• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің регламентін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 27.05.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 55 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 мамырда № 9470 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.05.2016 жылғы № 223 Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 289 қаулысының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру және қызметінің жалпы қағидаларын белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі регламентінің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Әкімшілік қамтамасыз ету және ақпараттандыру департаменті (Г.Е. Құспекова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Төраға   Б. Қуандықов 
Қазақстан Республикасы
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау агенттігі төрағасының
2014 жылғы 28 сәуірдегі
№ 55 бұйрығымен
 БЕКІТІЛДІ
  • 1
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің РЕГЛАМЕНТІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Президент актілеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1538 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі туралы ережеге (бұдан әрі – Агенттік туралы ереже) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оған жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау процесінде Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) қызметінің жалпы қағидаларын белгілейді.
2. Осы Регламентте белгіленген талаптар Агенттіктің барлық құрылымдық бөлімшелерінің, облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы, аудандардағы, қалалардағы және қалалардың аудандарындағы, көліктегі аумақтық органдардың және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың барлық қызметкерлеріне қолданылады.
2. Жұмысты жоспарлау  
3. Агенттік өз қызметін Стратегиялық және операциялық жоспарларға, сондай-ақ тоқсанға және бір жылға құрылатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
Тоқсан сайынғы жоспарлау қысқа мерзімдік кезеңге арналған міндеттерді айқындайды және ең алдымен Агенттіктің Стратегиялық жоспарының және жылдық жұмыс жоспарларының іс-шараларын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
Стратегиялық, операциялық жоспарлар, сондай-ақ тоқсан сайынғы, жылдық жоспарлар және оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалға қарай бір жыл ішінде түзетілуі мүмкін.
4. Агенттіктің жұмыс жоспарларын кезекті кезеңнің басталуына дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей, құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың (бұдан әрі – бөлімшелер) дәлелді ұсыныстары бойынша Стратегиялық даму департаменті (бұдан әрі – СДД) қалыптастырады.
5. Агенттіктің жұмыс жоспарларын Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің жауапты хатшысы (бұдан әрі – Жауапты хатшы) бекітеді. Бұл ретте, Агенттіктің жұмыс жоспарлары кезекті кезеңнің басталуына дейін күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей бекітіледі.
6. Агенттіктің бекітілген жұмыс жоспарлары жоспарланған кезеңнің басталуына дейін күнтізбелік 3 күннен кешіктірілмей танысу және одан әрі орындау үшін Агенттік төрағасының жетекшілік ететін орынбасары – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігеріне және Агенттік төрағасының орынбасарларына (бұдан әрі – Төрағаның орынбасарлары) және құрылымдық бөлімшелер мен аумақтық органдарға жіберіледі.
7. Жоспарлы іс-шараларды іске асыру туралы материалдарды құрылымдық бөлімшелердің басшылары жоспарларда көзделген мерзімдерде дайындайды және міндеттерді бөлуге сәйкес міндетті түрде Төрағаның орынбасарларымен немесе Жауапты хатшымен келісуге жатады, содан кейін СДД-не жіберіледі.
Агенттіктің стратегиялық, операциялық, тоқсан сайынғы жоспарларының іске асырылу барысын СДД бақылайды. Қажеттілігіне қарай СДД-ы жоспардың тиісті тармақтарының орындалу жағдайын талқылау бойынша бөлімшелер басшыларының қатысуымен кеңестер ұйымдастырады. 
8. Агенттіктің жұмыс жоспарының негізінде оның құрылымдық бөлімшелері Төрағаның жетекшілік ететін орынбасарымен келісілген, Жауапты хатшымен бекітілетін өздерінің жұмыс жоспарларын жасайды. Көрсетілген жоспарға түзетулерді Жауапты хатшы бөлімше басшысының жетекшілік ететін Төрағаның орынбасарымен келіскен дәлелді қызметтік жазбасының негізінде енгізеді.
Қызметіне тікелей Төраға жетекшілік ететін бөлімшелердің жұмыс жоспарларын олардың басшылары бекітеді. 
9. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау жөніндегі комиссияның, аттестаттау комиссиясының жұмысы, біліктілікті арттыру, Агенттік қызметкерлерінің шетелдік іссапарға баруы, сондай-ақ Агенттіктің ішкі бақылау қызметінің бақылау іс-шараларын ұйымдастыру бойынша жұмыс «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 788 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 235 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесіне сәйкес бөлек жоспарланады.
3. Агенттік алқасының отырыстарын жоспарлау, материалдарды дайындау және өткізу тәртібі
          10. Агенттіктің алқасы Төраға жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және өз қызметін оның басшылығымен жүзеге асырады, алқа шешімдері Агенттіктің, Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдары мен ұйымдарының қызметкерлері үшін міндетті.
Алқаның төрағасы Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері, аумақтық органдары басшыларының ішінен алқаның сандық және жеке құрамын бекітетін Төраға болып табылады. 
11. Агенттік төрағасының отырыстары алқаның жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Алқаның отырыстары ашық болып табылады, қажет болған жағдайда Төраға алқаның жабық отырысын өткізу туралы хабарлай алады. 
Қажет болған жағдайда Төрағаның шешімі бойынша алқаның кезектен тыс және көшпелі отырыстары өткізілуі мүмкін. 
12. Алқаның жұмыс жоспарын СДД-ы Төрағаның, Жауапты хатшының, Төрағаның орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының ұсыныстары негізінде әзірлейді және Төрағаның бұйрығымен бекітеді. Алқаның жұмыс жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды тек Төраға (не оның міндетін атқарушы адам) енгізе алады.
Алқа отырыстарының жоспарын жасау кезінде оның мүшелері Алқа отырысына дейін кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын жоспарға, Алқа отырысының күн тіртібіне ұсыныстар енгізеді. 
13. СДД-ы алқа отырысында қарауға ұсынылған материалдарды жинақтайды және олардың дайындығы туралы Төрағаға баяндайды. 
14.Алқаның төрағасы: 
1) Алқаның отырыстарында төрағалық етеді; 
2) Алқаның жұмысын ұйымдастырады; 
3) Алқаның жұмыс жоспарын, күн тәртібін, Алқа жұмысының регламентін, отырысты өткізу күнін, уақытын және орнын, жүргізілу тәртібін және өзге де қажетті құжаттар мен материалдарды бекітеді; 
4) Алқада қарауға енгізілетін мәселелер бойынша баяндамашыларды (қоса баяндамашыларды) айқындайды; 
5) Алқаның жұмысына басшылық етеді, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
15. Жоспарланған мәселелерді күн тәртібінен алып тастауға және жоспарланбаған мәселелерді күн тәртібіне енгізуге тек Төрағаның келісімі бойынша немесе Алқаның шешімі бойынша жол беріледі. 
16. Алқаның мүшелері: 
1) Алқада қарауға енгізілген мәселелер бойынша дауыс беруге; 
2) Алқада қарау үшін күн тәртібіне мәселелерді енгізу туралы ұсыныстар енгізуге; 
3) білдірілетін жағдайда жазбаша түрде баяндалуы тиіс ерекше пікірге құқылы және Алқа отырысының хаттамасы қоса тіркеледі. 
17. Егер Алқаға оның мүшелерінің үштен екісі қатысатын болса, Алқа отырысы заңды болып саналады. Алқаның әрбір мүшесі шешім қабылдаған кезде бір дауысқа ие болады. Алқаның мүшелері Алқаның отырыстарына өздері қатысады және дауыс береді. 
Алқаның отырысын СДД-ы хаттамалайды, қажет болған кезде Алқа төрағасының шешіміне сәйкес бейне-, аудиожазба жүргізіледі. 
18. Алқаның шешімдері оның мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.