• Мое избранное
Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына оқуға түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2021 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына оқуға түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 133 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 22 мамырда № 9461 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 17.02.2021 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес 
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына оқуға түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары бекітілсін.
2. Қаржы полициясы академиясы Агенттіктің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментімен бірлесе отырып, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
       Төраға                                  Р. Түсіпбеков 
Қазақстан Республикасы
 Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
 агенттігі (қаржы полициясы)
 Төрағасының
 2014 жылғы 8 сәуірдегі
 № 133 бұйрығына қосымша
  • 1
Жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына оқуға түсетін адамдармен келісім-шарт жасасу, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары
1. Жалпы ережелер
Осы Жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) (бұдан әрі - Агенттік) Қаржы полициясы академиясына (бұдан әрі - Академия) оқуға түсетін адамдармен келісім-шарт жасасу, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Академияға түсетін адамдармен келісім-шарт жасасу, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртібін белгілейді.
2. Академияға оқуға түсетін адамдар осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Академияда оқу мерзіміне және бір мезгілде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында Академияда оқуын бітірген соң орта және аға басшы құрам лауазымдарында күнтізбелік есеппен бес жыл қызмет өткеру туралы келісім-шарт жасасады.
3. Келісім-шартта тараптардың (оқуға түсетін адамдар мен құқық қорғау органының лауазымды адамы) өзара міндеттемелері мен жауапкершіліктері белгіленеді, сондай-ақ Академияда оқуды бітірген соң құқық қорғау органдарында одан әрі қызмет өткеру шарты мен мерзімін қарастырады.
4. Мандаттық комиссия Академияға оқуға қабылдау туралы шешім шығарғаннан кейін және оқуға қабылдау туралы бұйрық жасалған соң келісім-шарт жасалады.
Келісім-шарт жазбаша түрде құрастырылады, курсант (тыңдаушы) және Академия бастығы қол қояды. Келісім-шарт екі данада мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді, олардың бірі жеке іске жинақталады, ал екіншісі курсантқа (тыңдаушыға) беріледі. Әрбір келісім-шарттың бірдей заңды күші бар.
5. Келісім-шарттың қолданысқа енгізілуінің күнтізбелік мерзімі оған Академия бастығы қол қойған күн болып табылады, келісім-шартты қолдану мерзімінің аяқталуы келісім-шарт мәтінінде көрсетілген мерзім болып табылады.
Келісім-шарт тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.
6. Академияда оқытудың қысқартылған нысаны бойынша оқуды аяқтаған адамдар құқық қорғау органдарында кемінде бес жыл мерзімінде қызмет өткереді.
7. Келісім-шарт:
  • 1
1) әскери-дәрігерлік комиссияның тыңдаушыны (курсантты), қызметкерді денсаулық жағдайы бойынша қызметке жарамсыз немесе шекті түрде жарамды деп таныған;
2) өз еркі бойынша;
3) оқу орнын аяқтаған соң 5 жыл ішінде қызметкердің құқық қорғау органдарында қызмет өткеруден бас тартқан;
4) басқа мемлекеттік органдарға және ұйымдарға белгіленген тәртіпте жұмысқа ауысқан;
5) оқу үлгерімі нашар болған жағдайда;
6) әскери тәртіпті өрескел бұзғаны үшін;
7) құқық қорғау органдарына кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін;
8) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенде немесе ақталмау негіздері бойынша қылмыстық іс қысқартылған жағдайда мерзімінен бұрын бұзылады.
8. Келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған курсанттар (тыңдаушылар) арнайы есептен шығарылады және Академияның кадрлар бөлімшесі әскери есепке қою, белгіленген тәртіпте әскерге шақыру үшін тұрғылықты жері бойынша әскери органға жолдайды
Осы қағидалардың 7-тармағының 1-абзацын қоспағанда, келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған курсанттар (тыңдаушылар) олардың оқу кезеңінде стипендия төлеу, тамақтану, заттай үлесіне жұмсалған бюджеттік қаражаттарды мемлекетке өтеуге міндетті. Ұстауға жататын сома Академияда болған әр толық айға тең есептеледі.
9. Академия оқудан шығарылған Академия курсанттарының (тыңдаушыларының) бюджеттік қаражаттарды мемлекет пайдасына өтеуін жүзеге асырады.
Академия қаржы полициясы органдарының аумақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып жұмыстан шығарылған қызметкерлердің бюджеттік қаражаттарды мемлекет пайдасына өтеуін жүзеге асырады.
10. Келісім-шарттың қолданысы оның мерзімі аяқталған күні, сондай-ақ келісім-шартта көрсетілген барлық міндеттемелерді орындау кезінде тоқтатылады.
Жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына оқуға түсетін адамдармен келісім-шарт жасасу, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларына қосымша
                                                          Нысан
Жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясында мамандарды даярлауға арналған келісім-шарт
1. Жалпы ережелер
Осы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясында (бұдан әрі - Академия) мамандар даярлауға арналған келісім-шарт (бұдан әрі - келісім-шарт) Академия мен
_____________________________________________________________________
(оқу орнының - заңды тұлғаның толық атауы және оның орналасқан жері)
_____________________________________________________________ атынан
       (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу нөмірі және мерзімі)
_____________________________________________________________________
(лауазымы, арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
екінші жағынан ______________________________________ мекенжайында
тұратын оқуға түскен тыңдаушы (курсант)
_____________________________________________________________________
                    (тыңдаушының (курсанттың) Т.А.Ә.)
№_____________________________ «____» _____________________________
  (жеке куәліктің нөмірі)             (құжаттың берілген мерзімі)
ЖСН _____________________________ арасында жасалды.
       1. Академия тыңдаушыға (курсантқа) ____________________________
__________________________ мерзім ішінде ____________________________
                        (мамандықтың атауы мен шифрі, оқыту нысаны)
______________________________________ бойынша білім алуына қажетті
жағдайлар жасайды.
 Оқыту мерзімі____________________________________________ басталады.
2. Академияның құқықтары және міндеттері
2. Академия:
1) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте осы келісім-шартты өзгертуге, бұзуға;
2) өз өкілеттіктері шегінде актілер шығаруға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тыңдаушыны (курсантты) көтермелеуге, оны тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартуға;
4) тыңдаушының (курсанттың) оқу кезеңінде Академия мүлкіне келтірген залалды өтетуге;
5) осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.
3. Академия:
1) тыңдаушыны (курсантты) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім алу жағдайларымен қамтамасыз етуге;
2) тыңдаушыға (курсантқа) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген оған тиесілі ақшалай төлемді (стипендияды) ай сайын төлеуге;
3) тыңдаушыны (курсантты) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тиесілік нормалары бойынша нысанды және арнайы киім-кешекпен тегін қамтамасыз етуге;
4) нормативтік актілермен белгіленген оқу жағдайларын жасауға және тыңдаушыны (курсантты) қажетті жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге;
5) тыңдаушыға (курсантқа) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес каникулдық және демалыстың басқа түрлерін беруге;
6) тыңдаушыға (курсантқа) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте және жағдайларда тыңдаушыға (курсантқа) қызметтік міндеттерін орындауға байланысты келтірілген зиянды өтеуге;
8) жеке ісінің, әскери билетінің (тіркеу куәлігінің), сондай-ақ еңбек кітапшасының сақталуын қамтамасыз етуге және оған қажетті жазбалар енгізуге;
9) тыңдаушының (курсанттың) жеке ісіне оның оқуына жұмсалған шығыстар туралы анықтаманы біріктіруге;
10) тыңдаушыны (курсантты) комиссияның шешімі бойынша одан әрі қызметін өтеу үшін аумақтық қаржы полициясы органдарына жіберуге міндетті.
3. Тыңдаушының (курсанттың) құқықтары мен міндеттері
4. Тыңдаушы (курсант):
1) осы келісім-шартты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте өзгертуге және бұзуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақшалай қаражатты төлеуге;
3) қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін оқыту, тұру және медициналық қамтамасыз ету жағдайларына;
4) қызметтік міндеттерін орындауға байланысты өзінің денсаулығына келтірілген зиянның өтелуіне;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген кепілдіктердің және өтемақылардың ұсынылуына;
6) ұзақтығы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленген демалысты алуға;
7) белгіленген мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес кәсіби білім алуға;
8) оқу процесі, тәрбие және мәдени-ағартушылық жұмыстарды жетілдіру, оқу үлгерімі, тәртібі және тұрмысын жақсарту мәселелерін шешуге қатысуға құқылы.
5. Тыңдаушы (курсант):
1) осы келісім-шартта көрсетілген кәсіби мамандықтың барлық түрлерін дұрыс меңгеруге;
2) қызметтік, әскери тәртіпті сақтауға;
3) оқу процесінде мүліктік залал келтіруге жол бермеуге;
4) еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары мен санитарлық-гигиеналық нормалардың талаптарын орындауға;
5) оқу процесі барысында алған және заңмен қорғалатын қызметтік және өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жарияламауға;
6) адамдардың өмірі мен денсаулығына, Академия мен білім алушылар мүліктерінің сақталуына қауіп төндіретін жағдайлардың туындауы туралы хабарлауға;
7) отбасы жағдайы өзгергенде, өзі немесе жақын туысқандары қылмыстық жауапкершілікке тартылғанда, олардың біреуі шетелге кеткен жағдайларда бұл туралы үш күн мерзім ішінде баянат арқылы тікелей бастығына баяндауға;
8) Академияның түлектерін дербес бөлу хаттамасына сәйкес бөлінген жерге бес жұмыс күні ішінде келуге;
9) оқуды аяқтағаннан кейін құқық қорғау органдарында кемінде бес жыл қызмет өткеруге;
10) Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген жағдайларда оқыту кезеңінде стипендия төлеуді, оның оқу кезеңінде тамақтануы мен заттай үлесіне жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге;
11) тыңдаушы (курсант) оқу орнын бітіргеннен кейін құқық қорғау органдарында 5 жыл қызмет өткеруден бас тартқан немесе «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген негіздер бойынша келісім-шартты бұзған жағдайда оған оқыған кезінде стипендия төлеуге, тамақтануына, заттай үлесіне жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге;
12) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес сеніп тапсырылған мүлікті (қару, арнайы техника) ұқыпсыз сақтаған, қасақана зақым келтірген және жойған жағдайда шығынды өтеуге;
13) ереуілдерді ұйымдастыруға және өткізуге қатыспауға міндетті.
4. Келісім-шартты бұзу және тоқтату негіздері
6. Осы келісім-шарт тараптардың келісімі немесе тараптардың біреуінің бастамасы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген өзге де негіздер бойынша бұзылуы мүмкін.
7. Келісім-шарт жазбаша түрде екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы белгіленген мөрмен басылады. Келісім-шарттың бір данасы тыңдаушының (курсанттың) жеке ісінде сақталады, екіншісі қолына беріледі.
      Осы келісім-шартқа____________________________________________
      (тыңдаушының (курсанттың) оқу орнына тапсырған жеке
____________________________________________________ қоса беріледі.
құжаттарының тізбесі)
8. Академия тыңдаушыға (курсантқа) қатысты келесі бұйрықтарды шығарды:
      оқуға қабылдау туралы 20 __ жылғы «____»_________№______
МО
      келісім-шарттың мерзімін ұзарту туралы 20 __ жылғы «___»________№____
МО
       келісім-шартты бұзу немесе тоқтату туралы 20 _ жылғы «__»_________№___
МО
       Келісім-шартты бұзу негізі_____________________________________
_____________________________________________________________________
9. Осы келісім-шартта көзделген міндеттемелерді орындамағаны және тиісті түрде орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.
11. Осы келісім-шартта көзделмеген мәселелер «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен реттеледі.
13. Осы келісім-шарттың тараптары арасындағы оның шарттарының орындалмауы бойынша туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте шешіледі.
       Академия бастығы             Академия тыңдаушысы (курсант)
________________________________   __________________________________
    (тыңдаушының (курсанттың)          (тегі, аты, әкесінің аты)
________________________________   __________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты)
________________________________   __________________________________
                (қолы)
      20__ «___» _______________            (қолы)
                                    20__ «___» _____________
                                         МО