• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 18.06.2015 г

Отправить по почте

1

Әлеуметтік келісімшарт нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 178-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 13 мамырда № 9407 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 18 маусымнан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 10.04.2015 жылғы № 221 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы адамдарды оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу мен мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларының 24, 44-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы адамдардың кәсіпкерлігін дамытуына мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының 44-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу мен оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларының 53-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) біліктілігін арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына жіберу жөніндегі әлеуметтік келісімшарт нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастыру жөніндегі әлеуметтік келісімшарт нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу жөніндегі әлеуметтік келісімшарт нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөніндегі әлеуметтік келісімшарт нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күннің ішінде оны мерзімдік басылымдар мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын;
4) осы бұйрықты облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 ақпандағы № 121 қаулысы қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
1
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2014 жылғы 18 сәуірдегі
№ 178-ө бұйрығына
1-қосымша
Біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың тегін курстарына жіберу жөнінде мемлекеттік қолдау көрсету туралы Әлеуметтік келісімшарт
___________________________________________________________ бұдан әрі «Халықты жұмыспен қамту орталығы» деп аталатын, бір тараптан және ____________________________________________________________________,
       (Бағдарламаға қатысушының тегі, аты,әкесінің аты, жеке басын
куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген)
бұдан әрі «Бағдарламаға қатысушы» деп аталатын, екінші тараптан,төмендегі туралы осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – келісімшарт) жасады:
       1. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушыны біліктілікті арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау (бұдан әрі – кәсіптік оқыту) тегін курстарына жіберуге, ал Бағдарламаға қатысушы кәсіптік оқытудың өзіне белгіленген түрінен Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында, кәсіптік оқыту келісімшартында және оқу ұйымының ішкі тәртібімен айқындалған тәртіппен және шарттармен өтуге міндеттенеді. Келісімшарт шеңберінде Бағдарламаға қатысушыға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі:_________________________________________________________
        (Бағдарламағаи қатысушыға көрсетілетін мемлекеттік қолдау
2. Келісім тараптары Халықты жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушы, ал Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы адамдарды оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу мен мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар) көзделген жағдайларда, Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа орналасуға кепілдік беретін жұмыс беруші және/немесе оқытушы ұйым (бұдан әрі - тараптар) болады.
      3. Жұмыс беруші мен оқытушы ұйым Келісімшарттың жасалуын Халықты жұмыспен қамту орталығына, келісімшартқа қосылатыны туралы, ___________ жылғы ______ ___________ № ____________ жауапты лауазымды тұлғаның қолымен және мөрмен куәландырылған, жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы растайды, ол келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
      4. Келісімшарт Халықты жэұмыспен қамту орталығы директорының 20 __ жылғы «__» ___________ № ___ бұйрығының негізінде жасалды.
алу үшін (біліктілігін арттыру үшін) ______________ мерзімімен өтетін _____________________________________________________________________
кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберуге;
2) оқуға, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесіне жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге арналған материалдық көмекті Бағдарламаға қатысушыға Қағидаларда айқындалған тәртіп пен жағдайларда және шарттармен көрсетуге;
3) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті, ақпаратты тараптардың сұратуы бойынша, уақытылы және толық көлемінде ұсынуға;
4) оқытушы тарапқа Бағдарламаға қатысушыны кәсіптік оқыту жөніндегі қызметтердің ақысын уақытылы және толық төлеуге;
5) тараптарға кәсіптік оқыту және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультация беруге;