Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Ішкі су және теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 239 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 сәуірде № 9374 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 23 қыркүйектен бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.05.2015 жылғы № 673 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркелгенін
растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Кеменің, шағын көлемді кеменің және салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік және куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден алып тастау және оларды мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден алып тастау және оларды мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
11) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
11-тармақша күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.05.2015 жылғы № 669 Бұйрығымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
12) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
12-тармақша күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.05.2015 жылғы № 669 Бұйрығымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі М.Қ. Пішембаевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж.Қасымбек