Toggle Dropdown
4
Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 6 маусымда № 9404 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 28.02.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 3-тармағына және 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 14-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау, жиынтық талдау және халықаралық ынтымақтастық департаменті (А.В. Мартыненко):
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
Toggle Dropdown
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;
Toggle Dropdown
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж.Дүйсебаевқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Төраға М. Оспанов
Toggle Dropdown
3
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 64-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару қағидалары «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және табиғи монополиялар субъектілерін Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және одан шығару тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
аумақтық уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі;
Toggle Dropdown
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімі (бұдан әрі – Тіркелім) – бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 186 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10469 болып тіркелген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiне (бұдан әрі – Реттеліп көрсетілетін қызметтер тізбесі) сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты түрлері көрсетілген республикалық және жергілікті бөлімдерден тұратын табиғи монополиялар субъектілерінің жеке атаулы тізбесі;
Toggle Dropdown
өтініш беруші – Тіркелімге енгізу үшін өтінім ұсынған дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Toggle Dropdown
жекелеген салалардағы уәкілетті орган – жекелеген салаларда табиғи монополиялар салаларында бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Toggle Dropdown
3. Уәкілетті орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз түрінде Тіркелімді қалыптастырады және жүргізеді.
Toggle Dropdown
1
4. Тіркелімнің республикалық бөлімін уәкілетті орган қалыптастырады және жүргізеді.
Toggle Dropdown
Тіркелімнің республикалық бөлімі мынадай қызметтерді:
Toggle Dropdown
1) екі және одан да көп облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында табиғи монополиялар салаларындағы қызметтерді;
Toggle Dropdown
2) әуежай қызметтерін;
Toggle Dropdown
3) теңіз порты қызметтерін көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерін қамтиды.
Toggle Dropdown
5. Тіркелімнің жергілікті бөлімдерін өз құзыреті шегінде аумақтық уәкілетті органдар қалыптастырады және жүргізеді.
Toggle Dropdown
Тіркелімнің жергілікті бөлімі осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес табиғи монополиялар салаларына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерін қамтиды.
Toggle Dropdown
6. Осы Қағидалар Заңның 2-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қолданылмайды.
Toggle Dropdown
2. Тіркелімге енгізу және одан шығару тәртібі
Toggle Dropdown
7. Табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар тұтынушыларға реттелетін қызметтерді көрсеткен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса ұсынып, уәкілетті органға Табиғи монополиялар субъектілерінің тіркеліміне енгізу туралы өтінішпен жүгінеді.
Toggle Dropdown
Табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын, оларды бақылау мен реттеуді жекелеген салалардағы уәкілетті орган жүзеге асыратын дара кәсіпкер мен заңды тұлға жүгінген жағдайда, уәкілетті орган күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде жекелеген салалардағы уәкілетті органға табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерді және заңды тұлғаны Тіркелімге (Тіркелімнен) енгізу (одан шығару) туралы ұсыныспен қорытынды беру туралы тиісті сұрау салу жібереді.
Toggle Dropdown
Ұсыныстары бар аталған қорытынды жекелеген салалардағы уәкілетті органның табиғи монополиялар салаларының көрсетілетін қызметтері бойынша талдау жүргізу қорытындылары бойынша уәкілетті органға енгізіледі, оған қатысты жекелеген салалардағы уәкілетті орган осы салалардың шеңберінде табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттелетіндерге жатқызу мәніне реттеу мен бақылауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Жекелеген салалардағы уәкілетті органның ұсынысы бар қорытынды уәкілетті органға тиісті сауал келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімде ұсынылады. Көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, қарау мерзімі жекелеген салалардағы уәкілетті орган тиісті қорытынды бергенге дейін тоқтатыла тұрады, бұл ретте уәкілетті органның шешім қабылдау күні қорытынды берген кезден бастап қайта басталады.
Toggle Dropdown
8. Уәкілетті орган Тіркелімнің республикалық бөліміне енгізуді және одан шығаруды өтініш берушілер ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттеліп көрсетілетіндерге жатқызу мәніне қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығының жай-күйі туралы уәкілетті органның немесе жекелеген салалардағы уәкілетті органның тиісті салалық құрылымдық бөлімшесi қорытындысының негізінде жүргізеді.
Toggle Dropdown
Аумақтық уәкілетті органдар Тіркелімнің жергілікті бөліміне енгізуді және одан шығаруды өтініш берушілер ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттеліп көрсетілетіндерге жатқызу мәніне қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығының жай-күйі туралы аумақтық уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесі қорытындысының немесе жекелеген салалардағы уәкілетті орган қорытындысының негізінде уәкілетті органды хабардар ете отырып жүргізеді.
Toggle Dropdown
Табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттелетінге жатқызу мәніне қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығы жағдайы туралы қорытындыны табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес уәкілетті органның салалық құрылымдық бөлімшесі немесе жекелеген салалардағы уәкілетті орган жасайды.
Toggle Dropdown
1
9. Тіркелімге енгізу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
Toggle Dropdown
1) заңды тұлғаның бірінші басшысы (дара кәсіпкер) қол қойған Тіркелімге енгізу туралы өтінішті;
Toggle Dropdown
1
2) жеке сәйкестендіру нөмірін және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есепке алу) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе мемлекеттік (есепке алу) тіркеу туралы анықтаманың көшірмесін;
Toggle Dropdown
3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті лицензиялауға жататын кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның нотариат куәландырған көшірмесін және (немесе) «Е-лицензиялау» www.elicence.kz веб-порталынан лицензияны;
Toggle Dropdown
4) тауарларды, жұмыстарды өндіруге және (немесе) тұтынушыларға табиғи монополия жағдайларында қызметтерді көрсетуге қажетті инженерлік желілер мен құрылыстардың өтініш берушілердің теңгеріміндегі немесе жалға берілген не сенімгерлік басқарудағы тізбесін, сондай-ақ карта-схемаларды (аталған құжаттарға бірінші басшы қол қояды және мөрмен расталады);
Toggle Dropdown
1
5) тауарларды, жұмыстарды өндірудің және (немесе) табиғи монополиялар салаларына жатқызылған қызметтерді тұтынушыларға көрсетудің жоспарлы көлемінің есептеулерін;
Toggle Dropdown
6) өзге және (немесе) негізгі қызметпен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыру туралы ақпаратты;
Toggle Dropdown
7) кәсіпорынның алдыңғы кезеңге арналған бухгалтерлік теңгерімін (жыл, тоқсан);
Toggle Dropdown
8) басшы, бас бухгалтер қол қойған және мөр қойылған негізгі және негізгі емес қызмет бойынша кірістер мен шығыстарды таратып жаза отырып, алдыңғы кезең ішіндегі қызметтер көрсету кезеңіндегі қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есепті қоса бере отырып ұсынады.
Toggle Dropdown
Осы тармақта көзделген өтініш пен құжаттарды өтініш беруші қағаз немесе электронды түрде ұсынады.
Toggle Dropdown
Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті орган Тіркелімге енгізу туралы өтінішті күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде қарайды. Өтінішті қарау мерзімі құжаттарды берген күннен бастап есептеледі.
Toggle Dropdown
10. Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсету орны бойынша Тіркелімге енгізілуге тиіс шетелдік заңды тұлғаларды, сондай-ақ осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген, Тіркелімнің республикалық бөліміне енгізілетін табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, заңды тұлға ретінде не дара кәсіпкер ретінде тіркелу орны бойынша Тіркелімге енгізіледі.
Toggle Dropdown
Дара кәсiпкердің немесе заңды тұлғаның реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету фактісі анықталған және (немесе) Тіркелімге енгізу үшін құжаттар ұсынудан бас тартқан жағдайда уәкілетті орган оларды Тіркелімге құжаттарды ұсынбай енгізеді. Бұл ретте, табиғи монополия субъектісі Тіркелімге енгізілгеннен кейін осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес оны Тіркелімге енгізу туралы Хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде құжаттарды ұсынады.
