• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 18.06.2015 г

Отправить по почте

1

Өңірлердің жұмыспен қамту карталарын қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 135-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 сәуірде № 9315 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 18 маусымнан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 10.04.2015 жылғы № 221 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өңірлердің жұмыспен қамту карталарын әдістемесі бекітілсін.
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін, сондай-ақ «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілер ақпараттық-құқықтық жүйесінің интернет-ресурсында оның ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын;
4) осы бұйрықты облыстардың жергілікті атқарушы органдарының, Астана және Алматы қалаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қ.Б.Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 135-ө бұйрығымен бекітілген
 Өңірлердің жұмыспен қамту карталарын қалыптастыру
  әдістемесі
1. Осы Өңірлердің жұмыспен қамту карталарын қалыптастыру әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының 8-тармағына сәйкес әзірленді.
1) жұмыссыздар - кіріс әкелетін еңбек қызметімен айналыспайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге әзір, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар;
2) экономикалық тұрғыдан белсенді халық (жұмыс күші) - тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін, халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы халықтың бөлігі (экономикада жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар);
3) Қазақстан Республикасының табысы аз азаматтары (отбасылары) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар;
4) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
5) уәкілетті орган - өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;
6) өз бетінше жұмыспен айналысушылар - жеке тұтынуға арналған өндірісті қоса алғанда, табыс алу үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірумен (өткізумен) дара айналысатын жеке тұлғалар, өндірістік кооператив мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін қызметкерлері және жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілер;
7) жеке қосалқы шаруашылық - ауылдық жерде және қалаға іргелес аймақты орналасқан жер учаскесінде өзінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған қызмет түрі;
8) жалдамалы (ақы төленетін) қызметкерлер - еңбегі үшін ақыны, оның ішінде лауазымдық жалақы, сыйлықақы, үстеме ақы немесе заттай түрдегі еңбекақыны (сыйақыны) көздейтін еңбек шарты бойынша (жал шарты) жұмыс істейтін жеке тұлғалар;
9) отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) жалақы төленбейтін қызметкерлері - туыс адам басқаратын кәсіпорында (шаруашылықта) сыйақысыз жұмыс істейтін жеке тұлғалар;
10) жан басына шаққандағы орташа табыс - отбасының бір айдағы жиынтық табысының отбасының әр мүшесіне шаққандағы үлесі;
11) жұмыссыздық деңгейі - экономикалық белсенді халық санындағы жұмыссыздар санының пайызбен өлшенген үлес салмағы;
12) кооператив мүшелері - өндірістік кооперативтің мүшелері болып табылатын жеке тұлғалар;
13) экономикалық белсенді емес (енжар, бейғам) халық - қаралып отырған есепті кезеңде жұмыспен қамтылғандар немесе жұмыссыздар болып табылмайтын, халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы (15 жастағы және одан жоғары) жеке тұлғалар;
14) өңір - республиканың бірнеше елді мекендерін қамтитын, оның мүддесі үшін құрылатын және басқарылатын республика аумағының бір бөлігі. Республикалық әкімшілік-аумақтық құрылыстың негізгі буындары ретінде облыс, аудан және ауылдық округ өңірлер болып табылады;
15) халықтың механикалық қозғалысы - тұрғылықты жерін ауыстыру мақсатында елдің шекарасы немесе қандай да бір аумақ (көші-қон) арқылы халықтың жүріп-тұруы.
3. Жұмыспен қамту карталары ортамерзімдік перспективаға (үш жылдық кезеңге, әр жылға жеке) мынадай өңірлер бойынша жасалады:
Ауылдың, кенттің, ауылдық округтің, қаладағы ауданның жұмыспен қамту карталары үй аралап халыққа сауалнама жүргізу, сондай-ақ бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің, қызметін көрсетілген аумақта жүзеге асыратын кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің мәліметтері арқылы жасалады, ол әрбір есепті жылдың 15 ақпанына дейін қалыптастырылады және жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Ауданның жұмыспен қамту картасы ауылдың, кенттің, ауылдық округтердің жұмыспен қамту карталарының, аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, аудан кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының мәліметтері негізінде жасалады. Ауданның жұмыспен қамту картасын жұмыспен қамту жөніндегі аудандық уәкілетті органдар қалыптастырады және жинақтау және облыстық жұмыспен қамту картасын қалыптастыру үшін әрбір есепті жылдың 1 наурызына дейін жұмыспен қамту жөніндегі облыстық уәкілетті органға береді.
Облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту картасы кенттердің, ауылдық округтердің жұмыспен қамту карталарының, қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, қала кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының мәліметтері негізінде жасалады, оны жұмыспен қамту жөніндегі қалалық уәкілетті орган қалыптастырады және жинақтау және облыстың жұмыспен қамту картасын қалыптастыру үшін әрбір есепті жылдың 1 наурызына дейін жұмыспен қамту жөніндегі облыстық уәкілетті органға береді.
Облыстың жұмыспен қамту картасы аудандардың жұмыспен қамту карталары мен облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту картасының, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жоғары оқу орындарының деректері негізінде жасалады, оны жұмыспен қамту жөніндегі облыстық уәкілетті орган қалыптастырады және республикалық картаны қалыптастыру үшін әрбір есепті жылдың 1 сәуіріне дейін орталық атқарушы органға береді.
Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамту карталары қаладағы аудандардың жұмыспен қамту карталарының, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жоғары оқу орындарының мәліметтері негізінде жасалады, оны жұмыспен қамту жөніндегі қалалық уәкілетті орган әрбір есепті жылдың 1 сәуіріне дейін қалыптастырады және республикалық картаны қалыптастыру үшін орталық атқарушы органға береді.
Ауылдың, кенттің, ауылдық округтің, қаладағы ауданның, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамту карталарын ауылдың, кенттің, ауылдық округтің, қаладағы ауданның, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері бекітеді.
Республикалық жұмыспен қамту картасын жұмыспен қамту саласындағы орталық уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамту карталары негізінде әрбір есепті жылдың 1 мамырына дейін қалыптастырады. Республикалық жұмыспен қамту картасын орталық атқарушы орган бекітеді.
Өңірлердің жұмыспен қамту карталары орталық мемлекеттік органдардың мәліметтері ескеріле отырып толықтырылады және түзетіледі.
Жергілікті атқарушы органдар бір жылда екі рет (есіпті жылдың 1 қаңтарындағы және 1 шілдесіндегі жағдай бойынша) 5 қаңтарда және 5 шілдеде Өңірлердің жұмыспен қамту карталарының мәліметтерін жаңартып отырады.
Уәкілетті орган Ауылдың, кенттің, ауылдық округтің, қаладағы ауданның, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамту карталарында көрсетілген жұмыс орындарын құру мониторингін жүргізеді.
5. Осы Әдістеме бойынша әдістемелік басшылықты жұмыспен қамту саласындағы орталық атқарушы орган және уәкілетті орган жүзеге асырады.
6. Өңірлердің жұмыспен қамту карталары мынадай бөлімдерден тұрады: