Toggle Dropdown
3
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 544 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 13.03.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Toggle Dropdown
Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) «Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
2) «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
3) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
4) «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 26 мамырдағы
№ 544 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
«Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге және ХҚО – ға қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – бір айдан кешіктірмей;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқасы.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
Toggle Dropdown
2) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Toggle Dropdown
Құжатты қабылдау және беру жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек күту» тәртібімен жүзеге асырылады. Электрондық кезекті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы брондауға болады.
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті берушіге:
Toggle Dropdown
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына білім туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептері көрсетілген өтініш;
Toggle Dropdown
2) құжаттың нөмірі мен тіркеу күнін көрсете отырып, құжаттың жоғалғандығы туралы мерзімді баспа басылымдарында жарияланған хабарландырудың көшірмесі;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің түпнұсқасы (салыстыру үшін);
Toggle Dropdown
4) қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының тегінің (атының, әкесінің атының) өзгергенін растайтын құжат;
Toggle Dropdown
5) жарамсыз немесе алдыңғы жылдары толтырған кезде қателері бар (болған жағдайда) білім туралы құжаттың түпнұсқасы.
Toggle Dropdown
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ХҚО басшысының атына білім туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептері көрсетілген өтініш;
Toggle Dropdown
2) құжаттың нөмірі мен тіркелген күнін көрсете отырып, құжаттың жоғалғандығы туралы мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған хабарландырудың көшірмесі;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің түпнұсқасы (салыстыру үшін);
Toggle Dropdown
4) қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының тегінің (атының, әкесінің атының) өзгергенін растайтын құжат;
Toggle Dropdown
5) жарамсыз немесе алдыңғы жылдары толтырған кезде қателері бар (болған жағдайда) білім туралы құжаттың түпнұсқасы.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының осы тармағында көрсетілген құжаттарды ХҚО-ға тапсырған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға мыналар:
Toggle Dropdown
1) сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні;
Toggle Dropdown
2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
Toggle Dropdown
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
Toggle Dropdown
4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет ХҚО арқылы көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.