• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласында көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласында көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 102 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 сәуірде № 9370 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 28.05.2015 жылғы № 619 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар: 
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеудi, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сатып алу және өткізу бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Босатылатын оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Тауарлардың, оның iшiнде экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң экспорты мен импортына лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде қайта өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы электрондық мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң міндетін атқарушының 2012 жылғы 5 қазандағы № 364 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне № 8077 болып тiркелген, 2013 жылғы 21 желтоқсандағы № 279 (28218) «Егемен Қазақстан» газетiнде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Өнеркәсiп комитетi белгiленген заңнамалық тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiне ресми жариялауға жiберiлуiн; 
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшыларында  көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бiрiншi вице-министрi А.П. Рауға жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң орынбасары – 
      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрi                     Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
 Премьер-Министрiнiң орынбасары –
 Қазақстан Республикасының
 Индустрия және жаңа
 технологиялар министрiнiң
 2014 жылғы 27 наурыздағы
 № бұйрығына
 1-қосымша
«Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Өнеркәсiп комитетi (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi, оның ішінде «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е–лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.
3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi – тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшанының телнұсқасы немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесiнде құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимылдар) бастауға негiздеме Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 26 ақпандағы № 155 қаулысымен бекітілген «Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы қосылған көрсетiлетiн қызмет алушының өтiнiшi не электронды сұрау салуы болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1-рәсiм - көрсетілетін қызметті беруші кеңсесiнiң маманы құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жiбередi;
2-рәсiм - көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қарар жазады және құжаттарды басқармасының басшысына қарауға жiбередi;
3-рәсiм - басқарма басшысы жауапты орындаушыны белгілейді және оған құжатты бередi;
1-шарт - көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толық топтамасын;
4-рәсiм - ұсынылған құжаттар топтамасын толық еместігінен байланысты жауапты орындаушы өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша дәлелдi түрде бас тартуды дайындайды;
5-рәсiм – келісім алу үшін жауапты орындаушы тиісті мемлекеттік органдарға сұрау жібереді;
6-рәсiм – жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын оның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, қайта ресiмдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру шарттарына, сондай-ақ қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгi мәніне қарайды, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтің нәтижесiн дайындайды және басқарма басшысының қарауына енгiзедi;
7-рәсiм – басқарма басшысы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiне бұрыштама қол қояды және көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қол қоюына бередi;
8-рәсiм – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтің нәтижесiне қол қояды және оны жауапты орындаушыға бередi;
9-рәсiм – жауапты орындаушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтің нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушының кеңсесiне тіркеу үшін жібередi;
10-рәсiм – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесiнiң маманы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтің нәтижесiн тiркейді және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға почта арқылы немесе қолма-қол береді;
6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдердiң (iс-қимылдың) нәтижесi осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген.
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесiнде құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өзара iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы
7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтің рәсіміне қатысатын көрсетiлетiн қызметті берушiлердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
2) басқарма басшысы;
3) жауапты орындаушы;
4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесiнiң маманы.