• Мое избранное

Отправить по почте

Беларусь Республикасының аумағында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін Беларусь Республикасы азаматтарының еңбек қызметі және оларды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатысушы болмау ниеті туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 680 қаулысы

1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі беларусь тарапын 1997 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында жасалған Беларусь Республикасының аумағында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін Беларусь Республикасы азаматтарының еңбек қызметі және оларды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатысушы болмау ниеті туралы хабардар етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Беларусь Республикасының аумағында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін Беларусь Республикасы азаматтарының еңбек қызметі және оларды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы КЕЛIСIМ
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Белорусь Республикасының Үкіметі, бұдан әрі Тараптар деп аталады, екі мемлекеттің аумағында азаматтардың еңбек қызметі мен оларды әлеуметтік қорғау саласында Тараптар арасындағы ынтымақтасты жан-жақты дамытуға ұмтыла отырып, мынаған келісті:
Осы Келісімнің күші мемлекеттердің бірінің азаматтары болып табылатын немесе оның аумағында тұрақты мекен-жайы бар (бұдан әрі кететін Мемлекет деп аталады) және өзінің еңбек қызметін белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттің (бұдан әрі жұмысқа орналасатын Мемлекет деп аталады) барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарда, ұйымдарда (бұдан әрі жұмыс берушілер деп аталады) адамдардың және олардың отбасыларының өздерінің еңбек қызметін жүзеге асырушы адамдарға (бұдан әрі қызметкерлер деп аталады) қолданылады.
Бұл Келісім босқындарға, білім алу мақсатымен арнайы келген адамдарға, қысқа мерзімге кететін еркін кәсіп адамдарына қолданылады.
Мыналар осы Келісімді іске асыруда Тараптардың өкілдігін білдіретін уәкілетті органдар (бұдан әрі Уәкілетті Органдар) болып табылады:
Қазақ Тарапынан - Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі, Беларусь Тарапынан - Беларусь Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Уәкілетті Органдардың осы Келісімнен туындайтын мәселелерді шешу үшін құзырлы органдарды тарту құқығы бар.
Осы Келісімді орындауға байланысты барлық мәселелер Тараптардың Уәкілетті Органдары арасында өзара кеңесу жолымен шешіледі. Осы мақсатпен олар екі жақты жұмыс топтарын құра алады.
1. Қызметкерлерге жұмыс алу үшін жұмысқа орналасатын Мемлекеттің еңбек жөніндегі тиісті органының осы мемлекеттік заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайда жұмысқа орналасуға рұқсаты қажет.
2. Жұмысқа орналасуға рұқсат белгілі бір жұмыс берушінің жұмысты орындау мерзіміне беріледі, бірақ ол бір жылдан аспауға тиіс.
3. Осы баптың 1-тармағында әңгіме болып отырған рұқсат қызметкер өзіне рұқсат етілген қызметтен басқа ақы төленетін ешқандай қызметпен айналыспайтын болған жағдайда ғана беріледі.
Егер қызметкердің басқа бір ақы төленетін қызметпен айналысқаны немесе жұмыс берушіні өзбетінше ауыстырғаны анықталса, онда рұқсаттың күші жойылады.
4. Еңбек шартына (контрактіге) қол қою кезінде қызметкер өзі рұқсат алған уақыттан ұзақ мерзімге жұмысқа орналасатын Мемлекеттің аумағында болмаймын және осы рұқсатта көзделген жұмыстан басқа жұмысты іздемеймін деген міндеттеме алады.
5. Қызметкермен еңбек қатынастарын жалғастыру үшін жұмыс беруші жұмысқа орналасуға рұқсат мерзімі аяқталғанға дейін бір айдан кешіктірмей оны ұзарту туралы мәселені белгіленген тәртіппен шешуі қажет.
