Toggle Dropdown
1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 219 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 23 мамырда № 9464 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 11.06.2015 жылғы № 520 Бұйрығына сәйкес
1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің:
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 455 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 10 қазанда № 7243 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2011 жылғы 5 қарашадағы № 353-354 (26744-26745) санында жарияланған):
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 455 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 1 наурыздағы № 159 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 11 наурызда № 8370 болып тіркелген) бұйрықтарының күштері жойылған деп танылсын.
3. Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В.Лепеха) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулығы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды нақтылайды. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол-патрульдік полициясы саптық бөліністерінің (бұдан әрі - ЖППСБ) жұмысын ұйымдастыруды белгілейді.
2. Ішкі істер органдары Жол-патрульдік полициясы жұмысының құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - ӘҚБтҚРК), Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы», «Жол жүрісі туралы» (бұдан әрі - Жол жүрісі туралы) заңдары, Қазақстан Республикасының қоғамдық, жол қауіпсіздігі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілері және осы Нұсқаулық болып табылады.
3. Жол-патрульдік полициясы қызметтің жұмысында:
1) жол-патрульдік полициясының бекеті - жол-патрульдік полициясының қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді орындайтын (аварияларды талдау, жоғары тұрған орнадар мен лауазымды адамдардың нұсқаулары мен өкімдері, жоспарлар, полицияның кешенді күштерін бірыңғай орналастыру негізінде) белгілеген нақты орын.
2) жол-патрульдік полициясының жасақшасы - қоғамдық тәртіпті, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қылмысқа қарсы күрес мақсатында бекеттер мен патрульдеу бағыттарында нысанды киімде қызмет атқару үшін тағайындалған ЖППСБ қызметкері немесе бірнеше қызметкері.
3) жол-патрульдік полициясының стационарлық бекеті - арнайы қызметтік үй-жайлармен жабдықталған, жедел-техникалық және арнайы құралдармен, инженерлік және өзге де құрылыстармен жарақталған, сондай-ақ оларға жауаптылық аймағы бекітілген жол-патрульдік полициясы саптық бөліністері жасақшаларының қызмет атқаратын орны.
4) патрульдеу бағыты - командирлер белгілеп, басшылық бекіткен жол-патрульдік полициясы саптық бөліністерінің қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді орындайтын автомобиль жолының (көшенің, автомагистральдың) учаскесі (аварияларды талдау, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың нұсқаулары мен өкімдері, жоспарлар, полицияның кешенді күштерінің бірліктерін шоғырландыру негізінде).
5) патруль көлігі - ішкі істер органдарының балансында тұратын және бекет ведомосіне қосылған жол-патрульдік полициясының көлік құралдары (автомобиль, мотоцикл, автобус). Патруль автомобильдері сыртына бейнеленген түсті графикалық сызбамен және жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталған күйі, сондай-ақ аталған түсті графикалық сызбасыз және сигналдар беруге арналған жабдықсыз қолданылуы мүмкін.
2. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезіндегі жұмысты жоспарлау, есепке алу және талдау
4. Жоспарлау қолда бар күштер мен құралдарды есепке ала отырып, жедел жағдайды, қызмет көрсететін аумақтағы апаттылықтың жай-күйін, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысқа қарсы күрес жағдайларын, жол-патрульдік полициясының саптық бөліністерінде заңдылық пен тәртіптің сақталуын талдау және болжау негізінде жүзеге асырылады.
5. Жол-патрульдік полициясы саптық бөліністерінің жұмыс жоспарлары Ішкі істер департаменті (бұдан әрі - ІІД), әкімшілік полиция басқармасының (бөлім, бөлімше) қалалық, аудандық ІІБ (бұдан әрі - ҚАІІБ) бастықтарымен келісіледі және ішкі істер органы (бұдан әрі - ІІО) бастықтарының қызмет жөніндегі орынбасарлары бекітеді. ІІО бастықтарының қызмет жөніндегі орынбасарларының келісімі бойынша әкімшілік полициясы басқармаларының (бөлім, бөлімше) бастықтары жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.
6. Жоспарлы кезең аяқталған соң жоспарланған іс-шаралардың орындалғаны туралы жоспарды бекіткен басшыға баяндалады. Қандай да бір іс-шара орындалмаған жағдайда есепте (еркін нысанда) жағдайдың себебі және қажет болса орындаудың жаңа мерзімі көрсетіледі. Жоспарлардың орындалу қорытындысы ІІД бастықтарының немесе/және ІІД, ҚАІІБ бастықтарының қызмет жөніндегі орынбасарлары жанындағы жедел кеңесте қаралады.
7. Жоспарлардың орындалуын бақылауды ІІД, (ҚАІІБ) Әкімшілік полициясы басқармаларының (бөлім, бөлімше) бастықтары жүзеге асырады.
8. ЖППСБ-да олардың алдында тұрған негізгі міндеттерді орындау үшін маңызы бар мәліметтерді тіркеу, есепке алу және талдау ұйымдастырылады. Тіркеуге, есепке алу мен талдауға жол-көлік оқиғалары, жол қозғалысы саласындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар және олар туралы хабарламалар, олардың алдын алу бойынша қабылданған шаралар, ЖППСБ жеке құрамының арасындағы тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі туралы деректер, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың, сондай-ақ ЖППСБ-нің жұмысына жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстары жатады.
3. Күштер мен құралдарды орналастыру
9. ЖППСБ жұмысы күштер мен құралдардың бар-жоғын, оларды жол қозғалысы қарқынды жерлерде шоғырландыру принциптерін ескере отырып, ұйымдастырылады. Бұл ретте қызмет көрсетілетін аумақтағы апатты жағдайдың, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың жай-күйі, автомобиль жолдарының ұзындығы мен олар арқылы жүретін қозғалыс жағдайларының ерекшелігі, тәуліктің әр түрлі сағаттарында, апта күндерінде, жыл мезгілдерінде көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысының қарқыны ескеріледі.
10. ЖППСБ күштері мен құралдарын орналастыру жасақтарды шығарудың тәулік сайынғы орташа нормасын есепке ала отырып, Департаменттер бекіткен бекеттер мен патрульдеу бағыттарының орналасуына (бұдан әрі - орналастыру, орнықтыру) сәйкес осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
11. Орнықтыру оқиға бойынша жедел жағдайды және апатты ахуалдың жай-күйін талдау негізінде автомобиль жолдары бойынша жол қозғалысының ерекшеліктері мен жағдайларын, кәсіпорындардың, оқу орындарының, сауда орталықтарының, жұмысы көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер ағымының эпизодтық ұлғаюына байланысты сервис объектілерінің жұмыс режимін ескере отырып, әзірленеді.
12. Бекеттер мен патрульдеу бағыттары міндетті түрде және апта күндері немесе тәулік бойы қалыптасқан жедел жағдайға байланысты қойылатындар болып бөлінеді. Күштер мен құралдарды маневрлеу туралы шешімді саптық бөліністің командирі қабылдайды және осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша взводтың (бөліністің) жасақшаларын орналастырудың бекеттік ведомосіне белгіленеді.
13. Бекеттер мен патрульдеу бағыттарына осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада бекет (патрульдеу бағыты) карточкасы жасалады. Карточкалар саптық бөліністің кезекші бөлімінде сақталады және қызмет өтеу уақытында ЖППСБ қызметкеріне беріледі. Бекет (патрульдеу бағыты) карточкасы қызметте пайдалану құжаты болып табылады және тек жол-патрульдік полициясы инспекторларының қызмет атқаруын бақылауды жүзеге асыруға құқылы ішкі істер органдарының лауазымды адамдарына көрсетілуі тиіс.
4. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті атқару нысандары мен мақсаттары
14. Жол-патрульдік полициясының қызмет атқару нысандары:
1) автомобильдермен және мотоциклмен патрульдеу;
2) жаяу патрульдеу;
3) бекеттерде, оның ішінде стационарлық бекеттерде қызмет атқару;
4) көлік құралдарын ілесіп алып жүру және эскорттау;
5) тікұшақпен патрульдеу болып табылады.
15. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жол-патрульдік полициясының инспекторлары түсті графикалық сызбамен әрі жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталған, сонымен бірге аталған түсті графикалық сызбасы әрі жарық және дыбыс сигналдары жоқ көліктерімен (кейінгісі - тәуліктің жарық кезінде ғана) жүзеге асырады.
16. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде қызмет атқару нысандырын жүзеге асыру туралы шешімді саптық бөліністің командирі әкімшілік полициясы басқармасы бастығының немесе оның орнындағы адамның келісімімен қабылдайды, бұл туралы бекеттік ведомосте тиісті жазба жасалады. Бекеттік ведомостерді ЖППСБ взводының (бөлімшесі) әрбір командирі жүргізеді және взвод (бөлімше) орналасқан жерде сақталады. Күштер мен құралдардың қызметін ұйымдастыру және басқару үшін взводтардың (бөліністер) бекеттік ведомстілерінен келіп түскен ақпаратты тәулік сайын жол-патрульдік полициясының қызметкерлерін орналастыру жоспарында қорытып, жинақтайды.
17. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің барлық нысандарында патруль автомобилі мен жол-патрульдік полициясының инспекторы жол қозғалысының қатысушыларына көрінетіндей болуы тиіс. Патруль автомобильдері көрінуін шектейтін қандай да бір тосқауылдың (ағаштың, ғимараттың, құрылыс қоршауының, жарнама тақтасының) тасасына, сондай-ақ көлік құралын тоқтатуға немесе қоюға болмайтын жерге орналаспайды, бұл талаптар жаяу жасақшаларға да қолданылады.
18. Жасақшалар арасындағы өзара іс-қимыл және олардың бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру радиобайланыстың көмегімен жүзеге асырылады.
19. Патрульдік автомобиль осы Нұсқаулыққа4-қосымшаға сәйкес жол-патрульдік полициясы патрульдік жасақшаларының жеке құрамын және патрульдік автомобилін жабдықтаудың тиесілік табелі бойынша жабдықталады.
20. Жаяу патрульдеу жолдардың ұзындығы бойына ұзақ емес (1,5 км. дейін), қозғалыс қарқыны бойынша шиеленісті және апаттық жағынан қауіпті жол учаскелерінде қозғалысқа бақылау жасау үшін қолданылады.
21. Жол-патрульдік полициясының стационарлық бекеттерінде (патрульдеу бағыттарында) ЖППСБ қызметкерлеріне:
1) жол қозғалысының қауіпсіздігін бақылау, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, өкімдік-реттеу қызметін жүзеге асыру;
2) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында көлік құралдарын, жүктерді, тіркеу және жүргізу құжаттарын, көліктік-ілесіп жүру құжаттамаларын тексеру;
3) жүргізушілері жол-көлік оқиғалары орнынан қашып кеткен көлік құралдарын іздеу;