Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру бойынша жұмыс топтарын құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 84-ө Өкімі
Редакция 04.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру бойынша жұмыс топтары құрылсын.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2014 жылғы 16 маусымдағы
№ 84-ө өкіміне
қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру бойынша жұмыс топтарының құрамы