• Мое избранное
Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметкердің қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқауды бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметкердің қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқауды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 907 бұйрығы

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.12.2018 жылғы № 696 Бұйрығына сәйкес 
«Ерекше әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 114-IV ЗРК Заңның 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметкердің қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық cақтау министрі С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау Министрінің
2011 жылғы 20 қарашадағы
№907 бұйрығымен
бекітілген
Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкердің қызметін ұйымдастыру бойынша
 Әдістемелік ұсыныстар
1. Жалпы ережелер
1. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкердің қызметін ұйымдастыру бойынша осы әдістемелік ұсыныстар (мұнан әрі - Әдістемелік ұсыныстар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңының 9-бабына сәйкес әзірленген.
2. Әдістемелік ұсыныстар денсаулық сақтау саласындағы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін әлеуметтік қызметкерлер қызметін реттеу үшін арналған.
3. Аталмыш Әдістемелік ұсыныстарда келесі түсініктер қолданылады:
арнайы әлеуметтік қызметтер - қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлға (отбасы) пайда болған әлеуметтік келелі мәселелерді жеңу үшін жағдайлар қамтамасыз ету және басқа азаматтармен бірге қоғам өміріне тең қатысу мүмкіншілігін тудыруға бағытталған кешенді қызметтер;
әлеуметтік қызметкер - бекітілген талаптарға сәйкес қажетті біліктілікке ие, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін және (не болмаса) арнайы әлеуметтік қызметтерді бағалайтын және мұқтаждықты анықтайтын әлеуметтік қызметкер;
медициналық-әлеуметтік көмек - бұл халықтың әлеуметтік игілігі және өмір сапасын жақсарту үшін қажеттіліктер мен мұқтаждықтарын қанағаттандыру арқылы халықтың денсаулығын қалпына келтіру, сақтау және нығайтуға бағытталған адам, отбасы және бірлестіктерге арналған медициналық-әлеуметтік-психологиялық және профилактикалық қызметтер жиынтығы.
2. Негізгі міндеттер
4. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің негізгі міндеттері:
1) қиын өмірлік жағдаяттар пайда болған кезде, оны жеңу үшін жағдай жасау;
2) медициналық-әлеуметтік көмек көрсету;
3) өз қызметін дәрігерлермен, орта медициналық қызметкерлермен, психологтармен тығыз өзара байланыста іске асыру және оларға сырқаттарды әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан түсінуге жәрдем ету;
4) науқас пен клиентті медициналық және психологиялық оңалтуға жәрдем ету болып саналады.
3. Организация деятельности
5. Денсалық сақтау саласында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін әлеуметтік қызметкерлердің қызметі аумақтық қағида бойынша ұйымдастырылады.
6. Өз әрекетінде әлеуметтік қызметкер Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңының 9-бабын және денсаулық сақтау саласында қолданыстағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
7. Өз міндеттерін орындауды және өз құқытарын жүзеге асыруды әлеуметтік қызметкер науқас тұлғасы мен оның отбасына кешенді бабын қамтамасыз ете келе, оның тәнінің жағдайын және психикалық күйін жеңілдете келе, сондай-ақ науқастың әлеуметтік пен рухани әлеуетін қолдай келе, әлеуметтік қызметтің Халықаралық әдеп кодексі қағидаларының және әлеуметтік қызмет құндылықтарының негізінде іске асырады.
8. Арнайы әлеуметтік қызметтер Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрі м.а. 2009 жылғы 30 қазандағы «Денсаулық сақтау саласындағы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» № 630 бұйрығымен бекітілген түрлері және көлем бойынша іске асырылады.
9. Біліктілігін жоғарлату және қайта даярлауды әлеуметтік қызметкерлер медициналық білімдену және ғылым ұйымдарында (біліктілік жоғарлату бөлімі/біліктілік жоғарлату факультеті), әлеуметтік-психологиялық саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес және халықаралық ұйымдарда өтеді.
10. Әлеуметтік қызметкерлер біліктілігі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің 2009 жылғы 16 наурыздағы «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптар мен оларды аттестаттау тәртіптерін бекіту туралы» № 134 және 2009 жылғы 26 қарашадағы «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының Біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» № 791 бұйрықтарымен бекітілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
11. Әлеуметтік қызметкер кабинеті медициналық ұйымдарда медициналық-әлеуметтік көмек көрсету үшін ұйымдастырылады, аурухана бөлімшелерінің, мамандандырылған диспансерлер, хоспистер, емханалық-поликлиникалық ұйымдар бөлімшелерінің, ЖИТС-орталықтарының, Бала үйінің құрамына енеді де, қызмет іс-әрекетінің көлемі мен сипатына, санитариялық-гигиеналық қалыптар мен талаптарына сәйкес болып табылады.
12. Әлеуметтік қызметкер кабинеті Интернет ғаламтор желісіне қатынасы бар компьютерлік техникамен, телефон желісімен, қажетті есепке алу-есеп беру құжаттама мен кәсіби әдебиетімен қамтамасыз етіледі.
13. Бас дәрігер бекіткен кестеге сәйкес әлеуметтік қызметкер кабинеті өзінің жұмысын жүргізеді.
4. Қызметтік міндеттер
14. Денсалық сақтау саласында келесі әлеуметтік қызметкерлерге қызметтік міндеттер жүктеледі:
1) денсаулық сақтау саласында арнайы әлеуметтік қызметтерде мұқтаждықты бағалау мен анықтау бойынша әлеуметтік қызметкерге (жоғары білімді);
2) денсаулық сақтау саласында әлеуметтік көмекті үйде көрсету бойынша әлеуметтік қызметкерге (орта білімді).
15. Денсаулық сақтау саласында арнайы әлеуметтік қызметтерде мұқтаждықты бағалау мен анықтау бойынша әлеуметтік қызметкердің қызметтік міндеттері:
1) әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру және заң саласында азаматтық құқық негіздерін білуді; медицина, психология мен педагогика саласында жеткілікті білімдерге ие болуды;
2) науқастың келелі мәселеріне, мұқтаждықтарына кешенді бағалау жүргізуді, қауіп пен қорғау факторларының деңгейін зерделеуді, әлеуметтік бағдарламаларды жоспарлауды (әлеуметтік нақтама, әлеуметтік араласу, әлеуметтік аңғарым, әлеуметтік терапия әдістері мен әлеуметтік патронаж), науқас пен клиенттің жағдайын тұрақтандыру және сауықтыру үшін қажетті әлеуметтік қызметтердің әкімшілдігін;
3) әлеуметтік қызмет көрсету үшін мақсатты топтарды қалыптастыру;
4) медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаж науқастарды айқындау үшін медициналық ұйымдардың дәрігерлерімен, медициналық бикелерімен, психологтарымен өзара белсенді әрекеттесуді;
5) адам құқығын реттейтін негізгі нормативті құжаттар туралы медициналық және медициналық емес мамандарды, науқастарды және олардың отбасы мүшелерін ақпараттандыруды, түрлі инстанцияларда науқастың, науқастар тобының мүдделерін білдіруді;
6) науқастар мен клиенттер мүддесінде басқа медициналық ұйымдардың әлеуметтік және медициналық қызметтерімен өзара белсенді әрекеттестікті жүзеге асыруды;
7) науқастар мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғау заңи мәселелерін әлеуметтік қорғау, әділет, ішкі істер, қамқоршылық пен білім беру органдары қызметтерінің мамандарымен келісуді;
8) бастамалық клубтар, өзіне-өзі көмек көрсету, өзара көмек көрсету топтарын құруда, бірлестіктерден озаттарды табуда жәрдемдесуді;
9) саламатты өмір салтын, саламатты жүріс-тұрыс үлгісін қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыруға қатысуды;
10) медициналық ұжымдарда көрсетілетін медициналық-әлеуметтік қызметтер сапасын жоғарлату үшін әдептік ережелер негізінде жетекшіліктегі науқастардың әлеуметтік, психологиялық жағдай мәселелерінің талқылауды; ауыр, қиын және шұғыл жағдайлардың супервизияларын жүргізуді;
11) науқасты әлеуметтік қолдау мәселелерін шешуді (медициналық-әлеуметтік сараптамаға, қарттар мен мүгедектер үйіне, мектеп-интернаттарға, бейімдеу мен оңалту орталықтарына, арнайы түзету ұйымдарына жолдау);
12) мүмкіншілігі шектелген балалардың арнайы бала бақшаларында, мектептерде, мектеп-интернаттарда, шипажайларда, жазғы лагерлерде, тиімді оқыту, соның ішінде кәсіби оқыту мектептерінде мекендеуін, кітапханалық қызмет көрсетуді, медициналық-педагогикалық түзетуді, мүгедек балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарының әдістері мен амалдарын ата-аналарға үйретуді, оларды ұқсас мәселелері бар балалар ата-аналарының қоғамдық бірлестіктеріне тартуды ұйымдастыру мәселелерін шешуге қатысуын;
13) ерікті көмекшілерді (волонтерлерді) мұқтаждарға әлеуметтік көмек көрсетуге тартуды, оларды қолдау дағдылары мен әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсету ұйымдастыруын үйретуді;
14) барлық байланыстарды басқару және мемлекеттік, соның ішінде медициналық-әлеуметтік сараптамалық комиссиялардың, медициналық ұйымдардың, әлеуметтік көмек орталықтарының, сондай-ақ әлеуметтік-психологиялық пен құқықтық көмек мәселелері бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдардың жұмыстары туралы сенімді ақпараттарға ие болуды;
15) кәсіби іс-әрекетін нәтижелі іске асыру үшін қажетті оқулар мен тренингілер жүргізуді (оқытуларды жүргізу үшін кәсіпқойларды шақыру арқылы);
16) шетел және отандық алдыңғы қатарлы тәжірибені зерделеу мен енгізумен қатар кәсібилік деңгейді жоғарлатуды;
17) науқастардан, ұйым мамандарынан әлеуметтік келелі мәселелер мен көрсетілетін медициналық-әлеуметтік қызметтер сапасы бойынша алынған сауалнама нәтижелеріне талдау жүргізуді;
18) әлеуметтік жұмыс бойынша қажетті құжаттама (әлеуметтік қызметкер жұмысының жоспары, науқастың статистикалық картасы, жеке кеңестерді тіркеу журналы, үйде қабылдау журналы, тұрғындармен топтық жұмысының журналы (әлеуметті маңызды аурулар бойынша науқастар тобы, өзіне-өзі көмектесу және өзара көмектесу тобын, бастамалық клубтарды, тренингілік қызметті, волонтерлікті қолдау топтары), нормативтік-құқықтық актілер бойынша құжаттама, отбасы даму жоспарымен бірге отбасының әлеуметтік төлқұжатын, атқарылған жұмыс бойынша есептіліктерді (мұнан әрі - құжаттама) жүргізуді;
19) тікелей басшысын атқарылған жұмыс, туындаған келелі мәселелер туралы ақпараттандыруды, шешімдерді бірігіп қабылдауды;
20) БАҚ ақпаратты ұсыну, кәсіби және халық арасында кеңінен таралған журналдарда, газеттерде жүргізіліп жатқан жұмыс туралы және жаңа әлеуметтік технологияларды енгізу туралы материалдар жариялауды, ғылыми қызметпен айналысуды қамтиды.
16. Әлеуметтік қызметкердің денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызмет үйде көрсету бойынша қызметтік міндеттері:
1) әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру және заңи саласында азаматтық құқық, заңнамалық негіздерін білуді; медицина, психология және педагогика бойынша жеткілікті білімге ие болуды;
2) дәрігер қабылдауында, үйде науқастың әлеуметтік жағдаятының жалпы нақтамасын жүргізуді (әлеуметтік нақтама, әлеуметтік араласу, әлеуметтік аңғарым, әлеуметтік терапия мен әлеуметтік патронаж әдістері) әрі денсаулық сақтау саласында әлеуметтік жұмыс бойынша маманмен және медициналық қызметкерлермен келісілген әлеуметтік қызметтер топтамасын белгілеуді;
3) әлеуметтік көмекке мұқтаж науқастарды айқындау үшін медициналық ұйымдардың дәрігерлерімен, медициналық бикелерімен, психологтарымен белсенді өзара әрекеттестікте болуды;
4) әлеуметтік қызметтер көрсету үшін мақсатты топтарды қалыптастыру;
5) әлеуметтік бағдарламалар жоспарлауға қатысу;
6) адам құқығын реттейтін негізгі нормативті құжаттар туралы медициналық және медициналық емес мамандарды, науқастарды және олардың отбасы мүшелерін ақпараттандыруды, түрлі инстанцияларда науқастың, науқастар тобының мүдделерін білдіруді;
7) науқастар мен клиенттер мүддесінде басқа медициналық ұйымдардың әлеуметтік және медициналық қызметтерімен өзара белсенді әрекеттестікті жүзеге асыруды;
8) парентералдық араласу (инъекциялар) дағдыларымен бірге дәрігер алды көмек курсы бойынша арнайы даярлықтан өту, күре тамыр қанының қысымын, температураны өлшеу, гигиеналық емдік уқалау, таңуды ауыстыру, ойылудың алдын алу үшін қолмен жасалатын күрделі қимылдар дағдыларын және тағы басқасын;
9) қажеттілік туындаса, дәрігерді үйге шақыруды, медициналық ұйымға науқасты алып баруын қостау ұйымдастыруды;
10) аурухана не болмаса хосписке қабылданған кезде клиниканың ішкі ахуалына және тәртібіне бейімделу бойынша науқасқа көмек ету, оған өзіне-өзі қызмет көрсету, өзін-өзі бақылау және қатынаста болу дағдыларын үйрету;
11) аурухана не болмаса хоспистен шығарылғаннан кейінгі іс-әрекетті жоспарлау; күтім дағдыларына, дәрігер алды қолмен жасалатын күрделі қимылдар дағдыларына науқастарды, олардың отбасы мүшелерін үйретуді; ауруға, өміріндегі қиын-қыстау кезеңдеріне байланысты жеке бас келелі мәселелерін шешуге көмек көрсетуді;
12) науқасты әлеуметтік қолдау, қамқоршылық пен қорғаншылық мәселелерін шешуге қатысуды (сұрау салуды, сенімхатты ресімдеуге, МССК, қарттар мен мүгедектер үйіне, мектеп-интернатқа, бейімдеу мен оңалту орталықтарына, арнайы түзету ұйымдарына жолдау беруді ресімдеуге көмек көрсету);
13) мүмкіншілігі шектелген балалардың арнайы бала бақшаларында, мектептерде, мектеп-интернаттарда, шипажайларда, жазғы лагерлерде, тиімді оқыту, соның ішінде кәсіби оқыту мектептерінде мекендеуін, кітапханалық қызмет көрсетуді, медициналық-педагогикалық түзетуді, мүгедек балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарының әдістері мен амалдарын ата-аналарға үйретуді, оларды ұқсас мәселелері бар балалар ата-аналарының қоғамдық бірлестіктеріне тартуды ұйымдастыру мәселелерін шешуге қатысуын;
14) қажеттілік туындаса, қозғалу құралдарын, протездеу алуан түрлерін және басқа да оңалту техникалық құралдарын алуға қолғабыс етуді;
15) барлық байланыстарды басқару және мемлекеттік, соның ішінде медициналық-әлеуметтік сараптамалық комиссиялардың, медициналық ұйымдардың, әлеуметтік көмек орталықтарының, сондай-ақ әлеуметтік-психологиялық пен құқықтық көмек мәселелері бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдардың жұмыстары туралы сенімді ақпараттарға ие болуды;
16) ерікті көмекшілерді (волонтерлерді) мұқтаждарға әлеуметтік көмек көрсетуге тартуды, оларды қолдау дағдылары мен әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсету ұйымдастыруын үйретуді;
17) бастамалық клубтар, өзіне-өзі көмек көрсету, өзара көмек көрсету топтарын құруда, бірлестіктерден озаттарды табуда жәрдемдесуді;
18) саламатты өмір салтын, саламатты жүріс-тұрыс үлгісін қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыруға қатысуды;
19) медициналық ұжымдарда көрсетілетін медициналық-әлеуметтік қызметтер сапасын жоғарлату үшін әдептік ережелер негізінде жетекшіліктегі науқастардың әлеуметтік, психологиялық жағдай мәселелерінің талқылауды;
20) тікелей басшысын атқарылған жұмыс, туындаған келелі мәселелер туралы ақпараттандыруды, шешімдерді бірігіп қабылдауды;
21) шетел және отандық алдыңғы қатарлы тәжірибені зерделеу мен енгізумен қатар кәсібилік деңгейді жоғарлатуды;
22) науқастардан, ұйым мамандарынан әлеуметтік келелі мәселелер мен көрсетілетін медициналық-әлеуметтік қызметтер сапасы бойынша алынған сауалнама нәтижелеріне талдау жүргізуді;
23) әлеуметтік жұмыс бойынша құжаттама жүргізуді;
24) бұқаралық ақпарат құралдарына ақпаратты ұсыну, кәсіби және халық арасында кеңінен таралған журналдарда, газеттерде жүргізіліп жатқан жұмыс туралы және жаңа әлеуметтік технологияларды енгізу туралы материалдар жариялауды қамтиды.