• Мое избранное
«Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қоса берiлiп отырған Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекiтiлсiн. 
2. Осы қаулы 2014 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жарияланғанға жатады.
Қазақстан Республикасының 
   Премьер-Министрi                                       К.Мәсiмов 
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы  
№ қаулысымен
бекiтiлген
Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат ету қағидасы 
1. Жалпы ережелер 
1. Осы Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат ету (бұдан әрі – Қағида) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
2. Қағида Қазақстан Республикасының автомобильмен тасымалдаушыларына халықаралық автомобильмен тасымалдауларды жүзеге асыруға рұқсат ету куәлігін және рұқсат ету карточкасын беру тәртібін айқындайды, олар мынадай автокөлік құралдарының иелері үшін міндетті:
1) Жүк автомобильдері (тіркемені қоса алғанда рұқсат етілетін пайдалы жүктемесі 3,5 тоннадан асатын);
2) Жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған мамандандырылған автомобильдер.
3. Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауға міндетті техникалық байқаудан өткен автокөлік құралдары жіберіледі.
4. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін – Қазақстан Республикасының автомобильдік тасымалдаушыларына халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беретін құжат (бұдан әрі - Рұқсат);
2) автокөлік құралына рұқсат карточкасы – автокөлік құралын халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруда пайдалануға рұқсат беретін құжат (бұдан әрі – рұқсат карточкасы).
5. Рұқсат және рұқсат карточкасы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – ХКО) не www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-портал арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары осы) Қағидаға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша бередi.
Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) және рұқсат карточкасын алу үшін отандық тасымалдаушы:
1) Халыққа қызмет көрсету орталығына;
2) www.elicense.kz «Е-Лицензиялау» веб-порталы арқылы жүгінеді.
2. Рұқсат етуді және Рұқсат ету карточкасын беру тәртібі 
6. Автокөлiк құралына Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшiн отандық тасымалдаушылар мынадай құжаттарды:
  1) осы Қағидаға  3-қосымшаға    сәйкес нысан бойынша Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшiн өтiнiштi;
2) автокөлiк құралдарын жалға алу шарттарының көшiрмесiн (болған кезде);
3) тахографты тексеру туралы сертификаттардың көшiрмесiн (жүргiзушiлердiң еңбек және тынығу режимiн тiркеудiң бақылау құрылғысы) ұсынады.
4) Рұқсат немесе оның телнұсқасы берілгені үшін мемлекеттік бажды төлеуді растайтын құжатты.
Аумақтық органдар Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшiн өтiнiштi үш жұмыс күнi iшiнде қарайды.
7. Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету карточкасын алуға өтініш жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның тіркеу орындары бойынша аумақтық органдарға беріледі.
8. Аумақтық органдар Рұқсат ету және (немесе) рұқсат ету Аумақтық органдар Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын беруден мынадай:
1) осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін ұсынған;
2) сол бір автокөлік құралына қолданыстағы рұқсат карточкасы бары анықталған жағдайларда бас тартады;
3) міндетті тексеруден қараудың біріңғай ақпараттық жүйесінде автокөлік құралдардың міндетті тексеріп қараудың уақтылы өту туралы деректердің жоқ болуы.
Бұл ретте отандық тасымалдаушыға өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап жіберіледі.
9. Автокөлік құралдары паркі ұлғайтылған кезде отандық тасымалдаушы осы Қағиданың 5-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
10. Осы Қағиданың 14-тармағында көзделген жағдайларда жаңа Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) және (немесе) рұқсат карточкасын алуға арналған өтiнiштi аумақтық орган өтiнiш берілген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қарайды.
11. Рұқсат ету және рұқсат ету карточкасының мерзімі шектелмеген. Жалға алынған автокөлік құралының мерзімі жалға алу шартының мерзіміне байланысты айқындалады.
12. Рұқсат ету карточкасы әрбір автомобиль тартқышқа және жартылай тіркемеге (тіркемеге) бөлек ресімделеді.
3. Жаңа Рұқсат етуді және рұқсат ету карточкасын беру 
13. Отандық тасымалдаушыға жаңа Рұқсат (Рұқсат телнұсқасы) және (немесе) рұқсат карточкасын мынадай:
1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, атауы, орналасқан жері өзгерген;
2) заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгерген және қайта ұйымдастырылған;
3) Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасы жоғалған, бүлініп қалған (зақымдалған);
4) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін ауыстырған;
5) автокөлік құралын сатып алған немесе жалға алған жағдайларда беріледі.