• Мое избранное
«Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН: 
1. Бекітілсін:
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негіздеме негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеулік аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін; аңшылық шаруашылығы; қосымша орман пайдалану қажеттілігіне ұзақ мерзімді орман пайдалану үшін орман ресурстары берілетін мемлекеттік орман қоры жерлерінде учаскелерді құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2011 жылғы 27 шілдеде № 7091 нөмірімен бекітілген «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 14-1/358 бұйрығы күшін жойды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су және биологиялық ресурстар департаментіне (Коваль И. А.) Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен (Азбаев Б.О.) бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Е.Н. Нысанбаевқа жүктелсін.  
5. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің 
міндетін атқарушы Е. Нысанбаев
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің
 2014 жылғы ______________
 № ______бұйрығына
1-қосымша
 «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында   
 тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет   
регламенті 
Жалпы ережелер 
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Осы регламент «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабы 14-3) тармақшасына сәйкес және «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 512 қаулысының негізінде (бұдан әрі – Қағидалар) әзірленді.  
Осы регламентте «жолдама» – Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыруға құқық беретін осы қорықтың жазбаша рұқсаты ұғымы пайдаланылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш қабылдау және оның нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жолдама (қағазға басылған) беру болып табылады.  
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрекет жасау тәртібінің сипаттамасы 
4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (әрекетті) бастауға көрсетілетін қызметті берушіге берілген құжаттар қоса тіркелген көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің болуы негіз болып табылады.  
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, орындау ұзақтығы:
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі маманының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға көрсетілетін қызметті алушылардан қағазға басылған күйінде келіп түскен өтінішті ол келіп түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті беруші қорығының басшысына қарауға беруі;
көрсетілетін қызметті беруші қорығы басшысының құжаттың мазмұнымен танысуы және қарар қойып, құжатты көрсетілетін қызметті беруші қорығының маманына беруі;
көрсетілетін қызметті беруші қорығының маманы 1 (бір) жұмыс күні ішінде стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес берілген құжаттардың түгел болуын және дұрыc ресімделуін тексереді;
көрсетілетін қызметті алушы берген құжаттар сәйкес келген жағдайда қорық басшысының қолы қойылған мемлекеттік қызмет көрсету туралы оң шешім әзірлеуі;
жолдама беруді көрсетілетін қызметті беруші қорығының маманы жүзеге асырады, жолдама беру кезінде қорық маманы көрсетілетін қызметті алушыны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларымен таныстырады.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (әрекеттің) мына рәсімдерді (әрекеттерді) орындай бастауға негіз болатын нәтижелері:
кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
берілген құжаттардың түгел болуы және шынайылығы;
көрсетілетін қызметті беруші қорығының басшысы қол қойып, мөрмен куәландырылған құжат.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрекет жасау тәртібінің сипаттамасы 
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) қорық маманы;
2) қорық басшысы;
3) қорық инспекторы.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің арасындағы рәсімдер (әрекеттер) дәйектілігінің сипаттамасы: