• Мое избранное
Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы.
Внимание! Документ утратил силу с 02.08.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы . Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2014 жылғы 19 наурыздағы № 144 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 сәуірде № 9357 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 2 тамыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.05.2015 жылғы № 401 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республиксы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына, 16-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру»;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру»;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Медициналық ұйымдарға аккредиттеу туралы куәлік беру»;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке тұлғаларға аккредиттеу туралы куәлік беру туралы»;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларын аттестаттау»;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі түрін өндіру құқығына біліктілік беру»;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларда адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) тiндерiн әкелуге, әкетуге, сондай-ақ қан мен оның компоненттерiн әкелуге, әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Л.М.Ахметниязова):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е.Асайынова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Мынадай:
1) «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 10 қазандағы № 702 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 8111 тіркелді, 2013 жылғы 22 мамырдағы № 131 (28070) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
2) «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудiң регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 848 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 8242 тіркелді, 2013 жылғы 24 тамыздағы № 197 (28136) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi Е.Ә. Байжүнiсовке жүктелсiн.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Б. Төкежанов  
  • 1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
 міндетін атқарушының
2014 жылғы 19 наурыздағы
 № 144 бұйрығына
 1-қосымша
«Біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер 
1. «Біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің кеңсесі арқылы немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 141 қаулысымен бекітілген «Біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат).
     2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті   берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)   іс-қимыл тәртібін сипаттау 
4. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің болуы немесе қызмет алушының электрондық сұратуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша процесті (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) Көрсетілетін қызметті беруші:
кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдау және порталда тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (хабарлама) береді – орындау уақыты 20 (жиырма) минут;
басшы орындаушыны айқындайды – орындау уақыты 2 (екі) сағат;
мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты лауазымды тұлға ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін тексереді. Құжаттарды қарау нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға тестілеу жүргізу орны мен мерзімі туралы хабарлайды. Ұсынылған құжаттардың толықтығы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат түрінде дәлелді бас тарту жіберіледі – орындау уақыты 4 (төрт) жұмыс күні;
лауазымды тұлға тестілеу өткізеді – орындау уақыты 1 (бір) сағат;
тестілеу нәтижелерінің негізінде басшы сертификат беру не электрондық құжат түрінде дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды. Шешім бұйрық түрінде ресімделеді – орындау уақыты 2 (екі) жұмыс күні;
лауазымды тұлға тестілеу нәтижесін порталға енгізеді және басшы бұйрығының негізінде электрондық пішімде сертификатты ресімдейді – орындау уақыты 2 (екі) жұмыс күні;
басшы сертификатқа қол қояды – орындау уақыты 2 (екі) жұмыс күні;
кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат түрінде сертификат береді – 15 (он бес) минут.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) Көрсетілетін қызметті беруші:
кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және порталда тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау туралы қолхат (хабарлама) береді;
басшы орындаушыны айқындайды;
лауазымды тұлға құжаттарды қарайды. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға тестілеу жүргізу орны мен мерзімі туралы хабарлайды. Ұсынылған құжаттардың толықтығы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат түрінде дәлелді бас тарту жіберіледі;
лауазымды тұлға тестілеу өткізеді;
тестілеу нәтижелерінің негізінде басшы сертификат беру не электрондық құжат түрінде дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды. Шешім бұйрық түрінде ресімделеді;
лауазымды тұлға басшы шешімінің негізінде бұйрықтың жобасын дайындайды;
басшы бұйрыққа қол қояды және маманға орындаға береді;
лауазымды тұлға тестілеу нәтижесін порталға енгізеді және басшы бұйрығының негізінде электрондық пішімде сертификатты ресімдейді және басшыға қол қоюға береді;
басшы сертификатқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды;
кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат түрінде сертификат береді.