Тараптардың әрқайсысы дипломдарды, білімі туралы куәліктерді, атақ. ғылыми дәрежелер. разряд, біліктілік туралы тиісті құжаттарды және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін қажетті басқа да құжаттарды, кететін Мемлекет аумағында белгіленген тәртіппен куәландырылған олардың жұмысқа орналасқан Мемлекеттің мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне көшкенін мойындайды (жарияламастан).
1. Қызметкердің және олардың отбасы Мүшелерінің жұмысқа орналасатын Мемлекеттің аумағына келуі, онда болуы және одан кетуі осы мемлекеттің заңдарымен реттеледі.
Қызметкердің және олардың отбасы мүшелерінің жұмысқа орналасатын Мемлекеттің аумағына келуіне осы мемлекеттің құзырлы органының талаптарына сай келетін медициналық анықтамалықтары болғанда ғана рұқсат етіледі.
2. Қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің жеке мүлікті, қажетті жұмыс құралдары мен жабдықтарды жұмысқа орналасатын Мемлекеттің аумағына әкелуі, ал қайтқан кезде - кеткен Мемлекеттің аумағына әкелуі, сондай-ақ қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің жұмысқа орналасқан Мемлекеттің аумағында сатып алған туарларын әкетуі тиісті мемлекеттің кеден заңдарында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
1) жұмыс беруші мен қызметкердің арасында белгілі бір мерзімге жасасылған еңбек шарты. контракт негізінде;
2) екі мемлекеттің шаруашылық қызметті жүргізуші субъектілері арасында жасасылған шарт негізінде басқа мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруы мүмкін, жұмысқа орналасатын Мемлекеттің аумағында белгілі бір жұмыстар мен қызметтер көлемін орындау осы шарттың мақсаты болып табылады.
Еңбек шартын (контрактіні) жұмыс беруші қызметкермен осы Мемлекеттің еңбек заңдарына сәйкес жұмысқа орналасқан Мемлекеттің мемлекеттік тілінде немесе (және) орыс тілінде жасасады және қызметтерге ол жұмысқа кеткенше тапсырылады.
Еңбек шартында (контрактіде) жұмыс беруші мен қызметкердің негізгі мәліметтері, қызметкерге қойылатын кәсіптік талаптар, жұмыстың сипаты, еңбек және оған ақы төлеу жағдайы, одан аударымдар, жұмыс уақытының және демалыс уақытының ұзақтығы, тұру жағдайы және оған ақы төлеу, сондай-ақ еңбек шартының (контрактінің) шарттары, оны бұзу шарттары, жол шығындарын өтеу тәртібі туралы мәліметтер баяндалуға тиіс.
Еңбек шарты (контракт) аяқталғаннан кейін жұмыс беруші қызметкердің еңбек кітапшасына тиісті жазу жазады және жұмыс істеген кезеңде ай сайынғы жалақысы туралы анықтама береді.
Еңбек шартын (контрактіні) бір жұмыс берушіден басқа жұмыс берушіге табыс етуге болмайды.
Егер еңбек шарты (контракт) кәсіпорынның (мекеменің, ұйымның) таратылуына немесе қайта құрылуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты бұзылса, кызметкерге аталған негіздер бойынша босатылған қызметкерлер үшін жеңілдіктер мен өтемақы қолданылады. Бұл ретте қызметкер кеткен Мемлекеттің аумағына жұмыс берушінің қаражаты есебінен қайтуға тиіс.
Қызметкерлер жұмысқа орналасқан Мемлекеттің еңбек заңдарында белгіленген құқықтарды пайдаланып міндеттерді орындайды. Жұмысқа орналасқан Мемлекетте еңбек шартының (контрактінің) қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін тұрақты тұратын жері бойынша қызметкерге жұмысқа орналасуға құқық жалпы негізде беріледі. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы заңдар бойынша және кеткен Мемлекеттің есебінен тағайындалып, төленеді.
Тараптар өздерінің аумағында тұратын немесе юрисдикциясына қарайтын барлық қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің осы Келісімде көзделген құқықтарын жыныстық нәсілдік, өң-түсі, тілі, діні мен сенімі, саяси көзқарастары, ұлттық, ұлыстық немесе әлеуметтік тегі, азаматтығы, жасы, экономикалық, мүліктік, отбасылық жағдайы немесе басқа да кез-келген белгісі жағынан қандай да болсын алалаусыз құрметтеп, қамтамасыз етуге міндеттенеді.
6-баптың 1-тармағында әңгіме болып отырған қызметкерлердің еңбек табысына салық салу жұмысқа орналасқан Мемлекеттің заңдарында белгіленген тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады. Тараптар қызметкерлердің тапқан қаражатына қосарлы салық салуға жол бермейді.
Қызметкерлерге мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қаражаты есебінен берілетін жәрдемақы мен төлемдердің барлық түрлері ұлттық заңдарға сәйкес және сақтандыру жарналары төленетін мемлекеттің есебінен жүзеге асырылады.
Қызметкерлерге мемлекеттік басқа көздердің (қаражаттың) есебінен берілетін жәрдемақы мен төлемдердің барлық түрлерін жәрдемақы алушының отбасы тұрақты тұратын мемлекет және оның ұлттық заңдарына сәйкес төлейді.
Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету жұмыс берушілердің есебінен жұмысқа орналасқан Мемлекеттің азаматтарымен тең жағдайда жүзеге асырылады.
6-баптың 1-тармағында әңгіме болып отырған қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтары құқықтарының кепілдіктері туралы келісіммен 1992 жылғы 13 наурыздағы зейнетақымен қамсыздандыру саласында немесе (және) екі жақты келісімдермен реттеледі.
Жазатайым оқиғаларды тергеу, сондай-ақ Қызметкерлердің 6-баптың 1-тармағында әңгіме болып отырған еңбек міндеттерін орындауына байланысты мертігуі не денсаулығына өзге де зақым келтірілуі салдарынан алған зиянды оларға өтеу мәселелері Қызметкерлердің өздері тұратын мемлекеттерден тыс жерлерде жүргенде олармен өндірісте болған жазатайым оқиғаларды тексеру тәртібі туралы 1994 жылғы 9 желтоқсандағы Келісіммен және Қызметкерлерге мертігу, кәсіптік сырқат не олардың еңбек міндеттерін орындауына байланысты келтірілген зиянды өтеу құқығын өзара тану туралы 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Келісіммен реттеледі, бұл келісімдерге Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қол қойған.
Қызметкер қайтыс болған жағдайда жұмыс беруші кеткен Мемлекеттің аумағында қайтыс болған адамның мүрдесін және жеке мүлкін тасымалдауды ұйымдастырады, оларға байланысты шығындардың бәрін көтереді, осы мемлекеттің дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне хабарлап, қайтыс болу фактісі жөніндегі материалдарды табыс етеді.
Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерінен баратын жеріне дейінгі жолына жұмсалатын шығысты, олардың науқастануына немесе стационарда емделуіне байланысты жол шығынын, олардың жеке мүлкін кеткен Мемлекетің аумағынан жұмысқа орналасатын Мемлекеттің аумағына тасымалдауға байланысты шығыстарды және еңбек шарты (контракт) аяқталғаннан кейін қайтар жолға жұмсалатын шығыстарды да жұмыс беруші көтереді.
Еңбек шарты (контракт) қызметкердің бастамасымен бұзылған жағдайда аталған шығындарды соңғысы көтереді.
Жұмыс беруші қызметкер мен оның отбасы мүшелеріне жұмысқа орналасқан Мемлекеттің заңдарына сәйкес тұрғын үй береді.
Қызметкерлер табылған қаражатты кеткен Мемлекеттің аумағына аударуды жұмысқа орналасқан Мемлекеттің заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы мен Белорусь Республикасы қатысушы болып табылатын екі жақты және көп жақты келісімдерді ескере отырып жүзеге асырады.
Тараптар шарттық міндеттемелердің орындалуын мүмкін етпейтін немесе оны тиімсіз ететін дүлей апаттар, саяси ахуалдың нашарлауы (соғыс қимылдары, дипломатиялық қатынастардың үзілуі) салдарынан қызметкерлердің міндеттемелерді ішінара орындалғаны немесе толық орындалмағаны үшін жауапкершілік жүктелуіне келісті.
Жоғарыда аталған себептер бойынша міндеттемелер уақтылы орындалмаған жағдайда орындау мерзімі осындай мән-жайлар әрекет ететін уақыттың барлық кезеңіне ауыстырылады немесе міндеттемелерді орындаудың күші жойылады.
Міндеттемелерді орындау мүмкін болмайтын Тарап дәлелдерді келтіре отырып мұны басқа Тарапқа хабарлауға міндетті.
Тараптар осы Келісімнің іске асырылуына жәрдемдесу мақсатында ынтымақтасып, өзара көмек көрсетеді.
еңбек, жұмыспен қамту, көшіп кету және көшіп келу саласындағы ұлттық заңдар мен басқа да актілер туралы, соның ішін-де қызметкерлердің тұрмыс жағдайы туралы;
кетуші (келуші) қызметкерлердің сандық және сапалық құралы туралы бір-біріне хабарлайды.
Ұлттық, еңбек рыноктарындағы ахуал өзгергенде Тараптар басқа Тараптың қызметкерлерін қабылдауға шек қоюы мүмкін, бұл жайында дереу бір-біріне хабарлайды.
Уәкілетті Органдар кеткен Мемлекеттің құзыретті органдарының осындай қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқ делдалдардың қызметкерлерді жұмысқа орналастыруына жол бермеу мақсатымен қажетті шаралар қолданады.
Бір мемлекеттің аумағында тұратын кез-келген адам осы Келісімнің іске асырылуына қатысты мәселелер бойынша тікелей немесе тұрған жеріндегі Уәкілетті Орган арқылы басқа Тараптың Уәкілетті Органына жүгіне алады.
Бір Тараптың Уәкілетті Органы Басқа Тараптың Уәкілетті Органына оның сұрау салуы бойынша осы Келісім бойынша жәрдемақы мен төлемдер төлеу үшін қажетті құжаттар мен архив материалдарын табыс етеді.
1. Осы Келісім екі мемлекеттің заңдарына сәйкес бекітілуге тиіс.
Тараптар ноталар алмасу жолымен осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік іс-шаралардың орындалуы туралы бірін-бірі хабардар етеді.
Соңғы нотаны алған күн - Келісімнің күшіне енген күні деп саналады.
2. Осы Келісім 5 жыл мерзімге жасасылады. Егер Тараптардың бірде-бірі Келісімді қолданудың тиісті мерзімі өтпей тұрғанда кемінде 6 ай бұрын оның күшін тоқтатпақ ниетте екенін басқа Тарапқа жазбаша хабарламаса, оның күші әрбір келесі жылға өзінен-өзі ұзартылады.
Келісімнің күші тоқтатылған жағдайда оның ережелері қызметкерлердің жұмыс берушілермен жасасқан еңбек шарттары (контрактілер) олардың жасасылған мерзімі өткенге дейін күшінде қалады.
3. Осы Келісімнің ережелері Тараптардың өзара келісуі бойынша өзгертіліп, толықтырылуы мүмкін, ол осы Келісімнің ажырағысыз бөлігі болатын тиісті хаттамалармен ресімделеді.
Алматы қаласында 1997 жылы 23 қыркүйекте екі данада, әрқайсысы қазақ, белорусь және орыс тілдерінде жасалды және әр тексінің күші бірдей. Тексті талқылағанда әртүрлі пікірлер туындаған жағдайда орыс тіліндегі данасы пайдаланылады.
Бұдан әрі Келісімнің белорусь тіліндегі мәтіні қоса берілген.