• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенінің аумағында кәсіпорындар мен ұйымдардың, әскери бөлімдердің, басқа да заңды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты бөлігіндегі қызметінің тәртібі туралы хаттамаға қол қою туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенінің аумағында кәсіпорындар мен ұйымдардың, әскери бөлімдердің, басқа да заңды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты бөлігіндегі қызметінің тәртібі туралы хаттамаға қол қою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 682 қаулысы

Редакция 25.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенінің аумағында кәсіпорындар мен ұйымдардың, әскери бөлімдердің, басқа да заңды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты бөлігіндегі қызметінің тәртібі туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Владимир Сергеевич Школьникке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенінің аумағында кәсіпорындар мен ұйымдардың, әскери бөлімдердің, басқа да заңды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты бөлігіндегі қызметінің тәртібі туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.09.2014 жылғы № 1019 Қаулысымен (19.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов 
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2014 жылғы 19 маусымдағы
 № 682 қаулысымен
 мақұлданған
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенінің аумағында кәсіпорындар мен ұйымдардың, әскери бөлімдердің, басқа да заңды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты бөлігіндегі қызметінің тәртібі туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
2005 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін Ресей Федерациясының жалға алуы жағдайында оның аумағында экология және табиғатты пайдалану жөніндегі келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 2-бабын назарға ала отырып,
1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалдау шартының (бұдан әрі – Жалдау шарты) ережелерін негізге ала отырып, 
төмендегілер туралы келісті:
1-бап. Жалпы ережелер
«Байқоңыр» кешеніндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың, әскери бөлімдердің, басқа да заңды тұлғалардың (ведомстволық тиесілігіне қарамастан) әрекеттері төтенше экологиялық жағдайдың немесе экологиялық зілзаланың туындауына әкеп соқтырған жағдайларды қоспағанда, «Байқоңыр» кешенінің аумағындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың, әскери бөлімдердің, басқа да заңды тұлғалардың (ведомстволық тиесілігіне қарамастан) табиғи ресурстарды пайдаланумен және қоршаған ортаға әсер етумен байланысты шаруашылық және өзге де қызметі осы Хаттаманы және «Байқоңыр» кешені бойынша басқа да екіжақты келісімдерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) нормаларына және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті регламенттейтін және осы Хаттаманы жасау кезінде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Осы әрекеттерге қатысты оларды анықтау кезінде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы қолданылады.
2-бап. Тараптардың уәкілетті органдары
2-бап өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.09.2014 жылғы № 1019 Қаулысымен (19.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Хаттаманың мақсаттары үшін Тараптардың уәкілетті органдары:
Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;
Ресей тарапынан – Федералдық ғарыш агенттігі және Байқоңыр қаласының әкімшілігі болып табылады.
3-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама
Тараптардың уәкілетті органдары «Байқоңыр» ғарыш айлағында пайдалануға жоспарланып отырған ресейлік зымыран-ғарыш техникасына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының атқарушы билік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекітеді.