Toggle Dropdown
Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 541 қаулысы
Редакция 26.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 151-бабының 13 және 14-тармақтарына, 152-бабының 6-тармағына, 153-бабының 5 және 21-тармақтарына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10 және 11-тармақтарына, 159-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 26 мамырдағы
№ 541 қаулысымен
бекітілген
Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидалары
1. Осы Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидалары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 151-бабының 13 және 14-тармақтарына, 152-бабының 6-тармағына, 153-бабының 5 және 21-тармақтарына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10 және 11-тармақтарына, 159-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес әзірленді және мыналарды айқындайды:
1) мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу тәртібі;
2) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларды жүргізу, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап етпейтін, сондай-ақ қатар сметалық құнының ұлғаюы болжанатын бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау және іріктеу тәртібі;
3) бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланып отырған бюджеттік инвестицияларға қажетті сараптамаларды жүргізу және іріктеу тәртібі мен олардың мерзімі;
4) Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды қарау және іріктеу тәртібі;
5) Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторинг және бағалау жүргізу тәртібі;
6) Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау жүргізу тәртібі.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) бағалау (экономикалық сараптама барысында) – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде не бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінде көрсетілген ақпаратты сипаттайтын тұжырымдар;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (бұдан әрі – ББӘ) – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
3) бюджеттік инвестициялар – бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, мемлекет активтерін құруға және (немесе) дамытуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;
4) бюджеттік инвестициялар бойынша қаржыландыру көздері – бюджеттік инвестицияларды іске асыруға бағытталған республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде қарыз қаражаты;
5) бюджеттік инвестициялардың нәтижелiлiгі – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялардың экономикалық және қаржылық тиімділігінің, сондай-ақ тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігінің есептеулерімен расталған дәлелдемелердің, сондай-ақ тиімділік пен сапа көрсеткіштерінің болуы;
6) бюджеттік инвестициялардың орындылығы – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың экономикалық орындылығының, олардың ел экономикасына әсерінің негiздемесi және жобаның мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес келуі;
7) бюджеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі – БИЖ) – жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы іс-шаралар жиынтығы;
8) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, оның елдің экономикасына әсер етуі және стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкес келуі тұрғысынан, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы қорытындысының негізінде дайындалған қорытындысы;
9) бюджеттік инвестициялық жобалардың мониторингі – жаңа объектілер құру (салу) және қолда бар объектілерді реконструкциялау, сондай-ақ бюджет қаражаты бөлінген кезден бастап пайдалануға берілген кезге дейін ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту барысы туралы тұрақты және жүйелі түрде ақпарат жинау мен талдау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
10) бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау – объектіні пайдалануға беру не ақпараттық жүйелерді енгізу мен пайдалану сәтінен бастап жобаның мақсатына қол жеткізу дәрежесін және нақты алынған нәтижелердің жоспарланған нәтижелерге сәйкестігін айқындау жөніндегі шаралар жиынтығы;
11) бюджеттік инвестициялық жобаны әзірлеуге немесе түзетуге арналған техникалық тапсырма – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды, оның әлеуетті әзірлеушісіне қойылатын біліктілік талаптарын айқындайтын, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету жөніндегі жұмыстардың мерзімдері мен көлемін регламенттейтін құжат;
12) бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырыла алатындығы – жоба нәтижелерінің (тікелей және түпкі) көрсеткіштеріне қолжетімділік;
13) бюджеттік инвестициялық жобаның ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі – жобаның ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілу қажеттілігінің жоспарланған және қол жеткізілген деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер;
14) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы – салалық сараптама қорытындысының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізілетін жобаның жүзеге асырыла алатындығы мен тиімділігін айқындау тұрғысынан техникалық-экономикалық негіздемеде берілген ақпаратты кешенді бағалау;
15) бюджеттік инвестициялық жобаның тиімділігі – бюджет қаражатының сұралатын көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу немесе жобаның мақсаттарына бюджет қаражатының ең аз көлемін пайдалана отырып қол жеткізу немесе жобаны іске асырудан оң экономикалық нәтиже алу;
16) Гант диаграммасы – жобаның жоспары мен уақыт бойынша жұмыс кестесінің дәйектілігі мен ұзақтылығын графикалық көрсетуді бейнелеу үшін бюджеттік инвестициялардың электрондық порталында пайдаланылатын диаграмма;
17) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың мониторингі – тұрақты және жүйелi түрде ақпарат жинау, көрсетілген іс-шаралар түпкілікті іске асырылған кезге дейін заңды тұлғалардың акциялар пакетін (қатысу үлестерін) бастапқы жарғылық капиталды қалыптастыру, сатып алу арқылы республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен тартылған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды есепке алу мен олардың іске асырылуын талдау іс-шараларының жиынтығы;
18) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды бағалау – іс-шаралар түпкілікті іске асырылған сәттен бастап мақсаттарға қол жеткiзу дәрежесi мен іс жүзінде алынған нәтижелердің жоспарланған нәтижелерге сәйкестігін айқындау жөніндегі шаралар жиынтығы;
19) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы – салалық сараптама қорытындысының және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізілетін, іс-шаралардың негізділік пен нәтижелілік критерийлеріне сәйкес келуі тұрғысынан қаржылық-экономикалық негіздемеде берілген ақпаратты кешенді бағалау;
20) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың экономикалық орындылығы, оның елдің экономикасына әсер етуі мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкес келуі тұрғысынан, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы қорытындысының негізінде дайындалған қорытындысы;
21) заңды тұлғалардың стратегиялық даму құжаттары – ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың 10 жылға арналған даму стратегиялары мен 5 жылға арналған даму жоспарлары, сондай-ақ өзге квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың 10 жылға арналған даму стратегиялары мен 5 жылға арналған даму жоспарларын әзірлеу және бекіту заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспарлары;
22) заңды тұлғаның даму мақсаты – ағымдағы шығыстарды қаржыландыруды және ағымдағы шаруашылық қызмет шығыстарын жабуды көздемейтін, саланы дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру, саладағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту;
23) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялар (бұдан әрі – Инвестициялар) – заңды тұлғаның жарғылық капиталын республикалық немесе жергілікті бюджеттен қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы оны дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру;
24) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды алушы (бұдан әрі – Алушы) – жарғылық капиталды ұлғайту немесе қалыптастыру үшiн қаражаттың түпкiлiктi алушысы болып табылатын, iс-шараларды бюджеттік инвестициялар есебiнен iске асыратын заңды тұлға;
25) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялардың негiздiлiгі – iс-шараларды iске асыруға арналған қаржыландыру көлемiнiң, сондай-ақ iс-шараларды меншікті және қарыз қаражаты есебінен қаржыландырудың мүмкiн болмауының құжаттармен және есептеулермен расталған дәлелдемелерінің болуы;
26) инвестициялық ұсыныс – тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік, салалық бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығын негіздейтін, оған қол жеткізу жолдарын және ықтимал қаржыландыру тәсілдерін көрсететін, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тұжырымдамалық ұсыныс;
27) инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы – мемлекеттік инвестициялық жоба бойынша негізгі ақпаратты қамтитын, оны іске асыру орындылығын ашып көрсететін құжат;
28) инвестициялық ұсыныстың экономикалық қорытындысы – салалық сараптама қорытындысының және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалар қорытындыларының негiзінде жүргiзiлетiн, пайдалар мен шығындардың талдауын пайдалана отырып, инвестициялық ұсыныста берілген ақпаратты кешенді бағалау;
29) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
30) кейінге қалдыру шарты – аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жетіспейтін құжаттаманы ұсыну шартымен республикалық бюджет жобасына енгізу;
31) концессиялық жоба – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
32) қаржылық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ҚЭН) – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудан алынатын нәтиженің орындылығы, негізділігі жөніндегі мәліметтерді және оның бағасын қамтитын құжат;