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.