• Мое избранное
«Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
«Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөніндегі стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                              К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы « »  
№ қаулысымен
бекітілген  
 «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі   
 қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 
   1. Жалпы ереже   
1. «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі.
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «электрондық үкімет»  www.e.gov.kz    веб-порталы немесе «Е – лицензиялау» www.elicense.kz веб-орталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.  
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген сәттен бастап портал арқылы:
1) лицензияны беру – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
2) қайта ресімделген лицензияны беру – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
3) құжаттар пакетін тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут;
4) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Егерде көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға лицензияны бермесе, не лицензияны беруден дәлелді бас тартуды бермесе лицензия оны беру мерзімінің өткенінен кейін берілді деп есептеледі.  
Көрсетілетін қызметті беруші лицензияны беру мерзімінің күні өткеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті лицензияны беруге міндетті.  
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық.  
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөнінде қызметіне лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу (бұдан әрі – лицензия) электрондық лицензия нысанында, көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағымен көзделген жағдайда және негізде дәлелді бас тарту болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз тасығышта алуға, лицензияны қайта ресімдеуге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.  
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық.  
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алымдар ставкасы бойынша жергілікті бюджетке төленеді және мыналарды құрайды:
1) лицензияны беру үшін – алым төленетін күні қолданыстағы алты еселенген айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі алым мөлшерлеменің 10% -ын.
Мемлекеттік қызмет үшін төлем екінші денгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысумен, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;  
2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) лицензияны алу үшін:  
  осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  1-қосымшаға    сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада  көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысаны;
  төлем ЭҮТШ арқылы жүргізілмеген жағдайда сұрау салуға тіркелетін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының  Кодексімен    белгіленген лицензия үшін мемлекеттік баждың төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
  төлем ЭҮТШ арқылы жүргізілмеген жағдайда сұрау салуға тіркелетін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының  Кодексімен    белгіленген лицензияны қайта ресімдеу мемлекеттік баждың төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәлендіретін, көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы – көрсетілетін қызметті алушының жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, сондай-ақ қызмет алушыны салық органдарында есепке қою туралы мәліметті, жеке меншігіндегі жылжымайтын мүліктің бар болуы туралы, күзет қызметіне лицензия туралы құжаттар мәліметін көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ куәлендірілген сәйкес порталдың ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік ақпарат жүйелерінен электрондық құжаттар нысанына түрінде алады.  
  10. Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алған жағдайда көрсетілетін қызметті берушіге бұрын алған лицензияны (болған жағдайда) қайтарады.   
   11.  Лицензия    мынадай:
1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) өзгерген;
2) дара кәсiпкер қайта тiркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылған;
         4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресімдеуге жатады.  
12. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;
  2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына  лицензиялық алым    енгізілмеген;
   3) көрсетілетін қызметті алушы  біліктілік талаптарына    сәйкес келмеген;  
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған;  
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салған жағдайларда негіз болады.  
  3. Көрсетілетін қызметті берушінің   және (немесе) оның лауазымды адамдарының   мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі   
13. Көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану үшін шағым 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, (телефоны 8 (7172) 24-13-12) мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.  
Шағым жазбаша нысанда почта немесе электрондық түрде не қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қабылданады.
Шағымның қабылдағанын растау нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөр, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолданады.
Портал арқылы шағымды жіберу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеуі барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады (жеткендігі, тіркелгендігі, орындалуы туралы белгілер, қаралғандығы немесе қараудан бас тартуы туралы жауап).
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.  
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы шағыммен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, сондай-ақ ниеті бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылуы керек.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
  4. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметті көрсетудің   
ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар 
  15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің  www.mtc.gov.kz   , интернет-ресурсында - «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
16. ЭЦҚ бар болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
  18. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтаманы қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. не көрсетілетін қызметті берушінің  www.mtc.gov.kz   , интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде алу мүмкіндігі бар.
«Теміржол көлігімен жүктерді
тасымалдау жөніндегі қызметке
лицензия беру, қайта
ресімдеу» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет  
стандартына 1-қосымша
  __________________________________
 (лицензиардың толық атауы)   
_________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН не жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН)
ӨТIНIШ 
____________________________________________________________________
                   (қызметтің түрі көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензия берудi сұраймын.
 Мекенжайы: _______________________________________________________
  (пошталық индекс, облыс, қала, аудан, елді мекен,  
 _____________________________________________________________________________________________
көше атауы, үйдің / ғимарат (станционарлық үй-жай) нөмірі
 Электрондық пошта _______________________________________________
 Байланыс телефоны/факс ___________________________________________
 Банктік есеп шоты _________________________________________________
                  (банктік есеп шот нөмірі, атауы және орналасу орны)
 Қызметті жүзеге асыру мекен жайы _________________________________________________
            (пошталық индекс, облыс, қала, аудан, елді  
 _____________________________________________________________________________________________
мекен, көше атауы, үйдің / ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі  
 Құжаттардың (сканирленген) көшірмесі қоса беріледі.       
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс болып табылатыны және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселесі бойынша
кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға
сотпен тыйым салынбағаны;
барлық қоса беріліп отырған құжаттар шындыққа сәйкес келетіні
және нақты болып табылатыны расталады.
 

____________________________________________

________________

(Т.А.Ә.)

(қолы)

 

Мөр орны

(болған жағдайда)

Өтінішті беру күні 20 __ жылғы ___________

«Теміржол көлігімен жүктерді
тасымалдау жөніндегі қызметке
лицензия беру, қайта
ресімдеу» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет  
стандартына 2-қосымша
Теміржол көлігімен жүкті тасымалдау жөніндегі 
қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік 
  талаптарына   және оларға сәйкестікті растайтын 
құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны 
1. Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі кіші қызмет түрі үшін мыналардың болуы:
1) жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде өндірістік активтердің, оның ішінде:
вагондарды дайындау пункттері және жуу-булау станциялары;
техникалық және коммерциялық қызмет көрсету пункттері;
ағымдағы ағытып жөндеу пункттері;
вагон жөндеу депосы;
кірме жолдары;
тиеу/түсіру машиналары және жабдықтары;
бағдарламалық-техникалық құралдар (тауар кассирінің автоматтандырылған жұмыс орны, қабылдап-тапсырушының автоматтандырылған жұмыс орны), олар мыналарды қамтиды:  
  жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі _______________________;
  өндірістік активтерді сатып алу-сату не жалға алу шарттарының нөмірі және қол қойған күні _______________________________________________;
  вагон жөндеуші зауыттармен және (немесе) жылжымалы құрамға қызмет көрсету және жөндеу деполары және шеберханаларымен шарттардың нөмірі және қол қойған күні _________________________________________;
  тиеу/түсіру машиналары және жабдықтарының, бағдарламалық-техникалық құралдардың (тауар кассирінің автоматтандырылған жұмыс орны, қабылдап-тапсырушының автоматтандырылған жұмыс орны) болуы туралы ақпарат ____________________________________________________;
2) қауіпсіздік талаптарына сәйкес тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жарамды жылжымалы құрам мыналарды қамтиды:
  жылжымалы құрамды сатып алу-сату, жалға алу және (немесе) лизинг шарттарының нөмірі және қол қойған күні ____________________________;
  жылжымалы мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі және күні _________________________;
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 424 бұйрығымен бекітілген теміржол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (мамандықтарының) тізбесіне және оларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білікті қызметкерлердің штаты, мыналарды қамтиды:  
  тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)________________________________;
  лауазымы ____________________________________________________;
  тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі және қол қойған күні _________;
  мамандығы бойынша жұмыс өтілі _______________________________;
  білімі бойынша мамандығы _________________________________;
  арнайы білім туралы дипломның нөмірі және берілген күні __________;
  дипломды берген оқу орнының атауы____________________________;
  4) өндірістік активтерді күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған, мыналарды қамтитын шарт:   
  өндірістік активтерді күзетуге арналған шарттың нөмірі және қол қойылған күні _____________________________________________________;
  шартты жасаған, күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы, күзет қызметіне берілген лицензияның нөмірі және күні ______________________________;
5) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 344-І бұйрығымен бекітілген теміржол көлігімен тасымалдау кезіңде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесіне сәйкес күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жүкті күзетуге арналған шарты, ол мыналарды қамтиды:
  өндірістік активтерді күзету шартының нөмірі және қол қойған күні __________________________________________________________________;
  мамандандырылған ұйымның атауы, күзет қызметіне арналған лицензиясының нөмірі және берілген күні _____________________________;
6) тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жылжымалы құрам паркін сатып алуға, қалпына келтіруге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарлама, ол мыналарды қамтиды:
  бекітілген инвестициялық бағдарламаның нөмірі және күні _______ __________________________________________________________________;
7) қауіпсіздікті басқару жүйесі, ол мыналарды қамтиды:
  аудиттің қорытындысын жасау нөмірі және күні ____________________.
«Теміржол көлігімен жүктерді
тасымалдау жөніндегі қызметке
лицензия беру, қайта
ресімдеу» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет  
стандартына 3-қосымша
  __________________________________
 (лицензиардың толық атауы)   
_________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН не жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН)
ӨТIНIШ 
____________________________________________________________________
                   (қызметтің түрі көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензия берудi сұраймын.
1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) өзгеруіне;
2) дара кәсiпкер қайта тiркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгеруіне;
3) заңды тұлға бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылуына;
4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын.
 Мекенжайы: _______________________________________________________
  (пошталық индекс, облыс, қала, аудан, елді мекен,  
 _____________________________________________________________________________________________
көше атауы, үйдің / ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі
 Электрондық пошта _______________________________________________
 Байланыс телефоны/факс ___________________________________________
 Банктік есеп шоты _________________________________________________
                  (банктік есеп шот нөмірі, атауы және орналасу орны)
 Қызметті жүзеге асыру мекен жайы _________________________________________________
            (пошталық индекс, облыс, қала, аудан, елді  
 _____________________________________________________________________________________________
мекен, көше атауы, үйдің / ғимарат (станционарлық үй-жай) нөмірі  
 Құжаттардың (сканирленген) көшірмесі қоса беріледі.         
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс болып табылатыны және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселесі бойынша
кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға
сотпен тыйым салынбағаны;
барлық қоса беріліп отырған құжаттар шындыққа сәйкес келетіні
және нақты болып табылатыны расталады.
 

____________________________________________

________________

(Т.А.Ә.)

(қолы)

 

Мөр орны

(болған жағдайда)

Өтінішті беру күні 20 __ жылғы ___________

  Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі   
  қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу  »   мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына 
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА 
 

Р/с №



Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 ақпандағы № 88-V Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны іске асыру теріс әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны іске асыру қосымша қаржылық шығындарға әкелмейді

5.

Жобаны қабылдаудың

нақты мақсаттары,

күтілетін нәтижелердің

мерзімі мен болжанатын

тиімділігі

Жобаны қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсету және шағымдану рәсімдерін жетілдіруге мүмкіндік береді

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

жоқ

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді

8.





Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жүргізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

жоқ

10 .

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі.

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және күні) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы)

Жарлықтың жобасы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtc.gov.kz ресми сайтында орналастырылды, 91 КБ

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Пресс-релиз Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылды

 

Қазақстан Республикасының

Көлік және коммуникация

министрі







Ж. Қасымбек

2014 жылғы « »