Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және "Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 195 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 549 қаулысы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) «Білім беру қызметіне лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу, лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. «Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 195 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 18, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:
«1. Бастауыш білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірлері 4, 5 және 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Негізгі орта білімнің, жалпы орта білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірлері 4, 5, 6 және 7-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
реттік нөмірлері 8, 9 және 10-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
реттік нөмірлері 7, 8 және 9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірлері 2 және 3-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 1-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірлері 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: