«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына, 9-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 533 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес «Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.04.2015 жылғы № 307 Бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына, 9-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Жобаларға, өнімдерге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) «Микробиологиялық зертханаларға патогендігі 1-4 топтардағы қоздырғыштармен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) «Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымщаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 533 қаулысымен бекітілген
"Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру кезінде – күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;
мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қайта тіркеу кезінде – күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы қатаң есептілік бланкісі болып табылатын куәлік.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, басылып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен куәландырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру www.azpp.gov. kz интернет-ресурсында орналастырылған мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары бойынша жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) балалар тамағы өнімдеріне, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларға, генетикалық түрлендірілген объектілерге, бояғыштарға, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарына, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарға, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарға, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлеріне мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (бұдан әрі – Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алуға арналған құжат туралы мәліметтер нысаны;
дайындаушы (өндіруші) растаған өнімдер негізге алынып дайындалатын құжаттардың көшірмелері (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшеліктер, рецептуралар, құрамы туралы мәліметтер);
дайындаушының (өндірушінің) өзі дайындаған өнімнің (өнім үлгілерінің) негізге алынып дайындалатын құжаттардың талаптарына жауап беретіні туралы жазбаша хабарламасының көшірмесі;
бақылаудағы тауарларды қолдану (пайдалану) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаттарының көшірмелері (нұсқаулық, басшылық, регламент, ұсынымдар) не өтініш беруші растаған оның көшірмесі);
заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері немесе көрсетілетін қызметті алушы растаған бақылаудағы тауарларға арналған олардың макеттері;
көрсетілетін қызметті алушы растаған тағамға биологиялық белсенді қоспалардың (құрамында белгісіз компоненттер бар, ресми емес жазбалары бар препараттар үшін) ерекше белсенділігі туралы құжаттардың көшірмелері;
зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының көшірмелері (гигиеналық сараптама актілері), ғылыми есептер, сараптама қорытындылары.
Кеден одағына (бұдан әрі – КО) мүше мемлекеттердің кедендік аумағынан тыс дайындалатын бақылаудағы тауарлар үшін қосымша:
мемлекеттік тіркеу жүргізілетін КО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес расталған препараттың (пестицидтер, агрохимикаттар, қорғаныш құралдары және өсімдіктердің өсуін реттеуіштер үшін) токсикологиялық сипаттамасы туралы құжаттардың көшірмелері;
тағамға биологиялық белсенді қоспа, тағамдық қоспа, дезинфекция (дезинсекция, дератизация) құралы, косметикалық өнім өндірілетін елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа да мемлекеттік уәкілетті органдарының) тіркеу жүргізілетін КО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес расталған дайындаушының (өндірушінің) мемлекеті аумағында осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын және еркін айналысына рұқсат беретін құжаттарының көшірмелері немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттігінің жоқтығы туралы мәліметтер;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |