Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 600 қаулысы
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1) «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
2) «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де беруге) лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
3) «Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсетуге лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
4) «Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін рұқсат) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
5) «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге (рұқсат беретін құжат) қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
6) «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
7) «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 50 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 12, 227-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов