«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 586 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 16.09.2015 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 674 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшін жоятын 1-тармақтың 1), 3) тармақшаларын қоспағанда, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1068 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 66, 949-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1068 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 378 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 г., № 26, 416-құжат).
3. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 1), 3) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
5) сараптама мақсатын;
6) сараптама объектісіне байланысты сараптама кезінде қарастырылған құжаттар (жобалық, құрылымдық, пайдалану, жөндеу, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары), технологиялар, техникалық құрылғылар және сәйкестендіруге қажетті шифрі, нөмірі, маркасы немесе өзге ерекшелігі бар материалдардың көлемін көрсете отырып, материалдар туралы мәліметтерді;
7) сараптама объектісінің қысқаша сипаттамасы мен мақсатына;
8) жүргізілген сараптама нәтижелерін;
9) негізделген қорытындысы, техникалық шешімдері мен іс-шаралары бойынша ұсыныстары бар қорытынды бөлімді;
10) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік құжаттама тізімін, сынақтардың актілерін қамтитын қосымшаларды;
11) сараптама объектісін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру бойынша келісілген және бекітілген ұйымдық-техникалық іс-шараларды;
12) декларацияда ұсынылған ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтерді;
13) декларацияда ұсынылған, қауіпті өндірістік объектідегі авариялардың, инциденттердің қаупін талдау нәтижелерінің негізділігі туралы мәліметтерді;
14) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету бойынша әзірленген және/немесе жүзеге асырылған шаралардың жеткіліктілігі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
Сараптама қорытындысы өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап үш ай бойы қолданыста болады.
Сараптама қорытындысына сарапта ұйымның басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мерімен бекітіледі, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын, жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
2) ХҚО-ға:
құжаттардың нөмірі мен қабылдау күні;
сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауын (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат;
3) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, I мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 2) тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес, құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО-ның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысынын атына не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 2 кіреберіс.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңселері арқылы қолма-қол тапсырылады.
Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
ХҚО қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар ХҚО-ның басшысына ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жолданады.
Шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымның ХҚО-ның кеңсесінде қабылдануын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым ХҚО басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңселерінде немесе ХҚО-да қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар
13. Денсаулық жағдайына байланысты, ХҚО-ға өзі келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдауды ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шығып жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда:
1) көрсетілетін қызметті берушінің www.emer.kz «Заңды тұлғаларға» бөлімі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімі;
2) ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі жөніндегі ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
17. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны: 8 (7172) 74-98-20, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі
бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефоны: 1414.
«Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Жеке немесе заңды тұлғаның реквизиттері (мекенжайы, ЖСН/БСН, телефоны және т.б.)
Қазақстан Республикасы ТЖМ Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы ______________________ мырзаға
Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясына тіркеу шифрін беруге
Өтініш
(ұйым атауы)
11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабын басшылыққа ала
отырып, Сізден қоса беріліп отырған өнеркәсіптік қауіпсіздік
декларациясын қарауды және оған тіркеу шифрін беруді сұрайды.
Қосымшалар:
Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы;
Сараптама қорытындысы.
Ақпараттық жүйелердегі мемлекет қорғайтын құпия болып табылатын
ақпараттарды пайдалануға келісім беремін.
_____________________________ _____________________________
(ұйым басшысының лауазымы) (ұйым басшысының қолы)
«Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
(Тегі, аты, болған жағдайда әкесінің аты (бұдан әрі - ТАӘ), не қызмет алушы ұйымының атауы)
_________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № бөлімі (мекенжайын көрсету) . «Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ___________________;
2) ___________________;
3) ....
Осы қолхат 2 данада жасалды, әр тарап үшін бір данадан.
______________________ __________
ТАӘ (ХҚО қызметкері) (қолы)
Орындаған: ТАӘ ____________
Телефоны __________________
Алдым: ТАӘ/көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ж. «__» _______
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |