• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 03.08.2015 г

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 165 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 сәуірде № 9378 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 3 тамыздан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 30.05.2015 жылғы № 501 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру»;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәліктер беру»;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу»;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару»;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері бекітілсін.
1) «Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2012 жылғы 11 шілдедегі № 394 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеудің мемлекеттік тізілімінде 2012 жылғы 10 тамызда № 7838 тіркелді, «Казахстанская правда» газетінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 306-307 (27125-27126) және «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 598-602 (27675)) жарияланған;
2) «Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 487 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеу мемлекеттік тізілімінде 2011 жылғы 24 қазанда № 7277 тіркелді) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.