Toggle Dropdown
11. Осы Қағидалардың 9-тармағының 2) – 5) тармақшаларында көрсетілген қандай да бір құжаттардың нысаны және мазмұны өзгерген жағдайда табиғи монополия субъектісі көрсетілген өзгерістер немесе толықтырулар жасалғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде бұл құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынады.
Toggle Dropdown
12. Табиғи монополия субъектісі табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыруды тоқтатқан күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тіркелімнен шығару туралы өтінішті және олар жүзеге асыратын қызметті тоқтатқанын растайтын құжаттарды, табиғи монополия саласына жатқызылған көрсетілетін қызметті (жұмысты) уәкілетті органға ұсынады. Бұл ретте өтінішке бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды.
Toggle Dropdown
Тіркелімнен алып тастау туралы өтінішті уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыруды тоқтатуы туралы растайтын құжаттарды берген жағдайда күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде қарайды. Өтінішті қарау мерзімі өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап есептеледі.
Toggle Dropdown
12-1. Табиғи монополия субъектісін Тіркелімнен алып тастау үшін, оның табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыруын тоқтатуын растайтын негіздер:
Toggle Dropdown
реттеліп көрсетілетін қызметті (тауарды, жұмысты) Реттеліп көрсетілетін қызметтер тiзбесiнен алып тастау;
Toggle Dropdown
оның табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыруын тоқтатуына әкеп соққан табиғи монополия субъектісін қайта ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
табиғи монополия субъектісін тарату;
Toggle Dropdown
табиғи монополия субъектісінің банкроттығы туралы сот шешімінің болуы;
Toggle Dropdown
табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын негізгі құралдарды табиғи монополия субъектісінің теңгерімінен басқа субъектінің теңгеріміне беру, оның ішінде осындай негізгі құралдарды сенімгерлік басқаруға беру;
Toggle Dropdown
табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарын сот шешіміне сәйкес алып қою;
Toggle Dropdown
табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын негізгі құралдарды жалға алу шартының аяқталуы;
Toggle Dropdown
табиғи монополия субъектісінің теңгеріміндег мүлікті, табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыру үшін қажетті инженерлік желілер мен құрылыстарды иеліктен шығару;
Toggle Dropdown
табиғи монополия субъектісімен бәсекелесетін жаңа табиғи монополия субъектісінің пайда болуы;
Toggle Dropdown
оның табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыруын тоқтатуын растайтын өзге де негіздер болып табылады.
Toggle Dropdown
12-2. Реттеліп көрсетілетін қызмет (тауар, жұмыс) Реттеліп көрсетілетін қызметтер тізбесінен алып тасталған жағдайда, уәкілетті орган оны Тіркелімнен өз бетінше алып тастайды.
Toggle Dropdown
13. Табиғи монополия субъектісін Тіркелімге (Тіркелімнен) енгізу (шығару) туралы шешім уәкілетті орган басшысының не оның міндетін атқарушының бұйрығымен ресімделеді.
Toggle Dropdown
14. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісін Тіркелімге (Тіркелімнен) енгізу (шығару) туралы шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей ол туралы осы табиғи монополия субъектісіне хабарлайды.
Toggle Dropdown
15. Тіркелімге енгізу және (немесе) одан шығару мәселелері жөніндегі уәкілетті органның әрекетіне (әрекетсіздігіне) сот тәртібімен шағымдануы мүмкін.
Toggle Dropdown
1
Табиғи монополиялар субъектілерін
Мемлекеттік тіркелімге енгізу және
одан шығару қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
1
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімі
Toggle Dropdown
______________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(Табиғи монополиялар субъектiлерiнің мемлекеттiк тiркелiмі бөлімінің атауы, өңір атауы*)
Toggle Dropdown
|
р/с №
|
Табиғи монополия субъектісінің атауы
|
Табиғи монополия саласы
|
Реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрі
|
Табиғи монополия субъектісінің тіркелген орны (заңды мекенжайы)
|
Табиғи монополия субъектісінің қызмет көрсету орны
|
Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу туралы бұйрықтың нөмірі мен күні
|
Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмнен шығару туралы бұйрықтың нөмірі мен күні
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Toggle Dropdown
* өңір атауы – аумақтық уәкілетті орган көрсетіледі
Toggle Dropdown
1
Табиғи монополиялар субъектілерін
Мемлекеттік тіркелімге енгізу және
одан шығару қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
____________________________________
Toggle Dropdown
(уәкілетті немесе аумақтық органның
Toggle Dropdown
___________________________________
Toggle Dropdown
(дара кәсіпкердің толық Т.А.Ә.немесе
Toggle Dropdown
заңды тұлғаның атауы)
Toggle Dropdown
____________________________________
Toggle Dropdown
(заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
Toggle Dropdown
Табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркелімге
Toggle Dropdown
енгізу туралы
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы)
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрі
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(заңды мекенжайы)
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(табиғи монополиялар саласындағы қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсету аумағы)
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(Мемлекеттік тіркелімнің республикалық немесе жергілікті бөлімінің атауы)
Toggle Dropdown
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізуді сұраймын
Toggle Dropdown
_____________ 20 ___ жылғы «____» ____________
Toggle Dropdown
(қолы) (қол қою күні)
Toggle Dropdown
1
Табиғи монополиялар субъектілерін
Мемлекеттік тіркелімге енгізу және
одан шығару қағидаларына
3-қосымша
Toggle Dropdown
____________________________________
Toggle Dropdown
(уәкілетті немесе аумақтық органның
Toggle Dropdown
_____________________________________
Toggle Dropdown
(дара кәсіпкердің толық Т.А.Ә. немесе
Toggle Dropdown
заңды тұлғаның атауы)
Toggle Dropdown
____________________________________
Toggle Dropdown
(заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
Toggle Dropdown
Табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркелімнен
Toggle Dropdown
шығару туралы
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(табиғи монополия субъектісінің атауы)
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрі
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(заңды мекенжайы)
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(табиғи монополиялар саласындағы қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсету аумағы)
Toggle Dropdown
__________________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Табиғи монополиялар (Мемлекеттік тіркелімнің республикалық немесе жергілікті бөлімінің атауы) субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміннен шығаруды сұраймын
Toggle Dropdown
_____________ 20 ___ жылғы «____» _____________
Toggle Dropdown
(қолы) (қол қою күні)
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 64- НҚ бұйрығына
қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының күші жойылды деп танылған кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Toggle Dropdown
1. «Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-ОД бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2217 тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2003 жылғы 17 мамырда № 20 жарияланған);
Toggle Dropdown
2. «Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы» № 2217 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 476-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3272 тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2005 жылғы 29 қаңтарда № 5 жарияланған);
Toggle Dropdown
3. «Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы № 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы № 63-НҚ бұйрығы(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3501 тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2006 жылғы 14 қаңтарда № 3 жарияланған);
Toggle Dropdown
4. «Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 16 наурыздағы № 73-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4143 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 19 мамырда № 89-90(896) жарияланған);
Toggle Dropdown
5. «Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 16 маусымдағы № 154-НҚ бұйрығы(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4260 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 29 маусымда № 118(924) жарияланған);
Toggle Dropdown
6. «Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополоияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ бұйрығы(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4306 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 28 шілдеде № 139(945) жарияланған);
Toggle Dropdown
7. «Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 292-НҚ бұйрығы(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4504 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жыл);
Toggle Dropdown
8. «Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 132-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5204 тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 23 мамырда № 77 жарияланған);
Toggle Dropdown
9. «Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5557 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде 2009 жылғы № 3 жарияланған);
Toggle Dropdown
10. «Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 388-НҚ бұйрығы(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9094 тіркелген).