• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 15.08.2015 г

Отправить по почте

Су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қөлік және коммуникация министрінің м.а. 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 221 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 мамырда № 9397 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 15 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.05.2015 жылғы № 666 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған: 
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Салынып жатқан кемеге меншік құқықтарын салынып жатқан кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландыруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. «Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу», «Салынып жатқан кемеге меншік құқықтарын салынып жатқан кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» және «Шет мемлекеттің туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 603 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8004 тіркелді, «Казахстанская правда» от 28 ноября 2012 года № 412-413 (27231-27232), «Егемен Қазақстан» 2012 жылғы 28 қараша № 778-784 (27855) және 2012 жылғы 22 желтоқсан № 842-846 (27917).
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Қ.Н. Тілепов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін; 
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi
Министрдің міндетін атқарушы  Ж. Қасымбек