Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
«2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 Қаулысы
Осы редакция 20.06.2014 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2014 жылға мынадай:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.03.2014 жылғы № 208-1 Қаулысымен (17.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап) 1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.04.2014 жылғы № 293 Қаулысымен (11.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
1) кiрiстер – 6129775352 мың теңге, оның iшiнде мыналар бойынша:
салықтық түсiмдер – 4273818283 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер – 79850486 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер – 7485463 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi – 1768621120 мың теңге;
2) шығындар – 6833672664 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредит беру – 44953725 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер – 120060192 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 75106467 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 169794509 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу – 171044509 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 1250000 мың теңге;
5) тапшылық – -918645546 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiміне қатысты 2,3 пайыз;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 918645546 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.
2. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттің жобасына енгізілген, кейінге қалдыру шарттары бар, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрліктерінің басым республикалық бюджеттік инвестицияларының тізбесі (қызмет бабында пайдалану үшін);
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
4-1) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомаларын бөлу;
2-тармақ 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 01.04.2014 жылғы № 293 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
4-2) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомаларын бөлу;
2-тармақ 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 01.04.2014 жылғы № 293 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халыққа әлеуметтік қорғау және көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде жеке кәсіпкерлікті қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілетін кредиттердің сомаларын бөлу;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
8-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.04.2014 жылғы № 293 Қаулысымен (11.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
10-1) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомаларын бөлу;
2-тармақ 10-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 01.04.2014 жылғы № 293 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыларын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
14-1) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомаларын бөлу;
2-тармақ 14-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 01.04.2014 жылғы № 293 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
15-1) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылар стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомаларын бөлу;
2-тармақ 15-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 01.04.2014 жылғы № 293 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
16) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
17) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
17-1) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомаларын бөлу;
2-тармақ 17-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 01.04.2014 жылғы № 293 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
17-2) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомаларын бөлу;
2-тармақ 17-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 01.04.2014 жылғы № 293 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
18) осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен орта білім беруде жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу бойынша сынамалауды өткізу үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін жүзеге асыруға көзделген шығыстарды беруге байланысты трансферттер түсімдері сомаларын бөлу;
19) осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің сомаларын бөлу бекітілсін.
3. 2014 жылға арналған республикалық бюджетте Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде іс-шараларды іске асыруға көзделген қаражаттан 63707166 мың теңге мөлшеріндегі сома:
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.04.2014 жылғы № 293 Қаулысымен (11.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
1) мынадай іс-шараларды қаржыландыру үшін 19433158 мың теңге сомасында облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару үшін:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне кадрларды кәсіптік даярлауға 8662640 мың теңге;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 10770518 мың теңге, оның ішінде:
жалақыны ішінара субсидиялауға – 2430973 мың теңге;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |