Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
«Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
«Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны
ратификациялау туралы
2006 жылғы 13 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында қабылданған және 2008 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының атынан қол қойылған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция
(Нью-Йорк, 13 желтоқсан, 2006 жыл)
Бас Ассамблея,
Біріккен Ұлттар Ұйымына барлық мүше және бақылаушы мемлекеттердің қатысуы үшін ашық Арнайы комитет құру туралы қаулы қабылдаған өзінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы 56/168 қарарына сілтеме жасай отырып , мүгедектердің құқықтары мен қадір-қасиеттерін көтермелеу және қорғау туралы жан-жақты және бірыңғай халықаралық конвенцияға қатысты ұсыныстарды әлеуметтік даму, адам құқықтары және кемсітпеу саласындағы жұмысқа кешенді көзқарас негізінде және Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Әлеуметтік даму комиссиясының ұсынымдарын ескере отырып қарау үшін,
сондай-ақ өзінің бұрынғы тиісті қарарларына, оның соңғысы 2005 жылғы 23 желтоқсандағы 60/232 қарарына, сондай-ақ Әлеуметтік даму комиссиясы мен Адам құқықтары жөніндегі комиссияның тиісті қарарларына сілтеме жасай отырып,
Арнайы комитеттің жұмысына үкіметаралық және ұлттық құқық қорғау мекемелерінің қосқан құнды үлесін құптай отырып ,
1. Арнайы комитетке Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның жобасын және оған факультативтік хаттаманың жобасын дайындағаны үшін ризашылық білдіреді ;
2. осы қарарға қоса берілген Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны және Конвенцияға Факультативтік хаттаманы қабылдайды , олар 2007 жылғы 30 наурызда Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде қол қою үшін ашық болады;
3. мемлекеттерді Конвенция мен Факультативтік хаттамаға қол қою және ратификациялау туралы мәселені бірінші кезекте қарауға үндейді және олар жақын арада күшіне енеді деп үміттенеді;
4. Бас хатшыдан Конвенция күшіне енгеннен кейін Конвенция мен Факультативтік хаттамаға сәйкес Қатысушы мемлекеттер конференциясы мен Комитеттің функцияларын тиімді орындау үшін, сондай-ақ Конвенция мен Факультативтік хаттама туралы ақпаратты тарату үшін қажетті қызметкерлер мен үй-жай беруін сұрайды ;
5. Сондай-ақ, Бас хатшыдан Конвенцияның тиісті ережелерін, атап айтқанда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегілерін ескере отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің объектілері мен қызмет жүйесінің қол жетімділігін көздейтін стандарттар мен басқару бағдарларын біртіндеп енгізуді де сұрайды;
6. Конвенция мен Факультативтік хаттама туралы ақпаратты таратуға және оларды түсіндіруге жәрдемдесуге күш салуды Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесі мекемелері мен ұйымдарынан сұрайды және үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдарға ұсынады;
7. Бас хатшыдан Бас Ассамблеяға оның алпыс екінші сессиясында Конвенция мен Факультативтік хаттаманың жай-күйі және осы қарардың «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция» деп аталған тармақшасы бойынша жүзеге асырылуы туралы баяндама ұсынуды сұрайды.
76-шы жалпы отырыс,
2006 жылғы 13 желтоқсан
I қосымша
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция
Кіріспе
Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер,
a ) Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жарияланған адам отбасының барлық мүшелеріне тән қадір-қасиеті мен құндылығы және олардың тең әрі ажырамас құқықтары бостандықтың, әділдіктің және жалпыға бірдей татулықтың негізі ретінде танылатын принциптерді еске сала отырып,
b ) Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында және Адам құқықтары жөніндегі халықаралық пактілерде әрбір адам қандай да болмасын айырмашылықсыз оларда көрсетілген құқықтар мен бостандықтарға ие деп жариялағанын және бекіткенін тани отырып ,
c ) адамның барлық құқықтары мен негізгі бостандықтарының жалпыға бірдейлігін, бөлінбестігін, өзара тәуелділігі мен өзара байланыстылығын растай отырып ,
d ) Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіге , Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге , Нәсілдік кемсітудің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияға , Әйелдерге қатысты кемсітулердің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға , Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға , Бала құқықтары туралы конвенцияға және Барлық еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенцияға сілтеме жасай отырып ,
e ) мүгедектік – бұл эволюцияланатын ұғым екенін, мүгедектіктің денсаулығы бұзылған адамдар мен қоғам өміріне басқалармен бірдей толық әрі тиімді қатысуына кедергі жасайтын қарым-қатынастық және ортаның барьерлері арасындағы өзара іс-қимылдың нәтижесі болып табылатынын тани отырып ,
f ) мүгедектерге қатысты дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы мен мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережелеріндегі принциптер мен басқару бағдарларының мүгедектерге тең мүмкіндіктерді әрі қарай қамтамасыз етуге арналған ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлердегі стратегияларды, жоспарларды, бағдарламалар мен іс-шараларды көтермелеуге, тұжырымдауға және бағалауға ықпал ету көзқарасы тұрғысынан маңыздылығын тани отырып ,
g ) мүгедектік проблемаларын өзекті етудің тұрақты дамудың тиісті стратегиясының құрамдас бөлігі ретіндегі маңыздылығын атап көрсете отырып ,
h ) сондай-ақ, кез келген адамға қатысты мүгедектік белгісі бойынша кемсіту адамның жеке басына тән қадір-қасиеті мен құндылықтарын кемсіту болып табылатынын да тани отырып ,
i ) әрі қарай мүгедектердің алуан түрлілігін тани отырып ,
j ) барлық мүгедектердің, оның ішінде неғұрлым белсенді қолдауға мұқтаж мүгедектердің адам құқықтарын көтермелеу мен қорғаудың қажеттігін тани отырып ,
k ) осы әртүрлі құжаттар мен бастамаларға қарамастан, мүгедектердің қоғам өміріне тең құқылы мүше ретінде қатысу жолында кедергілерге және әлемнің барлық түкпірлерінде адам құқықтарының бұзылуына тап келіп жататынына алаңдай отырып ,
l ) әрбір елде, әсіресе дамушы елдерде мүгедектер өмірінің жағдайын жақсарту үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын тани отырып ,
m ) мүгедектердің өздерінің жалпы әл-ауқатына және жергілікті қауымдастықтардың әр алуандығына қосып отырған қазіргі құнды және әлеуетті үлесін және мүгедектердің өздерінің адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық іске асыруға, сондай-ақ мүгедектердің толыққанды қатысуына жағдай жасаудың олардың өздерінің қатысы бар екенін сезінуін нығайтуға және қоғамның адамгершілікті, әлеуметтік және экономикалық дамуы мен кедейлікті жоюда айтарлықтай табысқа жетуіне мүмкіндік беретінін мойындай отырып ,
n ) мүгедектер үшін жеке дербестігі мен өз таңдауын өзі жасау еркіндігін қоса алғанда, олардың тәуелсіздігінің маңызды екенін тани отырып ,
o ) мүгедектердің стратегиялар мен бағдарламаларға қатысты, соның ішінде өздеріне тікелей қатысты шешімдер қабылдау процестеріне белсенді тартылу мүмкіндіктері болуға тиіс деп есептей отырып ,
p ) мүгедектердің бетпе-бет кеп жататын нәсілдік белгісі, терісінің түсі, жынысы, тілі, діні, саяси және өзге де көзқарастары, ұлттық, этностық, аборигендік немесе әлеуметтік шығу тегі, мүліктік жағдайы, тууы, жасы немесе басқа да жағдайлары бойынша көп жағдайда немесе шиеленіскен жағдайда кемсітілетін қиын жағдайларға алаңдай отырып ,
q ) мүгедек әйелдер мен мүгедек қыздар үйде де, үйден тыс жерде де зорлықтың, жарақаттанудың немесе басынудың, немқұрайды немесе менсінбей қараудың, жаман қараудың немесе қанаудың үлкен қатеріне көп ұшырайтындарын мойындай отырып ,
r ) мүгедек балалардың басқа балалармен тең дәрежеде толық көлемде барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын пайдалануы тиіс екенін мойындап және осыған байланысты Бала құқықтары туралы конвенцияға қатысушы мемлекеттердің өздеріне алған міндеттемелерін естеріне сала отырып ,
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |