• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3822

Атау өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 30.04.2007 жылғы № 110 Қаулысымен (15.04.2006 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 (он төрт) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 11.06.2007 жылы тіркелді
Осы редакция 18.04.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібін және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі есептерді қарауды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Ұсынылып отырған Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережесі осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 30.04.2007 жылғы № 110 Қаулысымен (15.04.2006 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 (он төрт) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 11.06.2007 жылы тіркелді
2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап осы қаулының 2 қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер өзінің күшін жойды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.): 
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, қауымдастық нысанындағы "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, қауымдастық нысанындағы "Қазақстан тізілім ұстаушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2005 жылғы 30 шілдедегі
N 269 қаулысының
1-қосымшасы
Мемлекеттiк емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есептi қарау ережесi
Атау өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 30.04.2007 жылғы № 110 Қаулысымен (15.04.2006 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 (он төрт) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 11.06.2007 жылы тіркелді
Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ереже (бұдан әрі – Ереже) «Бағалы қағаздар рыногы туралы » 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы » 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы » 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялардың (бұдан әрі – облигациялар) шығарылымын мемлекеттік тіркеудің, облигацияларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есептерді қараудың және бекітудің талаптары мен тәртібін айқындайды.
Кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 жылғы № 235 Қаулысымен (25.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 21.11.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Облигациялардың шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) және облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу
1-тараудың тақырыбы өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 жылғы № 77 Қаулысымен (26.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.09.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Эмитент облигациялардың (облигациялық бағдарламаны) шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.05.2012 жылғы № 195 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 29.08.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 жылғы № 268 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.01.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Эмитент агенттік облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне сәйкес қаржы агенті ретінде экономика салаларында белгіленген мемлекеттік инвестициялық саясатын іске асыруға оның өкілеттілігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Жай акцияларына айырбасталатын облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін акционерлердің жалпы жиналысының шешімінде айырбасталатын бағалы қағаздардың түрі, саны, облигациялары айырбасталатын акцияларды орналастыру бағасы, сондай-ақ айырбастау нәтижесінде сатып алынған облигация қайта орналастыруға жатпайтыны туралы ақпарат көрсетіледі.
Облигациялар (облигациялық бағдарламаның) шығарылымының проспектiсi осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдауышта (мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде) және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдауышта мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде (қоғамның қаржылық есебiн қоспағанда) екі данада жасалады. Екi дананың әрқайсысында мемлекеттiк тілдегі және орыс тiлiндегi облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектiсi бар.
Мыналар облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының ажырамас бөлігі болып табылады:
аудиторлық есептермен расталған соңғы екi қаржы жыл үшін эмитенттің (қайта құрылған эмитентті қоспағанда) жылдық қаржы есептілігінің көшірмелері, сондай-ақ аудиторлық есептердің және эмитенттің есептік саясатының көшірмелері (еншілес ұйымы (ұйымдары) бар болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады);
облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсан аяғындағы жағдай бойынша эмитенттiң қаржылық есептiлiгiнің көшірмелері (еншілес ұйымы (ұйымдары) бар болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады);
облигацияларды ұстаушылар өкiлдерiмен жасалған шарттардың көшірмелері;
эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және сонда болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдармен бірге жасалған, облигацияларды ұйымдастырылмаған нарықта орналастыруды жоспарлайтын эмитенттерге арналған шарттардың көшірмелері (егер осындай ұйымдармен шартты жасау Заңның талаптарында көзделсе);
жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық құқықтық нысанында құрылған эмитенттер үшін эмитенттің кірісін оның қатысушылары арасында бөлу тәртібі.
Жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, концессиялық шарттың және кепiлдiк шарттың көшiрмелерi инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң ажырамас бөлiктерi болып табылады.
Оригинатордың соңғы жыл үшiн аудиторлық есебi, оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасында жасалған секъюритилендiрудiң осы мәмiлесi бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шарты арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Облигациялар (облигациялық бағдарламаның) шығарылымының проспектiсiндегi мәліметтер, облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды берер алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есептілікке сәйкес көрсетiлетін эмитенттiң қаржылық жай-күйi туралы ақпаратты қоспағанда (осы Ереженiң 1 және 2-қосымшаларының 5-тарауында көрсетiлген), уәкiлеттi органға құжаттарды тапсыру күнiнiң алдындағы айдың соңғы күнiне келтiрiледі.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтар мен 1 маусым аралығындағы кезеңде аяқталған қаржы жылы үшiн аудит жасалған қаржылық есептілік болмаған жағдайда (еншілес ұйымы (ұйымдары) бар болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады) қоғам соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екi жыл үшiн аудит жасалған қаржылық есептілікті уәкiлеттi органға ұсынады (аяқталған қаржы жылы үшiн аудит жасалған қаржылық есептілікті қоғам акционерлердiң жалпы жиналысы аудит жасалған жылдық қаржылық есептілікті бекiткен күннен бастап бiр ай iшiнде ұсынады).
Осы тармақтың талаптары дауыс беруші акцияларының жүз пайызын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі иеленетін екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның (бұдан әрі - екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйым) облигациялар (облигациялық бағдарламалар) шығарылымына қолданылмайды.
Егер облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымы жүзеге асырылатын эмитент шешімі эмитент органының отырысынан үзінді көшірме нысанында ұсынылған болса, осы үзінді көшірмеде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
эмитенттің атқарушы органының толық атауы мен орналасқан жері;
отырысты өткізу күні, уақыты және орны (ішкі отырыс болған жағдайда);
отырысқа қатысқан (сырттай дауыс беру жолымен шешім қабылдаған) тұлғалар туралы мәліметтер;
отырыс кворумы;
шешімдері облигацияларды (облигациялық бағдарламаны) шығаруға әкеп соқтырған отырыс күн тәртібінің мәселелері;
облигацияларды (облигациялық бағдарламаны) шығару жүзеге асырылатын дауысқа салуға шығарылған отырыс күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру нәтижелері;
облигацияларды (облигациялық бағдарламаны) шығару жүзеге асырылатын мәселе бойынша қабылданған шешім.
Эмитент органы отырысының шешімінен үзінді көшірме басқару органы хатшысының (корпоративтік хатшының) және эмитенттің бірінші басшысының не оның орнындағы адамның қолымен және эмитент мөрінің бедерімен расталады.
1-1. Облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеуге арналған эмитент (екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – банк), банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) левереджінің шамасы 2-ден аспайды (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептіліктің деректеріне сәйкес).
1-1-тармақ ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 жылғы № 235 Қаулысымен (25.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 21.11.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның облигацияларын (облигациялық бағдарламасын) мемлекеттік тіркеуге арналған левередж шамасы 5-тен аспайды (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептілік деректеріне сәйкес).
1-2. Агенттік облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуі эмитенттің мынадай талаптарды сақтаған жағдайында жүзеге асырылады:
1-2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 жылғы № 77 Қаулысымен (26.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.09.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсыну күнінде айналыстағы бағалы қағаздарды (акцияларды қоспағанда) шығару талаптарын (оның ішінде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді) уақтылы орындамау немесе орындамау жағдайларының болмауы; 
2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсыну күнінде айналыстағы бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистингі жағдайларының болмауы;
3) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсынудың алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары бойынша левереджінің мөлшері 2-ден аспайды.
1-3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-3-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 жылғы № 77 Қаулысымен (26.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.09.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-4-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 жылғы № 77 Қаулысымен (26.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.09.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-5. Егер эмитент қайта ұйымдастыру арқылы қайта құрылу жағдайда облигациялар (облигация бағдарламасы) шығарылымының проспектісі құқықтық мирасқоры эмитент болып табылатын заңды тұлғалардың қаржылық есептілігі қоса берілген, қайта құрылу нәтижесінде қайта туындаған заңды тұлғалардың тіркеу күніне дейін екі жылға дейінгі кезеңнің мәліметтерінен тұрады.
1-5-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 жылғы № 77 Қаулысымен (26.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.09.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Уәкілетті орган осы Ереженің талаптарына сәйкес тіркеген облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін эмитент:
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 15.04.2006 жылғы № 99 Қаулысымен (30.07.2005 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 (он төрт) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 24.05.2006 жылы тіркелді
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 30.04.2007 жылғы № 110 Қаулысымен (15.04.2006 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 (он төрт) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 11.06.2007 жылы тіркелді
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 жылғы № 268 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.01.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды