«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 12-бабы 1-тармағының 37) тармақшасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 253 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 10 маусымда № 9494 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 5 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2015 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 12-бабы 1-тармағының 37) тармақшасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет комитеті (С.Ғ.Әубәкіров) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. «Өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарын арнайы даярлайтын бағдарламаларды, оқу курстарын және біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 310 бұйрығының күші жойылды деп саналсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6009 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жылғы № 9).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А.Смаиловқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В. Божко
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 253 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасы
1. Осы Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) оқытылатан лауазымдар санаты мен тақырыптық оқыту жоспарларын айқындайды.
2. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша медициналық білімі жоқ адамдарды (парамедиктерді) даярлау осы Бағдарламаның және «Медициналық білімі жоқ тұлғаларды (парамедиктерді) дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша даярлау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 753 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5937 тіркелген) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Оқытылатын лауазымдардың санаттары мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді:
1) өрт сөндірушілер, өрт сөндіруші-құтқарушылар;
Өрт сөндірушілерді, өрт сөндіруші-құтқарушыларды алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары Бағдарламаға 1-қосымшада келтірілген;
2) негізгі және арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомашиналарының жүргізушілері;
Негізгі және арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомашиналарының жүргізушілерін алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары Бағдарламаға 2-қосымшада келтірілген;
3) радиотелефонистер;
Радиотелефонистерді алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары Бағдарламаға 3-қосымшада келтірілген;
4) өрттің алдын алу нұсқаушылары;
Өрттің алдын алушы нұсқаушыларын алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары Бағдарламаға 4-қосымшада келтірілген;
5) газ-түтіннен қорғау қызметінің шеберлері;
Газ-түтіннен қорғау қызметі шеберлерін даярлаудың тақырыптық жоспары Бағдарламаға 5-қосымшада келтірілген;
6) газдан қорғаушылар;
Газдан қорғаушыларды алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары Бағдарламаға 6-қосымшада келтірілген;
7) парамедиктер;
Парамедиктерді оқыту жөніндегі тақырыптық жоспар Бағдарламаға 7-қосымшада келтірілген.
4. Бағдарламаның 3-тармағында көрсетілген мамандықтар бойынша оқытудан өткен адамдарға оқытудың нәтижесі бойынша осы Бағдарламаға 8-қосымшаға сәйкес нысанда арнайы даярлау курстарынан өту туралы сертификат беріледі.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасына 1-қосымша
Өрт сөндірушілерді, өрт сөндіруші-құтқарушыларды алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары
р/с | Бөлімдер мен тақырыптардың атауы | Сағат саны | |||||
Өрт сөндірушілер | өрт сөндіруші-құтқарушылар | ||||||
Барлығы | Сыныптық-топтық | Практикалық | Барлығы | Сыныптық-топтық | Практикалық | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1-бөлім. Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық база | |||||||
1 | Объектідегі өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік актілер. | 1 | 1 | - | 1 | 1 | - |
| Барлығы: | 1 | 1 | - | 1 | 1 | - |
2-бөлім. Өрттің алдын алу дайындығы | |||||||
1 | Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттар. | 1 | 1 | - | 1 | 1 | - |
2 | Құрылыс материалдарының түрлері және олардың жанғыштығы. | - | - | - | 2 | 2 | - |
3 | Күзетілетін объектілердегі өрт қауіпсіздігінің жалпы шаралары. От және жөндеу жұмыстары өндірісіндегі өртке қарсы іс-шаралар. | 1 | - | 1 | 2 | - | 2 |
4 | Күзетілетін объектілердегі өрт қауіпсіздігі қағидалары. | 1 | 1 | - | 2 | 2 | - |
5 | Ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен қамту. | 1 | 1 | - | 2 | 1 | 1 |
6 | Түтіннен қорғау және адамдарға хабарлау өрт сөндіру жүйесінің қол және автоматты өрт дабылы қондырғылары. | - | - | - | 2 | 2 | - |
| Барлығы: | 4 | 3 | 1 | 11 | 8 | 3 |
3-бөлім. Өрт-техникалық дайындық | |||||||
1 | Өрт сөндірушінің жауынгерлік киім-кешегі мен жарағы. Дабыл бойынша жиналып, өрт орнына шығу және өрт орнына жету. | 1 | - | 1 | 1 | - | 1 |
2 | Өрт сөндіру машиналары мен мотопомпалардың тактика-техникалық сипаттамалары. | 3 | 1 | 2 | 2 | - | 2 |
3 | Өрт сөндіру машиналарымен шығарылатын өрт-техникалық жабдықтары. | 1 | - | 1 | 1 | - | 1 |
4 | Қол өрт сатылары. | 1 | - | 1 | - | - | - |
5 | Өрт жеңдері, жеңдік жабдықтар, өрт сөндіру оқпандары. | 2 | - | 2 | 2 | - | 2 |
6 | Көбікті өрт сөндіргіш құралдары мен жабдықтары. | 1 | - | 1 | - | - | - |
7 | Өрт сөндіргіштер. | 1 | 1 | - | 1 | 1 | - |
8 | Өртке қарсы қызметтегі байланыс. | 1 | - | 1 | 1 | - | 1 |
| Барлығы: | 11 | 2 | 9 | 8 | 1 | 7 |
4-бөлім. Өрт сөндіру-құтқару дайындығы | |||||||
1 | Өрт жеңдерімен, оқпандарымен, жеңдік арматуралармен және керек-жарақтарымен жаттығу. | 2 | - | 2 | 2 | - | 2 |
2 | Өрт сатыларымен жұмыс. | 1 | - | 1 | - | - | - |
3 | Құтқару арқанымен жұмыс. Құтқару және өзін-өзі құтқару. | 1 | - | 1 | - | - | - |
4 | Өртте конструкцияларды ашу және құру. | 1 | - | 1 | 1 | - | 1 |
5 | Су көзіне қойылған өрт сөндіру автомобилінен (мотопомпалар) жауынгерлік қанат жаюы. жауынгерлік қанат жаю кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеті. | 2 | - | 2 | 1 | - | 1 |
| Барлығы: | 7 | - | 7 | 4 | - | 4 |
5-бөлім. Өрт-тактикалық дайындығы | |||||||
1 | Жану және жанғыш заттар, өрт және оның өршуі туралы жалпы мәліметтер. Өртте жануды тоқтататын негіздер. | 2 | 2 | - | 2 | 2 | - |
2 | Өрт бөлімшелерінің түрлері олардың тактикалық мүмкіндіктері туралы түсінік. | 1 | 1 | - | - | - | - |
3 | Өртті барлау. Өртті барлау кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеті. | 1 | 1 | - | 1 | 1 | - |
4 | Өрттегі іздеу-құтқару жұмыстары. Адамды құтқару және мүлікті көшіру кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеті. | 1 | - | 1 | 1 | - | 1 |
5 | Күзетілетін объектілердегі өрттерді сөндіру тактикасы. | 4 | 2 | 2 | 4 | 2 | 2 |
| Барлығы: | 9 | 6 | 3 | 8 | 5 | 3 |
6-бөлім. Өртте зардап шеккендерге дәрігерге дейін бірінші көмек көрсету | |||||||
1 | Қан кеткенде тоқтатудың негізгі ережесі. | 1 | 1 | - | 1 | 1 | - |
2 | Жасанды тыныс пен жүрекке сырттан массаж жасаудың негізгі ережесі мен әдістері. | 1 | - | 1 | 1 | - | 1 |
3 | Жарақат алғанда, шытынағанда, буыны тайғанда, сынғанда дәрігерге дейін көрсетілетін көмектің әдістері. | 1 | - | 1 | 1 | - | 1 |
4 | Үсіген, термиялық және химиялық күйгенде дәрігерге дейін көрсетілетін көмектің әдістері. | 1 | - | 1 | 1 | - | 1 |
| Барлығы: | 4 | 1 | 3 | 4 | 1 | 3 |
7-бөлім. Қауіпсіздік техникасы | |||||||
1 | Қызмет өткеру және өрт сөндіру кезіндегі қауіпсіздік шаралары. | 2 | 2 | - | 2 | 2 | - |
| Барлығы: | 2 | 2 | - | 2 | 2 | - |
| Емтихан тапсыру | 2 | 1 | 1 | 2 | 1 | 1 |
| Барлық сағат: | 40 | 16 | 24 | 40 | 19 | 21 |
Ескертпе: Өрт сөндірушілерді, өрт сөндіруші-құтқарушыларды алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспарына түсініктер Тақырыптық жоспарға қосымшаға келтірілген.
Өрт сөндірушілерді, өрт сөндіруші-құтқарушыларды алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспарына қосымша
Өрт сөндірушілерді, өрт сөндіруші-құтқарушыларды алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспарына түсінік
1-бөлім. Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық база
№ 1-тақырып. Объектідегі өртке қарсы қызметтердің бөлімшелерінің қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік актілер.
1-сабақ. Өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі құқықтық және нормативтік актілері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері.
Жүргізу әдісі: cыныптық-топтық сабақ.
2-бөлім. Өрттің алдын алу дайындығы
№ 1-тақырып. Ғимараттар мен құрылыстарды өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары.
1-сабақ. Өрттің алдын алу міндеттері. Ғимараттар мен құрылыстарда өрттердің шығуы мен таралуының неізгі себептері. Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі ұғымдар. Объектінің өрт қауіпсіздігін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар.
Жүргізу әдісі: cыныптық-топтық сабақ.
№ 2-тақырып. Құрылыс материалдарының түрлері және олардың жанғыштығы.
1-сабақ. Заттар мен материалдардың өрт қаупі бар қасиеттерінің сипатамасы: жанғыштық тобы, тұтану температурасы, жалындау температурасы, өзінен-өзі жалындау температурасы, өздігінен жану температурасы. Жалынның жалындауы мен таралуының температуралық және концентрациялық шегі. Заттар мен материалдары пайдалану кезіндегі өрт-жарылыс қауіп жағдайлары.
Жүргізу әдісі: cыныптық-топтық сабақ.
№ 3-тақырып. Күзетілетін объектілердегі өрт қауіпсіздігінің жалпы шаралары. От және жөндеу жұмыстары өндірісіндегі өртке қарсы шаралар.1, 2-сабақтар. Объектіде болатын өрттердің негізгі себептері. Өртке қарсы нұсқаулықтар (жалпы объектілік, цехтік және жеке өндірістік қондырғыларға арналған). Кәсіпорындар мен жеке цехтардағы өрт қауіпсіздігін сақтауға жауапты лауазымдық тұлғалардың міндеттері.
От жұмыстарының түрлері және олардың өрт қауіптілігі. Үнемі және уақытша отпен жұмыс істейтін орындар. Отпен жұмыс істеуді қадағалайтын ұйым. Отпен жұмыс жүргізуге берілетін негізгі басқарушы құжаттар. Отпен жұмыс жүргізілген жерді дейін және біткеннен кейін қарау. От жұмыстарын өрт жарылыс қаупі бар объектілерде, қондырғыларда және жабдықтарда өткізу және ұйымдастыру.