Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы саласында техникалық және кәсіптік білімнің кәсіби стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 20/460 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 қарашада № 8929 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 4 қантардан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.12.2020 жылғы № 393 Бұйрығына сәйкес
1. Бекітілсін:
1) «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» қызмет түрі бойынша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің кәсіби стандарты;
2) «Ауылшаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» қызмет түрі бойынша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің кәсіби стандарты;
3) «Агрономия» қызмет түрі бойынша осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің кәсіби стандарты;
4) «Дәнді сақтау және өңдеу» қызмет түрі бойынша осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің кәсіби стандарты;
5) «Ет және ет өнімдерін өндіру» қызмет түрі бойынша осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің кәсіби стандарты;
6) «Сүт өнімдерін өндіру» қызмет түрі бойынша осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің кәсіби стандарты;
7) «Азық-түлік өнімдерін өндіру» қызмет түрі бойынша осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің кәсіби стандарты.
2. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (Хасенов С.С.), Қайта өңдеу және азық түлік нарығы департаменті (Ахметов Ш.И.) Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіп бойынша кәсіби стандарттарды енгізу үшін шаралар қабылдасын.
3. Әлеуметтік саясат басқармасына (Лепешко С.С.):
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуі бекітілген тәртіпте қамтамасыз етілсін;
2) мемлекеттік тіркеу өткеннен кейін, осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының жауапты вице-министріне жүктелінсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап, күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
«Келісілген»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дүйсенова___________
2013 жылғы 21 қазан

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |